Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Физика 7 сынып Құрметті мұғалім!



бет2/7
Дата11.12.2021
өлшемі12,2 Mb.
#79082
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
!22-ОШ ҚБ Физика 7-сын қаз

Мазмұны


1-тоқсан 4

«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі 4

«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі 6



«Механикалық қозғалыс» бөлімі 12

3-тоқсан 32



«Қысым» бөлімі 32

«Жұмыс және қуат» бөлімі 48

4-тоқсан 51



«Энергия» бөлімі 51

«Күш моменті» бөлімі 56

«Жер және Ғарыш» бөлімі 63




1-тоқсан

«Физика – табиғат туралы ғылым» бөлімі





Тақырып «Физика – табиғат туралы ғылым»


Оқу мақсаттары


7.1.1.1 - физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Физикалық құбылыстарға мысал келтіреді




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Тапсырма 1

Мектепке келе жатқан жолда қандай физикалық құбылыстарды көресіз? Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіріңіз және кестедегі сәйкес жолға жазыңыз.




Физикалық құбылыс түрлері

Мысалдар

Механикалық




Жарық




Жылу




Электрлік




Дыбыстық






Дескриптор


Білім алушы

- физикалық құбылыстарға мысалдар келтіреді.


Тапсырма 2

Төмендегі суреттерде қандай физикалық құбылыстар бейнеленген?

Жауаптарыңызды әр нұсқаның тұсына жазыңыз.

a)_________________



b)_______________


c)______


d)____________





Дескриптор


Білім алушы

- дыбыс құбылысын анықтайды;

- жылу құбылысын анықтайды;

- механикалық құбылысты анықтайды;

- жарық құбылысын анықтайды.





Тақырып «Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері»


Оқу мақсаттары


7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажыратады




Ойлау дағдыларының

Деңгейлері


Білу және түсіну

Тапсырма 1

Айнұр мен Марат Галилейдің түрлі денелердің құлауы туралы тұжырымдарын тексеруге ұйғарды. Айнұр төбеден мұз сүңгілерінің қашан құлайтынын күтті, ал Марат биік көпірден ұсақ тастарды лақтырды. Балалардың қайсысы эксперимент, қайсысы бақылау жүргізді? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.


Дескриптор

Білім алушы




- бақылауды көрсетеді;

- экспериментті көрсетеді;

- жауабын түсіндіреді.







«Физикалық шамалар мен өлшеулер» бөлімі





Тақырып «Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)»


Оқу мақсаттары


7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI-жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Физикалық шамалардың өлшем бірліктерін анықтайды




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну








Тапсырма 1

Келесі физикалық шамаларды олардың (SI) (Халықаралық Бірліктер Жүйесі) ХБЖ-індегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіріңіз:




Физикалық шамалар




Өлшем бірліктер

Уақыт




м

Ұзындық




м2

Көлем




м3

Аудан




с



Дескриптор:


Білім алушы

- уақыттың өлшем бірлігін анықтайды;

- ұзындықтың өлшем бірлігін анықтайды;

- көлемнің өлшем бірлігін анықтайды;

- ауданның өлшем бірлігін анықтайды.





Тақырып «Скаляр және векторлық физикалық шамалар»


Оқу мақсаттары


7.1.2.2 - скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату және мысалдар келтіру


Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Скаляр және векторлық шамаларды ажыратады




Тапсырма 1

Мына шамалардың скаляр немесе векторлық болатынын анықтап, сәйкес бағанға белгі қойыңыз.




Физикалық шама

Векторлық шама

Скаляр шама

Жылдамдық







Жол







Көлем







Масса







Күш










Дескриптор

Білім алушы

- скаляр шамаларды анықтайды;

- векторлық шамаларды анықтайды.




Тақырып «Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.

Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу»


Оқу мақсаттары


7.1.2.3 Үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану, санды стандартты түрде жазу







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Үлкен және кіші сандарды жазу кезінде еселік және үлестік қосымшалардың мәнін қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма 1

Берілген өлшем бірліктерді түрлендіріңіз:

1 см = _________ м

1 дм = _________ м

1 нс = _________ с

2 мг = _________ кг

10 кг = _________ г

10 мкc = _________с

100 км = _________ м


Дескриптор

Білім алушы

- еселік қосымшалары бар мәндерді түрлендіреді;

- үлестік қосымшалары бар мәндерді түрлендіреді.



Тапсырма 2

Дәптердің l ұзындығын сызғышпен өлшеп, нәтижесін берілген өлшем бірліктерде жазыңыз.


l = ________________ см =__________________ мм =______________ м.


Дескриптор:

Білім алушы

- дәптер ұзындығын өлшейді;

- нәтижені см-мен жазады;

- нәтижені мм-мен жазады;

- нәтижені м-мен жазады.




Тақырып «Кішкентай денелердің өлшемін анықтау»


Оқу мақсаттары


7.1.3.2 - кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қатарлау әдісін қолданады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

Суретте шарлардың диаметрін анықтау әдісі көрсетілген.





  1. Көрсетілген әдісті сипаттап, жазыңыз.

  2. Бір шардың диаметрін анықтаңыз және нәтижені қателікті ескеріп жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы

- қатарлау әдісін сипаттайды;

- берілген өлшеу құралының бөлік құнын анықтайды;

- өлшенетін шаманың мәнін анықтайды;

- алынған нәтижені қателікті ескеріп жазады.



Тапсырма 2

Белгілі бір бактерияның ұзындығы 0,5 мкм. Осы бактерияның нешеуін 1 мм-ге тізуге болады? Шамалар мәндерін стандарт түрде жазыңыз.




Дескриптор

Білім алушы

- қатарлау әдісін қолданады;

- шамаларды стандартты түрге келтіреді;

- бактерия санын анықтайды.







Тақырып «Физикалық шамаларды өлшеу»


Оқу мақсаттары


7.1.3.1 - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу







Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану


Тапсырма 1

Төмендегі суреттерде түрлі аспаптармен физикалық шамалардың өлшенгені туралы ақпарат берілген. Аспаптар шкалаларының бөлік құндарын және көрсетулерін анықтап, кестені толтырыңыз.






Аспап аты

Өлшенетін физикалық шама

Аспап шкаласының бөлік құны

Аспап қателігі

Нәтиже

Мензурка













Секундомер













Сызғыш
























Дескриптор

Білім алушы

- аспаптардың бөлік құнын анықтайды;

- өлшенетін шамалардың мәнін анықтайды;

- алынған нәтижелерді қателікті ескеріп жазады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет