Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



бет26/38
Дата22.05.2020
өлшемі468,29 Kb.
#70560
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38
Байланысты:
18-osh fo aza-tl-men-debiet t2 8-syn

Бағалау критерийі

Білім алушы


Екі мәтіннің ортақ идеясын, оқиға желісін бақылайды,

салыстырып, талдайды




Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма
Мәтіндерді оқып, төмендегі аспект бойынша салыстырыңыз.
1-мәтін

Төле би Əлібекұлы (1663 – 1756 жж.) – қазақтың би-шешені, мемлекет жəне қоғам

қайраткері, ойшыл дана. Ұлы жүздің төбе биі.

Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады. Қазақтың аңыз-əңгіме, өлең-жырларын, шежіре-тарихтарын ел арасынан тыңдап, өзінен бұрынғы өткен шешен билер мен хандардың, əсіресе, өзінің бабалары – Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді төреліктері мен өнегелі нақыл-шешен сөздерін ойында сақтап өседі.

Əкесі Əлібек шешен, сауатты жəне ел əңгімелерін жақсы білетін адам болған. Ол ұлының ерте есейіп, сол кездегі атақты билерден бата алуына себін тигізеді. Төле бала жасынан əкесіне еріп жүріп ел көреді, жұрт таниды. Он бес жасынан ел билігіне араласып, өзінің ақыл-парасаты, əділ шешімі, шешендік өнерімен көзге түсе бастайды. Ол жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады.

Төле бидің əділдігі, ойға жүйрік, сөзге шешендігі жұртшылыққа оны белгілі, сыйлы етеді. Сонымен бірге қазақ халқын біріктіру, Қазақ мемлекеттігін нығайту, халық атынан сөйлеп, шешім шығару Төле бидің өмірлік мұраты болды. Төле би Абылай ханның «Төбе биі» болып, Ташкентте өмірінің ақырғы жылдарына дейін Ұлы жүзді басқарып тұрған.


2-мәтін

Қазыбек би Келдібекұлы (1667 – 1764 жж.) – қазақтың белгілі би-шешені, мемлекет

жəне қоғам қайраткері. Орта жүздің төбе биі.

Қазыбектің əкесі Келдібек кезінде елді аузына қаратқан белгілі шешен, би болыпты. Анасы Тоқмейіл де ұтымды да тапқыр сөйлейтін зерек жан екен. Кішкентайынан осындай ортада өскен Қазыбек бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек», «Алты Алаштың ардағы» деген атаққа ие болады.

Қазыбек жасынан ел əңгімелерін, нақыл-өсиет сөздерін естіп өседі. Əке тəрбиесі мен би-шешендердің əсер-ықпалы да көп көмек етеді. Жастайынан ел билігіне араласып, адалдықты жақтайды, əділеттілікті, бейбіт жолды қалайды.

Қаз дауысты Қазыбек кезінде атақты да беделді билердің бірі атанды. Ол Абылай, Тəуке, Əбілмəмбет, Семеке хандардың тұсында халық қамы үшін ел қорғау ісіне белсене араласты. Төле, Əйтеке билермен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті ұйымдастырушылардың бірі болып, елдің азаттығы үшін аянбай тер төкті. Абылай жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға елшілікке барған. Сондай-ақ ол Ресей, Бұхар, Хиуа мемлекеттері арасындағы еларалық мəселелерге араласып, аразды татуластырып, алысты жақындастырып отырған мəмілегер ретінде танылды. «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деп , бейбітшілік пен достықты дəріптеп, елшілік қызметті мінсіз атқарған тұңғыш дипломат болды.

38





Салыстыру аспектісі

1-мәтін

2-мәтін



















Мәтіндердегі ұқсас




1.

1.




эпизодтар



















2.

2.










3.

3.




Екі мәтінге ортақ идея
























Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет