Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Алгебра 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет17/23
Дата16.01.2020
өлшемі1,09 Mb.
#55939
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
!1-ФО Алгебра 8 сынып қаз



3-ТОҚСАН

Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

  • Мәтінді есепті квадрат теңдеудің көмегімен шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

a) Тіктөртбұрыштың бір қабырғасы екіншісінен 6 см-ге артық, ал ауданы 112см2 болса, тіктөртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.


b) Квадраты берілген санның өзінен 72-ге артық болатын санды табыңыз.
c) Аудармашы х сағаттың ішінде сағатына х+2 бет аудара отырып, барлығы 15 бет қолжазбаны аударды. Аудармашы барлық қолжазбаны неше сағатта аударды, және сағатына неше беттен аударып отырды?
d) Архат тіктөртбұрыш тәріздес бақшаны декоративті тастармен қоршағысы келді. Бақшаның периметрі 68м, ал ауданы 240 м2 болу үшін оның өлшемдері қандай болуы керек?
Дескриптор: Білім алушы

  • есептің шарты бойынша теңдеу құрады;

  • теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

  • теңдеуді шешеді;

  • теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.


Бөлім: «Квадрат теңдеулер»


Оқу мақсаты

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептің шарты бойынша математикалық моделін құрады

  • Мәтінді есепті бөлшек-рационал теңдеудің көмегімен шешеді




Ойлау дағдыларының деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағат 20 минут жұмсайды. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз.




  1. Бірінші жұмысшы 475 деталь дайындау үшін, екінші жұмысшы 550 деталь дайындауға кеткен уақыттан 6 сағ уақыт кем жұмсайды. Бірінші жұмысшы екінші жұмысшыға қарағанда сағатына 3 деталь артық жасайтыны белгілі болса, бірінші жұмысшы 1 сағатта қанша деталь жасайтынын табыңыз?


Дескриптор: Білім алушы

  • есеп шарты бойынша математикалық моделін құрады;

  • есептің шарты бойынша бөлшек-рационал теңдеу құрады;

  • алынған теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді;

  • теңдеуді шешу әдісін таңдайды;

  • теңдеуді шешеді;

  • теңдеудің түбірлерінің есеп шартына сай екендігін тексеріп, жауабын жазады.


Бөлім:«Квадраттық функция»


Оқу мақсаты

8.4.1.2 және

түріндегі квадраттық функциялардың қасиеттерін білу және графиктерін салу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін анықтайды

  • түрдегі квадраттық функцияның графигін салады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

1-тапсырма

Берілген функциялардан параболаның тармақтарының бағытын және төбесінің координаталарын анықтаңыз.


a) y=3x2 b) y=-x2-4 c) y=-2(x+5)2+3 d) y=4(x-7)2
Дескриптор: Білім алушы

  • параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

  • параболаның төбесінің координатасын анықтайды.



2-тапсырма

y=-(x-2)2+5 функциясы берілген

a) параболаның тармақтарының бағытын анықтаңыз;

b) төбесінің координаталарын анықтаңыз;

c) симметрия осін табыңыз;

d) қосымша мәндер беріп, график салыңыз;

e) графиктің көмегімен функцияның анықталу облысын, мәндер облысын, өсу, кему аралықтарын, функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін анықтаңыз.


Дескриптор: Білім алушы

  • параболаның тармақтарының бағытын анықтайды;

  • параболаның төбесінің координатасын анықтайды;

  • симметрия осін табады;

  • квадраттық функциясының графигін салады;

  • функцияның анықталу облысын, мәндер облысын жазады;

  • функцияның өсу, кему аралығын жазады;

  • функцияның ең үлкен, ең кіші мәнін жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет