Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет16/32
Дата12.02.2022
өлшемі404,51 Kb.
#131588
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
2-osh fo aza-tl t1 6-syn.docx
Notes 200418 180720 cef, Баскетбол тарихы, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тәртіп
Бағалау критерийі Білім алушы

Мәтіннің тақырыбын, келесі бөлігіндегі


мәселені болжайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану


Тапсырма

  1. Берілген сөздерге қарап, мәтіннің атауын талқылаңыз.

Хан сайлау, үш жүз, Сабалақ, малшы.





  1. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің не туралы екенін болжап, өз жауабыңызбен салыстырыңыз. Көнерген сөздерді ажыратыңыз.



Абылай туралы аңыз
Жиырмаға жетпеген жас Абылай хан қасында Оразаулық деген сарт жолдасы бар, Есіл бойында Атығай, Қарауыл деген елге келіп, Дәулеткелді байдың жылқысын бағып, жылқышы болып жүріпті: - Атың кім? - деп сұрағанға: - Атым Сабалақ! - депті. Бай бәйбішесіне айтыпты: (Осы жерден тоқтатылып, оқушылар болжамы тыңдалады)



    • Өзге жалшыдай көрме, мұны, күте гөр! Бойында қасиеті бар екен. «Қалайша» десең, алты күн, алты түн аш жүрсе де, өз қолымен бір ас құйып ішпейді. Ол жарты аяқ ас ішсе де, сарқытын біреуге бермей, ішпейді. Өзі жерге бір отырмайды.

Сол уақытта қазақтың жылқысын түп көтере қара қалмақ Қатысыбан деген жау алыпты. Қазақ «қылқұйрық» деп көтеріле аттаныпты. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Көкжаралы көкжал Барақ, Шанышқылы Бердіқожа, Сырым Малайсары, керей, уақтан шыққан Сары, Баян бәрі аттанып, қалмаққа барса, қалмақ шеп құрып, қазаққа алдырмапты. Неше күн жатып, «сасық қамал» болып, қалмақтан жылқысын айыра алмай, «салы суға кетіп» қайтпақшы болыпты.
Сонда жылқының соңынан қалмай қуған жылқышылардың бірі Сабалақ қазақтың қайтарына көзі жеткен соң, көптен оңаша шығып, атынан түсіп, шүберек белбеуін құрығының басына байлап, ту қылып, қалмақтың қамалына «Абылай!» деп жалғыз кетті дейді. Құданың құдіретінің шеберлігінің тамашасы, өзіне атса оқ өтпейді, шапса қылыш өтпейді. «Кірген жерін есік, шыққан жерін тесік» қылып, жападан-жалғыз өзі қалмақтың қамалын бұзып, жылқының жусау тезегіндей топырлатып тастаған соң, қазақтың батырлары тұс-тұсынан кіріп, қалмақты жебір-жесір қылып шауып, талап, шаш-етектен олжаға қарық болысып қайтысыпты. Жауды жеңіп, көңілдері тынған соң арғын, найманның батырлары:

  • Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалған жоқ, бәрі дәнемеге жарамады. Бұл өзі жалғыз болса да тегі, заты кім екені белгісіз болса да, бәрімізден бақ-талайы жоғары, аруағы күшті екен. Бұрынғының сөзі бар еді «қой асығы деме, қолайыңа жақса сақа қой» деген. Кел, осыны хан көтерелік! - деп әу десіп, Атығай Есенаман байдың еркесіне алып келіп, ақ отау көтеріп, ақ кигізге салып, хан көтерген екен.



Дескриптор Білім алушы

-мәтіннің атауын талқылайды;


-алғашқы бөлігі арқылы мәселені болжайды;
- көнерген сөздерді ажыратады;
-өз болжамдарымен салыстырады.

16


Оқу мақсаты 6.2.7.1 – энциклопедия, сөздік, балаларға

арналған газет-журналдардан қажетті


ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет