Бағалау критерийі
Білім алушы
• Спорттық техниканы орындағанда дағдылар мен
реттілікті анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
«Мәреге» деп аталатын жаттығу ойынын ойнаңыздар. 20 x 20 метрлі торда конуспен СӨРЕ және МӘРЕ сызығын белгілеңіз. Ойыншылар берілген сызыққа ішпен жатады. Егер мұғалім « МӘРЕГЕ. НАЗАР САЛЫҢЫЗДАР. ЖҮГІР.» деген белгі берсе, ойыншылар жүгіреді. Ал егер мұғалім « МӘРЕГЕ. НАЗАР САЛЫҢЫЗДАР. ЖАТТЫҒУ.» деген белгі берсе ойыншылар бір орында жүгіреді.
Дескриптор Білім алушы
− сөре және мәре командасын орындайды;
− берілген команданың реттілігін бұзбай орындайды;
− қарапайым спорттық техникаларды орындау барысындағы дағдыларды анықтайды.
52
ЖОБА
Тақырып
Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын білу және түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Спорттық техниканы орындағанда дағдылар мен
реттілікті анықтайды
• Қозғалыс дағдыларын орындайды және жетілдіреді,
бір-бірімен байланыстырады
• Денсаулықты сақтаудың маңыздылығын жаттығу
жұмыстарын орындауда анықтайды
|