«Жұмыс және қуат» бөлімі
Тақырып «Механикалық жұмыс. Қуат»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.1 - механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Механикалық жұмысқа сипаттама береді
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Төменде суреттерде берілген жағдайларда механикалық жұмыс жасалады ма?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
механикалық жұмысты анықтайды.
|
Тақырып «Механикалық жұмыс. Қуат»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.7 - қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Массалары әртүрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтерілді. Бұл жағдайда олар бірдей қуат өндіре ме? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
Төменде суретте қол арасы мен электр арасы берілген. Олардың қуаттарын салыстырыңыз. «Механикалық қуат» терминін қалай түсінесіз?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
денелер қуаттарын салыстырады;
механикалық қуатқа анықтама береді.
|
Тақырып «Механикалық жұмыс. Қуат»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.8 - механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Механикалық жұмыс пен қуат мәндерін анықтайды
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
|
Тапсырма 1
Көлемі 2 м3 гранит тақтасын 24 м биіктікке көтергенде қандай жұмыс атқарылады?
Көтергіш кран массасы 3000 кг жүкті көтеріп, 170 кДж жұмыс атқарды. Көтергіш кран жүкті қандай биіктікке көтерген?
Минутына 1000 л суды 20 м биіктікке көтеретін сорғының қуаты неге тең?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
есептерді шешуде қуат және жұмыс формулаларын қолданады.
|
4-тоқсан «Энергия» бөлімі
Тақырып «Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Кинетикалық және потенциалдық энергияларды ажыратады
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Суретте кескінделген денелердің қайсысы кинетикалық энергияға, қайсысы потенциалдық энергияға ие болады?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- кинетикалық және потенциалдық энергияларды анықтайды.
|
Тақырып «Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолданады
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
|
Тапсырма 1
Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с-қа артты. Осы жолдағы кинетикалық энергияның өзгерісін табыңыз.
«Союз» сериялы ғарышкеменің массасы 6,6 т болса, оның орбита бойымен 7,8 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?
Массасы 9 г оқ винтовка ұңғысынан 750 м/с жылдамдықпен шығады. Оның кинетикалық энергиясы қандай?
9 м/с жылдамдықпен қозғалатын 6 кг дененің кинетикалық энергиясы неге тең?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- кинетикалық энергия формуласын есеп шығаруда қолданады.
|
Тақырып «Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Есеп шығаруда жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолданады
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
|
Тапсырма 1
Жер бетінен 3,5 м биіктікке көтерілген массасы 6 кг дененің потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
Массасы 450 кг денені 50 см биіктікке көтергендегі потенциалдық энергияны анықтаңыз.
Қандай биіктікте массасы 2 т жүктің потенциалдық энергиясы 10 кДж-ға тең?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- потенциалдық энергияның формуласын қолданады.
|
Тақырып «Энергияның сақталуы және айналуы»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.5 - энергияның түрленуіне мысалдар келтіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Энергияның түрленуін анықтайды
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Суреттегі денелер қандай энергияларға ие? Қандай энергия түрленулері болып жатыр?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- энергияның бір түрден екінші түрге өтуін сипаттайды.
|
Тақырып «Энергияның сақталуы және айналуы»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолданады
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
|
Тапсырма 1
Массасы 100 г, тік жоғары қарай 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған дененің көтерілгендегі ең жоғарғы нүктедегі потенциалдық энергиясын анықтаңыз.
Массасы 400 г, 2 м биіктіктен құлап түскен дененің жерге соқтығысуы алдындағы кинетикалық энергиясын анықтаңыз.
Массасы 0,5 кг дене 4 м/с жылдамдықпен тік жоғары қарай лақтырылған. Ең жоғары биіктікке дейін көтерілгенде ауырлық күшінің жұмысын, потенциалдық энергияның өзгерісін анықтаңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- механикалық энергияның сақталу заңын қолданады.
|
Тапсырма 2
Тас жер бетінен белгілі бір жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылды. Тастың қозғалыс траекториясы суретте көрсетілген.
А, В, С нүктелеріндегі доптың потенциалдық, кинетикалық және толық механикалық энергиялары арасындағы қатынасты сипаттайтын диаграмманы тұрғызыңыз. Потенциалдық энергияны бояу үшін көк түсті, кинетикалық энергия үшін – жасыл, толық механикалық энергия үшін – қара түсті қарындашты пайдаланыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
- механикалық энергияның сақталу заңын қолданады;
- тастың қозғалыс басталған уақыттағы энергияларын анықтайды;
- тастың максимал биіктікке көтерілген уақытындағы энергияларын анықтайды;
- тастың С нүктесінде болған уақытындағы энергияларын анықтайды.
|
«Күш моменті» бөлімі
Тақырып «Жай механизмдер»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.1 - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
«Механиканың алтын ережесін» түсіндіреді
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Өмірде қолданылатын қарапайым механизмдерге мысал келтіріңіз.
Суреттерді сипаттаңыз. Қай жағдайда аз күш жұмсалады, неліктен?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
жай механизмдердің қолданылуына мысал келтіреді;
суреттерді салыстырып, күш аз жұмсалатын жағдайды анықтайды.
|
Тақырып «Жай механизмдер»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.2 - күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Күш моментіне анықтама береді
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
|
|
Тапсырма 1
Шырпыны ортасынан сындырыңыз, алынған бөліктерді тағы да ортасынан сындырыңыз және бөліктер тым ұсақ болғанға дейін осылайша шырпыны бөле беріңіз. Неліктен ұсақ бөліктерді сындыру үлкен бөліктерді сындыруға қарағанда қиын?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
күш моменті қандай физикалық шамаға тәуелді екенін түсіндіреді.
|
Тапсырма 2
Бауыржан болаттан жасалған есікті аз күш жұмсап жабу үшін А және В нүктелерінің қайсысына күш түсіруі керек? Неліктен?
Дескриптор Білім алушы
әр нүктеге түсірілетін күш моментін анықтайды;
күш моменттерін салыстыру арқылы күш түсіру нүктесін анықтайды.
Тақырып «Дененің массалық центрі.
Жазық фигураның массалық центрін анықтау»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.3 - жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Жазық фигураның массалар центрін анықтайды
|
Тапсырма 1
Қ ұрал-жабдықтар: қатырма қағаз, қайшы, жіп, штатив, тіктеуіш, қағаз түйрегіш.
Қатырма қағаздан әр түрлі фигуралар қиып алыңыз.
Денені штативке бекітілген түйрегішке әртүрлі шеттерінен іліңіз.
Түйрегішке тіктеуіш байланған жіпті іліңіз.
Ілу нүктелерінен жіп бойымен вертикаль түзу жүргізіңіз.
Түзулердің қиылысу нүктесін белгілеңіз.
Фигураны қиылысу нүктесінен түйрегішке немесе қаламсап ұшына қойыңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Массалар центрі ұғымын қалай түсінесіз?
Моменттер ережесін осы жазық фигура үшін тұжырымдаңыз.
Дескриптор
|
Білім алушы
тәжірибені орындайды;
массалар центріне анықтама береді;
моменттер ережесін массалар центрін анықтау тәжірибесімен байланыстырады.
|
Тақырып «Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.5 Тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын тексереді
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Жоғары деңгей деңгейлері
|
Иіндіктің тепе-теңдік шарттарынын анықтау
Мақсаты: күш моменттері ережесінің дұрыстығын иінтіректі пайдаланып, эксперимент жүзінде тексеру.
Құрал-жабдықтар: штативке орнатылған иіндік, жүктер жиынтығы, сызғыш, динамометр.
Тапсырма 1
Екі күштің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
Оқулықтағы «Иіндік», «Иіндікке түскен күштердің тепе-теңдігі», «Күш моменттері» туралы материалдарды қайталаңыз.
Иіндіктің екі ұшындағы бұрандаларды бұрап, оны горизонталь орналасатындай етіп теңгеріңіз.
Иіндіктің сол айналу білігінен l1 қашықтыққа массаларының қосындысы m1 болатын екі жүк іліңіз.
Иіндіктің оң жағына оны тепе-теңдікке келтіретін бір жүкті айналу білігінен қандай l 2 арақашықтықта ілуге болатынын анықтаңыз.
Алынған мәліметтерді төмендегі кестеге жазыңыз.
М1 және М2 күш моменттерін салыстыра отырып, алынған эксперимент нәтижелерінің күш моменттер ережесінен қаншылықты ауытқитындығын анықтаңыз. Ауытқуды анықтау үшін күш моменттерінің айырымын (М1 - М2) олардың орташа мәніне бөлу керек:
Ауытқу = (М1 - М2) : (М1 + М2)/2·100%
Масса, m1(г)
|
Иін, l1
(см)
|
Күш,
F1 (Н)
|
Күш моменті,
М1 (Н·м)
|
Масса,
m 2 (г)
|
Иін,
l2
(см)
|
Күш,
F2 (Н)
|
Күш моменті,
М2 (Н·м)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Тапсырма 2
Әр түрлі нүктелерге түсірілген күштердің әрекетіндегі иіндіктің тепе-теңдік шартын тексеру.
Жұмыстың барысы:
біліктің екі жағындағы кез келген ілгекке әр түрлі жүкті іле отырып, иіндікті тепе-теңдік күйге келтіріңіз;
иіндікті сағат тілінің бағытында айналдыратын күштердің күш моменттерінің қосындысын табыңыз:
Моң = М1 + М2 + ... + Мn
иіндікті сағат тіліне кері бағытта айналдыратын күштердің күш моментттерінің қосындысын анықтаңыз:
Мсол = М1 + М2 + ... + Мк
оң және теріс күш моменттерін салыстыра отырып, экспериментте алынған нәтижелердің моменттер ережесіне сәйкестігін көрсетіңіз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
моменттер ережесін түсіндіреді;
иіндіктің тепе-теңдік шарттарын жазады;
иіндіктің оң және сол жағына әсер ететін моменттерді анықтап, салыстырады.
|
Тақырып «Иіндіктің тепе-теңдік шарты»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.4 - тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Күш моменттер ережесін есептер шығаруда қолданады
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
Қолдану
|
Тапсырма 1
Рычагтың ұштарына 4 Н және 36 Н күш әсер етеді. Рычагтың ұзындығы 2 м. Егер рычаг тепе-теңдік қалыпта болса, оның тіреу нүктесі қай жерде болғаны?
Салмақсыз рычаг тепе-теңдікте тұр (сурет). Егер рычагтың ұзындығы 40 см, АВ = 30 см, m2 = 6 кг болса, m1 жүктің массасы неге тең?
|
Дескриптор
|
Білім алушы
моменттер ережесін жазады;
күш иінін анықтайды;
белгісіз жүк массасын анықтайды.
|
Тақырып «Пайдалы әрекет коэффициенті.
Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау»
|
Оқу мақсаттары
|
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Механизмдер ПӘК-ін анықтайды
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Қолдану
|
Тапсырма 1
Жұмысшы массасы 50 кг арбаны 80 см биіктікке 125 Н күш жұмсай отырып итеріп шығарды. Жазықтықтың ұзындығы 4 м.
а) пайдалы жұмысты анықтаңыз.
b) толық жұмысты анықтаңыз.
с) көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтаңыз.
|
|
|
Дескриптор
|
Білім алушы
пайдалы жұмысты анықтайды;
толық жұмысты анықтайды;
жазықтықтың ПӘК-ін анықтайды.
|
«Жер және Ғарыш» бөлімі
Тақырып «Аспан денелері туралы ғылым»
|
Оқу мақсаттары
|
7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстырады
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тапсырма 1
1. Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерге анықтама беріңіз.
2. Геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстырыңыз.
|
Дескриптор
|
Білім алушы
геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерге анықтама береді;
геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстырады.
|
Тақырып «Күн жүйесі»
|
Оқу мақсаттары
|
7.7.1.2 - күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Күн жүйесінің нысандарын жүйелейді
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Күн жүйесіндегі ғаламшарларды екі топқа бөлуге болады:
Жер тобына жататын ғаламшарлар
Алып ғаламашарлар
Төменде берілген кестеге сәйкес ғаламшарларды жазыңыз.
Жер тобына жататын ғаламшарлар
|
Алып ғаламшарлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Күн жүйесінің сызбасын сызыңыз.
Дескриптор Білім алушы
Күн жүйесіне енетін ғаламшарларды топқа бөледі;
Күн жүйесінің сызбасын сызады.
|
Тақырып «Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)»
|
Оқу мақсаттары
|
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
|
|
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Жердің қозғалысына байланысты күн мен түннің ұзақтығын анықтайды
|
|
|
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
|
Білу және түсіну
|
Тапсырма 1
Төменде берілген суретте Күн сәулелері Жер ғаламшарын жарықтандырады. Жердің көлбеу орналасқандығына назар аударыңыз! Жердің өз осінен айналуына байланысты А-дан Е-ге дейінгі нүктелері 24 сағаттың ішіндегі белгілі бір уақытты не қараңғыда, не жарықта өткізеді. Суретте Жердің Күн сәулелері түспейтін бөлігі штрихталған. Жер өз осінен 24 сағатта толық бір айналым жасайды
Тапсырма: 24 сағат ішінде А, В, С, D, Е нүктелері орналасқан аймақтардың күн жарығында өткізетін уақыттарының ұзақтығын бағалаңыздар.( Қай нүкте ең ұзақ, қай нүкте ең қысқа уақыт күн жарығында болады?)
Уақыт бөлінулері:
Ең ұзақ уақыт: 1_____ 2______ 3_____ 4_____ 5_____ Ең қысқа уақыт
|
Дескриптор
|
Білім алушы
әр нүктедегі күн ұзақтығын бағалайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |