Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Физика 7 сынып Құрметті мұғалім!


Тақырып «Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар»



бет5/7
Дата11.12.2021
өлшемі12,2 Mb.
#79082
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
!22-ОШ ҚБ Физика 7-сын қаз
!22-ОШ ҚБ Физика 7-сын қаз
Тақырып «Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар»





Оқу мақсаттары


7.2.1.3 - түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Денелер қозғалысының түрлерін ажыратады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1

Сурет бойынша қай автомобиль қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін анықтаңыз.




Дескриптор:


Білім алушы

- бірқалыпты қозғалатын автомобилді анықтайды;

- бірқалыпсыз қозғалатын автомобилді анықтайды.






Тақырып «Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу»


Оқу мақсаттары


7.2.1.4 - қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дененің жылдамдығын есептейді

  • Орташа жылдамдықты анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану


Тапсырма 1

ТУ-104 реактивті жолаушылар ұшағы бірқалыпты қозғалып 30 с-та 8250 м арақашықтықты ұшып өтті. Ұшақтың жылдамдығын м/с және км/сағ-пен анықтаңыз.


Дескриптор


Білім алушы

- жылдамдық формуласын қолданады;

- жылдамдықтың мәнін анықтайды;

- жылдамдықтың өлшем бірліктерін түрлендіреді.



Тапсырма 2

Жаяу адам барлық жолдың 30 м алғашқы бөлігін – 20 секундта, ал келесі бөлігін 1,45 м/с жылдамдықпен 40 секундта, қалған 45 м жол бөлігін 1,5 м/с жылдамдықпен жүріп өтті. Жолаушының барлық жолдағы орташа жылдамдығын есептеңіз.



Дескриптор

Білім алушы

- барлық жүрілген жолды есептейді;

- барлық қозғалыс уақытын анықтайды;

- орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады;

- орташа жылдамдық мәнін анықтайды.





Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»





Оқу мақсаттары


7.2.1.5 - s-тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бірқалыпты қозғалыстың графигін тұрғызады







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

Дененің бір қалыпты қозғалысының теңдеуі .



  1. кестені толтырыңыз;

  2. кестедегі мәндерді пайдаланып, координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңыз.





t, с

x, м

0




1




3




5




7











































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































































Дескриптор

Білім алушы

- кестені толтырады;

- графиктер осьтерінде шамалар мен өлшем бірліктерді белгілейді;

- кестедегі мәліметтер бойынша координатаның уақытқа тәуелділік графигін тұрғызады.






Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»





Оқу мақсаттары


7.2.1.6 - дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:

(1) дененің тыныштық күйін,

(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдық мәнін анықтайды




Ойлау дағдыларының

деңгейлері


Қолдану




Т апсырма 1

Суретте дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигі берілген. Графикпен танысып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.



  1. Графиктің әр бөлігіне сәйкес дененің жылдамдығын анықтаңыз.

АВ бөлігінде: _____________

ВС бөлігінде: _____________

СD бөлігінде: _____________


  1. Дененің барлық жолдағы (графикте АD аралығы) орташа жылдамдығын анықтаңыз.







Дескриптор:

Білім алушы

- график бойынша жолдың АВ бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді;

- график бойынша жолдың ВС бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді;

- график бойынша жолдың СD бөлігіндегі дене қозғалысының жылдамдығын есептейді;

- орташа жылдамдықты анықтау формуласын қолданады;

- АD бөлігіндегі орташа қозғалыс жылдамдығын есептейді.







Тапсырма 2

С уретте бірқалыпты қозғалатын екі дененің (I және II) қозғалыс графиктері берілген. Олардың қайсысының жылдамдығы үлкен? Жауабыңызды дәлелдеңіз.







Дескриптор:

Білім алушы

- суреттегі графиктен денелер жылдамдығын анықтайды;

- екі дене жылдамдықтарының мәндерін салыстырып, қорытынды жасайды.





Тақырып «Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері»


Оқу мақсаттары


7.2.1.7 - бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі бойынша дененің орын ауыстыруын анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма 1

График бойынша дененің алғашқы 10 с-тағы қозғалысын анықтаңыз. Оның келесі 20 с-тағы қозғалысынан айырмашылығы қандай? Дененің алғашқы 50 с-та жүрген жолын анықтаңыз.






Дескриптор

Білім алушы

- график бойынша қозғалыс түрін анықтайды;

- график бойынша екі бөліктегі айырмашылықты түсіндіреді;

- графиктен дененің орын ауыстыруын анықтайды.




Тапсырма 2

Екі дененің қозғалысы теңдеулерімен берілген. Олардың кездесетін жері мен уақытын аналитикалық және графиктік тәсілмен анықтаңыз.




Дескриптор


Білім алушы

- аналитикалық жолмен денелердің кездесу уақытын анықтайды;

- денелердің кездесу орынын анықтайды;

- екі дененің қозғалыс графигін салады;

- график бойынша денелердің кездесу орны мен уақытын анықтайды.


2- тоқсан

«Тығыздық» бөлімі




Тақырып «Масса және денелердің массасын өлшеу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.11 - электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшейді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары





Тапсырма 1 (Практикалық тапсырма)

Берілген жүктің массасын суретте көрсетілген таразылардың көмегімен анықтаңыз. Алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасаңыз: қай таразы көмегімен алынған мән дәлірек болды? Неліктен?




Дескриптор


Білім алушы

- дененің массасын электронды, серіппелі, иінді таразыларды қолданып өлшейді;

- таразылардың өлшеуі қателігін анықтайды;

- алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасайды.



Тапсырма 2

А4 парақтарының бір бумасының ішіндегі бір парақтың массасын анықтау әдісін ұсыныңыз.





Дескриптор

Білім алушы

- бір парақтың массасын анықтау әдісін ұсынады.





Тақырып «Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.12. - әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сұйықтың және пішіні дұрыс емес дене көлемін анықтау үшін өлшеуіш цилиндрді қолданады







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану

Тапсырма 1

Суретте екі түрлі дене берілген. Олардың көлемін анықтау үшін қандай құралдар қолданар едіңіз? Өлшеу әдісін сипаттаңыз.





Дескриптор


Білім алушы

- дұрыс емес пішінді дененің көлемін анықтауға қажетті құралды анықтайды;

- геометриялық дене көлемін өлшеуге қажетті құралды анықтайды;

- көлемді анықтау әдістерін сипаттайды.




Тапсырма 2

Төмендегі суретте екі түрлі мензурка көмегімен сұйықтың көлемін анықтағаны бейнеленген.





  1. Мензуркалардағы сұйықтың көлемін анықтап, салыстырыңыз.

  2. Нәтижені аспап қателігін ескеріп жазыңыз.

Дескриптор


Білім алушы

- мензуркалардың бөлік құнын анықтайды;

- әр мензуркадағы сұйық көлемін анықтайды;

- нәтижелерді аспап қателігін ескеріп жазады;

- мензуркалардың өлшеу дәлдігі туралы қорытынды жасайды.





су

Тақырып «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі»





Оқу мақсаттары


7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тығыздықтың физикалық мағынасын анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну


Тапсырма 1


Суретте электрондық таразыда геометриялық өлшемдері бірдей төрт білеушенің массалары өлшенгені бейнеленген. Қай білеушенің тығыздығы ең жоғары? Неліктен өлшемдері тең денелер массалары әртүрлі болатындығын түсіндіріңіз?

Дескриптор


Білім алушы

- білеушелер тығыздықтарын салыстырады;

- білеушелер массаларының әртүрлілігін түсіндіреді.







Тақырып «Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау»

Оқу мақсаттары


7.2.2.14 - сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Денелердің тығыздығын анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма 1

Қорапшаға текше түріндегі қант-рафинадының кесектері тығыз реттеліп орналастырылған.



  1. Қант тығыздығын тәжірибеде анықтауға қажетті құралдардың тізімін жазыңыз.

  2. Тығыздықты анықтауға арналған тәжірибені жоспарлаңыз.

Дескриптор

Білім алушы:

- тәжірибені орындауға қажетті құралдарды анықтайды;

- тәжірибені жоспарлайды.


Тапсырма 2
Зәйтүн майының бос бөтелкесінің массасы 0,51 кг, ал зәйтүн майымен толтырылған бөтелкенің массасы 0,97 кг.



  1. Зәйтүн майының массасын есептеңіз.

  2. Бөтелкедегі зәйтүн майын 250 мл –лік үш мензуркаға бөліп құяды. Алғашқы екеуі толтырылды, ал үшіншісі төмендегі суретте көрсетілген.



  1. Үшінші мензуркадағы зәйтүн майының көлемі неге тең?

  2. Бөтелкедегі зәйтүн майының көлемі неге тең?

  3. Зәйтүн майының тығыздығы неге тең?

Дескриптор Білім алушы

- зәйтүн майының массасын анықтайды;

- мензуркадағы май көлемін анықтайды;

- бөтелкедегі май көлемін есептейді;

- зәйтүн майының тығыздығын анықтайды.


Тақырып «Тығыздықты есептеу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.15 - тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тығыздықтың формуласын есеп шығаруда қолданады







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану







Тапсырма 1

Егер шойынның тығыздығы 7∙103 кг/м3 болса, онда көлемі 20 см3 шойын кесегінің массасын анықтаңыз.




Дескриптор

Білім алушы

- шамаларды ХБЖ-не келтіреді;

- тығыздықты есептеу формуласын қолданады;

- тығыздықты есептейді..




Тапсырма 2

Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушелердің массалары қандай болады? А  2,7 г/см3, М  8,9 г/см3.




Дескриптор

Білім алушы

- шамаларды ХБЖ-нде жазады;

- тығыздықты есептеу формуласын қолданады;

- білеушелердің массасын анықтайды.






«Денелердің өзара әрекеттесуі» бөлімі

Тақырып «Инерция құбылысы»


Оқу мақсаттары


7.2.2.1 - инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Инерция құбылысына сипаттама береді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері


Білу және түсіну

Тапсырма 1

  1. Неліктен, жүргізуші тежеген кезде автомобильдің артқы қызыл жарығын жағады? Түсіндіріңіз.

  2. Қозғалып бара жатқан пойыздың вагонының еденінде тыныштықта тұрған доп, пойыздың қозғалысына қарсы бағытта домалап кетті. Пойыздың жылдамдығы қалай өзгерді? Жауабыңызды дәлелдеңіз

Дескриптор



Білім алушы

- инерция құбылысымен байланыстырып түсіндіреді.



Тапсырма 2

Берілген мысалдардың ішінен инерция арқылы қозғалысты таңдаңыз.

А) Кілемді ұрғышпен қаққанда, шаңның ұшып шығуы.

В) Сүрінген адамның алға қарай құлауы.

С) Автомобильдің қозғалысы.

Д) Жердің өз осінен айналуы.


Дескриптор


Білім алушы

- инерция құбылысын белгілейді.




Тақырып «Күш»


Оқу мақсаттары


7.2.2.2 - күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіреді







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну


Тапсырма

Жүк көлігі, қайық, ұшақ және ғарыш кемесі қозғалыс кезінде қандай денелермен өзара әрекеттеседі? Олардың әрекеттесу күшінің бағытын анықтаңыз.




Дескриптор

Білім алушы

- әрекеттесетін денелерді анықтайды;

- күштердің бағытын анықтайды.




Тақырып «Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.

Салмақ»


Оқу мақсаттары


7.2.2.10 - масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Салмақ пен ауырлық күшін ажыратады







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1

Суретте кескінделген күштерді анықтаңыз. Әр күшті сәйкес әріптермен белгілеңіз.





Дескриптор


Білім алушы

- суретте кескінделген күштерді ажыратады;

- күштердің сәйкес белгілеуін қолданады.




Тапсырма 2

Суреттегі аспалы шамға әсер ететін ауырлық күші мен салмақты графиктік кескіндеңіз.




Дескриптор


Білім алушы

- шамға әсер ететін ауырлық күшін көрсетеді;

- салмақтың түсу нүктесін көрсетеді.







Тақырып «Деформация»


Оқу мақсаттары


7.2.2.3 - пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру







Бағалау критерийі

Білім алушы







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1

Көрсетілген суретте деформацияның қандай түрлері берілген?






Дескриптор


Білім алушы

- серпімді деформацияларды анықтайды;

- пластикалық деформацияларды анықтайды.



Тапсырма 2

Берілген суреттердің айырмашылығы неде, түсіндіріңіз. Деформация түрін анықтаңыз. Деформация неге тәуелді екенін түсіндіріңіз.





Дескриптор

Білім алушы

  • денелер деформациясын салыстырады;

  • деформация түрін анықтайды;

  • деформацияның қандай шамаға тәуелді екенін анықтайды.



Тақырып «Серпімді деформацияларды зерделеу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.4 - серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қатаңдықты анықтауға арналған тәжірибені жүргізеді

  • График арқылы қатаңдық коэффициентін анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

Серіппенің қатаңдығын анықтауға арналған тәжірибені жүргізу әдісін ұсыныңыз және жоспарын құрыңыз. Қандай физикалық шамалар арасындағы тәуелділік анықталатынын түсіндіріңіз.



Дескриптор


Білім алушы

- серіппенің қатаңдығын анықтау әдісін ұсынады;

- тәжірибені жоспарлайды;

- қажетті құралдарды анықтайды;

- тәуелді, тәуелсіз және өлшенетін шамаларды ажыратады.







Тапсырма 2

Графикте серпімділік күшінің ұзаруға тәуелділігі көрсетілен. Графикті пайдаланып, екі серіппенің қатаңдығын анықтаңыз. Алынған мәндерді салыстырып, айырмашылығын түсіндіріңіз.


Дескриптор


Білім алушы

- график арқылы серіппелер қатаңдығын анықтайды;

- алынған мәндерді салыстырып, қорытынды жасайды.





Тақырып «Серпімділік күші, Гук заңы»


Оқу мақсаттары


7.2.2.5 - Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Есептер шығаруда Гук заңын қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

  1. Қатаңдығы 100 кН/м-ге тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсуі керек?

  2. Ұзындығы 10 см серіппе 4 Н күштің әсерінен 2 см ұзарды. Егер осы серіппеге 6 Н күш әсер етсе, ол қаншаға ұзарар еді?

Дескриптор


Білім алушы

- Гук заңын қолданады;

- формуланы түрлендіреді;

- физикалық шамаларды анықтайды.






Тақырып «Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру. Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.6 Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін ажыратады







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1

1 және 2-суреттерде көрсетілген жағдайларды сипаттаңыз. Екі жағдайда пайда болатын үйкеліс түрлерін анықтап, нәтижесін салыстырыңыз.


Дескриптор


Білім алушы

- суреттерді сипаттайды;

- үйкеліс түрлерін салыстырады.





Тақырып «Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру. Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.7 - үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үйкелістің пайдасы мен зиянын түсіндіреді

Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма 1
Төмендегі жағдайларда пайда болатын үйкеліс түрін анықтаңыз. Қай жағдайда үйкелісті арттыру не азайту керектігін түсіндіріңіз.

  1. Бормен тақтаға жазу;

  2. Қыстыгүні жолдардың тайғанақ болуы;

  3. Конькимен сырғанау;

  4. Автокөлік жолының кедір-бұдыр болуы;

  5. Велосипед тетіктерінің тоттануы;




Дескриптор

Білім алушы

- үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әрекеттерін ажыратады;

- үйкелісті қай кезде арттыру не азайту керек екенін түсіндіреді.





Тақырып «Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу»


Оқу мақсаттары


7.2.2.8 - күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету

7.2.2.9 - денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау









Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Теңәрекетті күш мәні мен бағытын анықтайды







Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану








Тапсырма 1

Денеге бір түзудің бойымен 20 кН және 30 кН екі күш әсер етеді. Осы күштерді олардың тең әсерлі күштері 10 кН және 50 кН-ға тең болғандағы жағдай үшін график түрінде кескіндеңіз.


Дескриптор


Білім алушы

- денеге әрекет ететін күштерді және тең әрекетті күшті график түрінде кескіндейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет