Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Физика 7 сынып Құрметті мұғалім!



бет3/7
Дата11.12.2021
өлшемі12,2 Mb.
#79082
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
!22-ОШ ҚБ Физика 7-сын қаз
!22-ОШ ҚБ Физика 7-сын қаз

«Механикалық қозғалыс» бөлімі





Тақырып «Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.

Санақ жүйесі»


Оқу мақсаттары


7.2.1.1 - келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру







Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Траекторияның мағынасын түсіндіреді

  • Траектория мен орын ауыстыруды ажыратады




Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Қолдану



Тапсырма 1

Төмендегі суретте кейбір денелердің қозғалыс траекториясы көрсетілген. Қай траектория: Айдың Жермен салыстырғандағы қозғалыс траекториясына, лифттің қозғалысына, араның ұшуына және газ бөлшектерінің қозғалысына сәйкес келеді?





Дескриптор

Білім алушы

- Айдың Жерге қатысты қозғалыс траекториясын анықтайды;

- араның қозғалыс траекториясын анықтайды;

- лифттің қозғалыс траекториясын анықтайды;

- газ бөлшектерінің қозғалыс траекториясын анықтайды.


Тапсырма 2


Гүл арасы бал жинау кезіндегі өз қозғалысын А гүлінен бастады. Содан кейін В гүлінде аялдама жасады. Ең соңында өз С ұясына ұшып келді.
Тапсырмалар:

a) ара траекториясына сипаттама беріңіз.

b) араның орын ауыстыруын суретте сызып көрсетіңіз.

c) араның жүрген жолы мен орын ауыстыруының модулдері тең бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.

d) араны материялық нүкте ретінде қарастыруға болады ма? Неліктен?


Дескриптор

Білім алушы

- ара траекториясын сипаттайды;

- араның орын ауыстыруын сызады;

- араның жолы мен орын ауыстыруын салыстырады;

- материялық нүктені сипаттайды.


Тапсырма 3

Әскери-патриоттық ойын кезінде оқушылар тобы келесі арақашықтықты өтіп шығуға тапсырма алды: солтүстікке қарай 400 м, шығысқа 500 м, оңтүстікке 600 м, батысқа 200 м, солтүстікке 200 м және батысқа 300 м. Топтың қозғалыс траекториясын сызып, олардың барлық жүрген жолы мен орын ауыстыруын анықтаңыз. Масштабты өзіңіз таңдап алыңыз.





Дескриптор

Білім алушы

- қозғалыс траекториясын сызады;

- жүрілген жолды анықтайды;

- орын ауыстыруды анықтайды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет