• Көтерілетін мәселені мәтін тақырыбы, тірек сөздер,
иллюстрациялар арқылы болжайды
Тапсырма
Балықтың басы - мәтін тақырыбы;
Балықтың жоғары қаңқалары – мәтіндегі 3 мәселе;
Балықтың төменгі қаңқалары – мәтіндегі 3 мәселенің маңызды болу себебі; Балықтың құйрығы – мәселе шешімін болжап жазыңыз.
Хан сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста Исатай оққа ұшып, Махамбеттің жалғыздық
зарын шеккеніне сегіз жыл, үш ай. Ұзақ уақыттың ішінде жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
Тұңғыш ұлы Жәңгір ханмен соғыста оққа ұшты. Ортаншы ұлы Баймағамбет сұлтанмен
шайқаста жараланып өлді. Махамбет ауыр күрсінді. Арыстан ұлдарын жоқтап, ішінен
жыламсырады. Жүрегі елжіреп, көкірегі сағынышқа толды. Әуес күйеуінің қара торы
дидары мұңға толғанын байқады. Өзі де күрсініп еді, көзінің жасы бірге шықты.
Жаулығының ұшымен сүртіп жатып:
Қарақтарым бір аунап түсті-ау! - деді.
Махамбеттің де көзіне жас тығылды. Өзін де, жұбайын да аяп, сыртқа шыға бергенде, Әуес тозығы жеткен ыдыспен сусын ұсынды. Сапырылған шұбаттың исі аңқыды. Тәбетім тартпайды. Өзің іш, - деді Махамбет.
Дескриптор Білім алушы
мәтінге тақырып қояды;
мәтіндегі негізгі мәселені анықтайды;
мәселенің маңызды болу себебін түсіндіреді;
мәселенің шешімін жазады.
37