Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы География 8-сынып Құрметті мұғалім!



бет20/22
Дата14.01.2020
өлшемі6,98 Mb.
#55812
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
ОШ ФО География 8-сын қаз





4-тоқсан

Бөлім5.Экономикалық география

Бөлімше 5.2Әлеуметтік-экономикалық ресурстар


Тақырып

Экономикалық инфрақұрылымның элементтері мен функциялары

Оқу мақсаты

8.5.2.1Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде экономикалық инфрақұрылымның элементтерін сипаттап, маңыздылығына баға береді


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Инфрақұрылым элементтерін топтастырып, маңыздылығын бағалайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Берілген инфроқұрылым түрлерін экономика салаларына бөліңіз.
Зауыт, мектеп, СЭС, жолаушылар тасымалдайтын темір жол, дәріхана, мәдени орталықтар, театр, мұнай платформасы


Өндірістік инфрақұрылым

Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылым








    • Күнделікті өмірде мектепке келу үшін қолданатын көлік түрін атаңыз.

    • Инфроқұрылымның қандай саласы екенін анықтаңыз.

    • Коммуникация және көлік жүйелерінің жаһандану үрдісіндегі рөліне баға беріңіз.




Дескриптор

Білім алушы




  • инфроқұрылым түрлерін ажыратады;

  • мектепке келу үшін қолданатын көлік түрін атайды;

  • инфроқұрылымның қандай саласы екенін анықтайды;

  • коммуникация және көлік жүйелерінің жаһандану үрдісіндегі рөліне баға береді.







Бөлім5.Экономикалық география

Бөлімше 5.3Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық жәнеаумақтыққұрылымы

Тақырып

Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы:

өндіруші, өңдеуші және қызмет көрсету салалары




Оқу мақсаты

8.5.3.1Өндіруші және өңдеуші, қызмет көрсету, шаруашылық салаларын жіктейді


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Шаруашылық салаларын топтастырады

Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Қазақстанның экономикалық картасын қолданып, таңдау бойынша бір аймақтағы өңдеуші, өндіруші және қызмет көрсету орындарын анықтаңыз. Кестеге жазыңыз.

1-кесте


Өнеркәсіп орны

Шығаратын өнімі

Орталығы









2-кесте


Кен орны

Пайдалы қазба түрі

Алыну тәсілі









3-кесте


Қызмет көрсету саласының түрі

Негізгі қызметі

Орталығы












Дескриптор

Білім алушы




  • өңдеуші өнеркәсіп саласын сипаттайды;

  • өндіруші өнеркәсіп саласын сипаттайды;

  • қызмет көрсету саласын сипаттайды.




Бөлім5. Экономикалық география

Бөлімше 5.3 Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақты құрылымы


Тақырып

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері


Оқу мақсаты

8.5.3.2Қазақстандық компонентті қосымшақамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Шаруашылық салаларын ұйымдастыру түрлерін сипаттайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Тапсырма


  1. Ауылшаруашылығын ұйымдастыруға әсер ететіннегізгі факторлардың маңыздылығы мен өзара байланысын сипаттаңыз.

Негізгі факторлар: жылу, жарық, топырақ, ылғал, өнеркәсіп өнімдері, энергия көзі, көлік, тұтынушы.


  1. Төмендегі мәтінді қолданып, Қарағанды металлургия зауытының шикізат, су, отын энергиясы, өнім түрлері көрсетілген картасхемасын сызыңыз.

Қарағандыметаллургия зауыты (ҚМЗ) Қазақстандағы металл+ өңдеу зауыты болып табылады. Ең негізгі шикізат көзін Соколов-Сарыбай темір кенінен алады. Темірді өңдеп, ең негізгі өнімдері: шойын, болат, прокат, кокс алынады. ҚМЗ –ның негізгі отын энергиясы ретінде Қарағандының көмірі қолданылады. Ал шикізаттытау жынысынан бөліп алу үшін Қарағанды-Ертіс каналының суын қолданады.




  1. Әлеуметтік инфроқұрылымды қызмет саласымен сәйкестендіріңіз.

Әлеуметтік инфрақұрылым 



Қызмет саласы

Денсаулық сақтау

мектептер, жоғарғы оқу орындары, кәсіптік білім беру орталығы

Білім

театр, мәдени орталықтар, музейлер т.б

Мәдениет

қоғамдық тамақтану, сауда орталықтары, демалыс орталықтары, демалыс базалары

Тұрмыстық қызмет ету орындары

ауруханалар, клиникалар, тіс емдеу орталықтары





Дескриптор


Білім алушы




  • ауылшаруашылығын ұйымдастыруға әсер ететін факторлардың маңыздылығын сипаттайды;

  • өнім түрлері көрсетілген картасхеманы сызып, түсіндіреді;

  • инфрақұрылымға сәйкес қызмет саласын анықтайды.



Бөлім 5.Экономикалық география

Бөлімше5.3Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтық құрылымы


Тақырып

Ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын орналастыру факторлары


Оқу мақсаты

8.5.3.3Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Өнеркәсіп өндірісінің орналасуына әсер ететін факторларды анықтайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Тапсырма
Павлодар мұнай өңдеу зауытының орналасуына әсер ететін негізгі факторларға талдау жасаңыз.

  • тұтынушы фактор

  • отын-энергетикалық фактор

  • су ресурсы

  • шикізат көзі

  • көлік

  • еңбек ресурстары

  • ғылыми фактор (технопарк, технополис)

  • ірі қалалар маңында орналасуы

  • экологиялық фактор



Дескриптор

Білім алушы




  • тұтынушы факторды атайды;

  • отын-энергетикалық факторды атайды;

  • су ресурсын анықтайды;

  • шикізат көзін атайды;

  • негізгі көлік түрлерін ажыратады;

  • еңбек ресурстарының әлеуетін анықтайды;

  • ғылыми фактор (технопарк, технополис) анықтайды;

  • орналастыру факторын сипаттайды;

  • экологиялық факторды түсіндіреді.







Бөлім5.Экономикалық география

Бөлімше 5.3Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық және аумақтыққұрылымы


Тақырып

Дүниежүзілік шаруашылық салаларын сипаттау


Оқу мақсаты

8.5.3.4Дүниежүзі шаруашылығы салаларын жоспар бойынша сипаттайды

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Жоспардың негізінде дүниежүзі шаруашылығы салаларын сипаттайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану



Тапсырма
Шаруашылықтың бір саласын таңдап алыңыз: ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет көрсету салалары, көлік.

  • Осы шаруашылық саласын толық сипаттау үшін жоспар құрыңыз (алдыңғы сабақтардағы біліміңізді қолданыңыз).

  • Сол жоспар негізінде сипаттама жасаңыз.




Дескриптор

Білім алушы




  • шаруашылық саласын жоспарға сәйкес сипаттайды.




Бөлім6.Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1Дүниежүзі елдері


Тақырып

Дүниежүзінің саяси картасы

Оқу мақсаты

8.6.1.1Cаяси картаның басты нысандарын сипаттайды


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Саяси картадағы басты нысандарды анықтайды

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану


Тапсырма


  1. Берілген анықтамаларға сәйкестерминдерді жазыңыз.

делимитация, деморкация, метрополия, доминион, протекторат, тәуелді, тәуелсіз.

Анықтамалар

Терминдер

Күшті мемлекеттің әлсіз елге ресми қамқорлық жасауы. Франция қазір Монакоға




Басып алған отарларын иемденуші мемлекеттер.

Мысалы: Франция, Ұлыбритания.






Британ империясының құрамындағы тәуелсіз елдер. Қазір оларды Британ Достастығы деп атайды.




Ешқандай елге бағынбайтын елдерді айтамыз.




Басқа метрополиялы мемлекеттің қарауындағы шекарасы бар жер телімі. Мысалы: Гренландия Данияның қарамағында.




Көрші  мемлекеттер арасындағы келісім бойынша мемлекеттік шекараның орналасуын анықтау.




Карталар мен суреттеуге байланысты мемлекеттік шекараға қандай да бір белгі орнату.




  1. Атласты қолданып,кестеге метрополия, доминион, протекторат, тәуелді және тәуелсізелдерді жазыңыз.

    Метрополия




    Доминион




    Тәуелді




    Тәуелсіз




  2. Тәуелді және тәуелсіз мемлекеттердің орналасқан аймақтарын анықтаңыз.

Тәуелді мемлекеттер басым аймақ

Тәуелсіз мемлекеттер басым аймақ









Дескриптор

Білім алушы




  • анықтамаларға сәйкес терминдерді табады;

  • саяси картаның басты нысандарына сәйкес елдерді анықтайды;

  • елдерді орналасу аймақтарына қарай топтастырады.



Бөлім6.Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1Дүниежүзі елдері

Тақырып

Елдердің саяси типологиясы

Оқу мақсаты

8.6.1.2Елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша топтастырады

Бағалау критерийі


Білім алушы

Елдерді басқару формасы және мемлекеттік құрылымы бойынша жіктейді



Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Тапсырма

1. Басқару формасының сипаттамасы бойынша сәйкес терминдерді анықтап, жазыңыз.

Президенттік, президенттік парламенттік, конституциялық монархия, абсолюттік монархия, теократиялық монархия

Сипаттамасы

Терминдер

Жоғары өкімет билігі бір ғана адамның (император, герцог, сұлтан, әмір, король, т.б) қолында шоғырланған. Билік ету құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі, бүкіл мемлекеттік билікті монарх өзі жүргізеді.




Монархтың билігі конституциямен шектелген, сонымен қатар монарх дәстүр ретінде таққа отырады, бүкіл мемлекеттік билікті премьер министр жүргізеді.




Заң шығаратын ең жоғары өкімет билігі сайланатын өкілетті органның (парламенттің) қолында , ал мемлекет басшысынел халқы өзі сайлайды және елді басқарады, сонымен қатар заңды атқарады.




Мемлекет басшысы діни жетекші қызметінде атқарады.




Басқару түрінің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады. Заң күші бар актілер шығарады. Парламентті таратуға құқылы болады.





2. Берілген мемлекеттерді басқару формасы мен құрылымына қарай топтастырыңыз.

Германия, Қазақстан, Испания, Ұлыбритания, Канада, Сауд Арабиясы, Ватикан, Непал, Ресей, БАӘ, Бахрейн, Жапония, Өзбекстан, Швейцария, Қырғызстан.

  • Басқару формасына қарай:

Президенттік

Парламенттік

Конституциялық монархия

Абсолюттік монархия

Теократиялық монархия



















  • Құрылымына қарай:

Унитарлық

Федерация

Конфедерация













Дескриптор

Білім алушы




  • сипаттамаға сәйкес терминдерді анықтайды;

  • мемлекеттерді басқару формасына қарай топтастырады;

  • мемлекеттердіқұрылымына қарай топтастырады.

Бөлім6.Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше6.1Дүниежүзі елдері


Тақырып

Саяси картадағы сандық және сапалық өзгерістер


Оқу мақсаты

8.6.1.3Саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерін талдайды


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Саяси картаның сандық және сапалық өзгерістерінсипаттайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Саяси картадағы 1990-2017 жылдар аралығында болған сандық және сапалық өзгерістерге мысалдар келтіріңіз.


Сандық өзгерістер

Сапалық өзгерістер










  • Болған оқиғалардың оң, теріс жақтарына талдау жасаңыз.




Сандық өзгерісі

Сапалық өзгерісі

+

-

+

-

















Дескриптор


Білім алушы




  • сандық өзгерістерге мысал келтіреді;

  • сапалық өзгерістерге мысал келтіреді;

  • өзгерістердің оң және теріс жақтарын сипаттайды.




Бөлім6.Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1Дүниежүзі елдері


Тақырып

Елдердің саяси-географиялық жағдайы

Оқу мақсаты

8.6.1.4Елдердің саяси-географиялық жағдайына бағабереді

Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Елдердің саяси-географиялық жағдайы туралы көзқарасын айтады

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Саяси карта мен мәтіндіпайдаланып, Қазақстанның саяси-географиялық жағдайына баға беріңіз.

  • Мемлекеттің физикалық-географиялық жағдайын анықтаңыз.

  • Мемлекеттің физикалық-географиялық жағдайының экономикаға әсерін талдаңыз.

  • Көрші елдердің Қазақстан экономикасына тигізетін әсерін талдаңыз.

  • Елдің географиялық орнының көлік кешендеріне әсерін талдаңыз.

  • «Ыстық нүктелерге» қатысты орнын анықтаңыз.




Қазақстанның материктің ортасында орналасуы ыңғайсыз экономикалық жағдай тудырады. Мысалы, дүниежүзілік мұхиттың сауда жолына шығуына мүмкіндік болмайды. Сондықтан да өз тауарларымызды басқа елдерге экспорттасақ, көрші елдің жерінен өту үшінбаж салығын төлеуге тура келеді. Ол қосымша қаражатты талап етеді. Қазақстанның Еуропа мен Қытайдың аралығында орналасуының нәтижесінде сауда қатынасында транзиттік жолдардың пайда болуы ел экономикасына оң әсерін тигізіп отыр. Мысалы, тауарды басқа елге экспорттау көлік қатынасының дамуына үлкен үлесін қосады. Елдің саяси географиялық жағдайына оралатын болсақ, Таяу Шығыстағы ыстық нүктелерге алыс орналасуы саяси тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Сонымен қатар Қытай және Ресей секілді ірі елдердің арасында орналасуы елдің саяси жағдайына кері әсер тигізеді. Мысалы, шекараны бөлісу кезінде дау-дамайлар туындауы мүмкін, сондай-ақ Қытай халқының жыл санап өсуіне байланысты жерге деген таластардың туындауы мүмкін. Сонымен қатар осы ірі державалармен саяси, экономикалық интеграция құру нәтижесінде достастық, бейбітшілік шараларын дамыта аламыз. Бұл елдің экономикалық жағдайына оң әсерін тигізеді. Отандық тауарларды Қытай мен Ресейдің үлкен нарығына шығаруға мүмкіндік туғызады.





Дескриптор


Білім алушы



  • мемлекеттің физикалық-географиялық орнын анықтайды;

  • физикалық-географиялық жағдайының экономикаға әсерін сипаттайды;

  • көрші елдердің экономикаға тигізетін әсерін түсіндіреді;

  • көлік кешендерінің әсерін анықтайды;

  • «ыстық нүктелерге» қатысты орнын анықтайды.



Бөлім6. Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше 6.1 Дүниежүзі елдері


Тақырып

Саяси интеграция. Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары


Оқу мақсаты

8.6.1.5 Саяси интеграцияның қажеттілігі мен мақсаттарын түсіндіреді


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Саяси интеграцияның қажеттілігі мен мақсатын анықтайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білу және түсіну

Тапсырма
Анықтаманы басшылыққа ала отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Саяси интеграция - түрлі мемлекеттердің әртүрлі факторларға байланысты (қорғану, экономикалық қарым қатынас) бірігіп, ұйым құруы.

  • Саяси интеграцияларды атаңыз.

  • Интеграциялардың бірін таңдай отырып, сұрақтарға жауап жазыңыз.

  • Құрылу себебін анықтаңыз.

  • Негізгі мақсатын сипаттаңыз.

  • Осы интеграциядағы Қазақстан Республикасының орнын түсіндіріңіз.




Дескриптор

Білім алушы




  • саяси интеграцияларды атайды;

  • интеграцияның құрылу себебін түсіндіреді;

  • интеграция құрудың негізгі мақсаттарын сипаттайды;

  • интеграциядағы Қазақстанның орнын анықтайды.




Бөлім6. Елтану және саяси география негіздері

Бөлімше6.1 Дүниежүзі елдері


Тақырып

Саяси интеграция. Қазақстанның саяси-интеграциялық үдерістердегі мүдделері, бағыттары және бастамалары


Оқу мақсаты

8.6.1.6 Қазақстанның саяси интеграциядағы мүдделері мен мақсаттарын талдайды


Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Саяси интеграциядағы Қазақстанның орнын бағалайды




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Кестеде берілген ұйымдардың біріндегі Қазақстанның алатын орнына талдау жасаңыз.

    • Қазақстаннан басқа осы ұйымға мүше болатын 3 елді атаңыз.

    • Осы 3 елмен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа сипаттама беріңіз.

    • Қазақстанның атқаратын қызметі мен міндеттерін талдаңыз.

    • Осы ұйымда алатын орнын, мүддесін анықтаңыз.

    • Қазақстан үшін саяси интеграцияның маңыздылығын талдаңыз.



Ұйым атауы

Қазақстанның ұйымға кіруінің мақсаты

Кірген уақыты

Атқаратын қызметі

БҰҰ

Халықаралық дәрежеде басқа елдермен ынтымақтастық орнату, бейбітшілік сақтауға атсалысу.

1992ж.

2 наурыз


Конференция және әртүрлі сессиялар өткізеді. Халықаралық маңызы бар әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының І съезі сияқты жиындарды ұйымдастырады.

ШЫҰ

Мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектесу. Терроризмге қарсы серіктестік орнату.

2001ж.

15 маусым.



Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы қатысуы. Экономикалық тұрақтылық, бейбітшілікті нығайту мақсатында келіссөздер жүргізу.

ТМД

Экономикалық байланыс, визасыз қарым-қатынас, кедендік жеңілдіктерді қалыптастыру.

1991ж.

21желтоқсан



Еркін сауда аймағын құру, 

сауда, ауылшаруашылық, электр энергетикасы және т.б. нарықтарды қалыптастыру.

ЕҚЫҰ

Аймақтағы ынтымақтастықты сақтауға атсалысу. Мысалы, Орта Азия елдеріндегі тыныштықты сақтау.

1992ж.

30 қаңтар



ЕҚЫҰ-на кіретін елдер арасында ынтымақтастық орнату. Мемлекет және үкімет басшыларының жоғары дәрежедегі басқосуларын ұйымдастыру. Бейбітшілік жолындағы келіссөздердің алаңын туғызу.



Дескриптор

Білім алушы



  • ұйымға мүше болатын 3 елді анықтайды;

  • Қазақстанның сол елдермен қатынасын сипаттайды;

  • атқаратын қызметі мен міндеттерін анықтайды;

  • ұйымдағы орны мен мүддесін түсіндіреді;

  • Қазақстан үшін интеграцияның маңыздылығын

  • дәлелдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет