Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жаратылыстану 2-сынып Құрметті мұғалім!



бет3/5
Дата23.12.2021
өлшемі30,12 Mb.
#127910
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚБ Жаратылыстану 2-сынып
8 сынып ТЖБ қаз.әдебиет І тоқсан, график СОР и СОЧ Досмаилова, график СОР и СОЧ Досмаилова, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, snrgaf 1 2018, География ұбт букс

2-тоқсан

Бөлім: Тірі табиғат





Бөлімше 2.3 Адам

Оқу мақсаты

2.2.3.1 Адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Қаңқаның атқаратын қызметін сипаттайды.



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма


  • Адам қаңқасының негізгі бөліктерін жаз.






  • Қаңқа қандай қызмет атқарады? Жаз.


1)__________________________________________________________________________2)__________________________________________________________________________



Дескриптор Білім алушы

  • қаңқаның негізгі бөліктерінің атауын жазады;

  • қаңқаның қызметін анықтайды және жазады;





Бөлімше 2.3 Адам


Оқу мақсаты

2.2.3.2 Дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Дене бітімінің сымбатын сақтаудың маңыздылығы туралы әңгімелейді.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану


Тапсырма


  1. Қай оқушының дене сымбаты дұрыс қалыптаспаған? Белгіле ().



Жұптық жұмыс

Берілген сұрақтар бойынша жұпта ой бөліс.



  1. Омыртқа жотасы неліктен қисаяды?

  2. Омыртқаның қисаюы ағзаға қалай әсер етеді?

  3. Дене сымбаттылығын сақтау маңызды ма?

  4. Дене сымбатын сақтау ережелерін құрастырыңдар.




Дескриптор Білім алушы

  • дене сымбаттылығы сақталмаған суретті анықтайды;

  • омыртқа жотасының қисаю себептерін анықтайды;

  • омыртқа жотасының қисаюынан туындайтын зардаптарды атайды;

  • дене сымбаттылығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді;

  • дене сымбатын сақтау ережелерін құрастырады.



Бөлімше 2.3 Адам


Оқу мақсаты

2.2.3.3 Бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бұлшық еттің қызметін сипаттайды.



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану


Тапсырма
Бұлшық ет қандай қызмет атқарады? Қарапайым тәжірибе жасай отырып, анықта.


  • Кітаптар салынған сөмкеңді бір қолыңмен жоғары көтер. Екінші қолыңмен білектің жоғарғы жағындағы бұлшық етті ұстап көр. Қандай өзгеріс байқадың? Жақшадағы сөздерді пайдаланып жаз.




  • Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)




  • Енді жүк көтерген қолыңды түсір. Бұлшық етте қандай өзгеріс болды? Жаз.




  • Бұлшық ет ______________________________ (жиырылды, босаңсыды)


Дескриптор Білім алушы






Бөлімше 2.3 Адам


Оқу мақсаты

2.2.3.4 Денсаулық сақтаудағы жеке гигиенаның рөлін анықтау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Гигиена сақтаудың адам өміріндегі рөлін анықтайды.

  • Жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін құрастырады.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану


Тапсырма


  • Берілген сөздерден мақал құрастырып жаз: кепілі, денсаулық, тазалық

______________________________________________________________




  • Мақалдың мағынасына сәйкес суретті белгіле ().






  • Сұрақтарға жауап бер.

  1. Тазалық пен денсаулықтың өзара байланысты болуының себебі неде деп

ойлайсың?

  1. Сен тазалықты қалай сақтайсың?

  2. Тазалық сақтаудың қандай маңызы бар?



Дескриптор Білім алушы

  • берілген сөздерден мақал құрастырады;

  • мақалға сәйкес суретті анықтайды;

  • сұрақтарға жауап береді;

  • тазалық сақтаудың маңыздылығын түсіндіреді.






Бөлімше 2.3 Адам



Оқу мақсаты

2.2.3.5 Тіс күтімінің денсаулық сақтаудағы маңызын анықтау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тісті күтудің денсаулыққа тигізетін әсерін түсіндіреді.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Т апсырма



  • Тісті тазалау әрекетінің ретін анықтап, цифрлармен белгіле.





  • Тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымды белгіле ().

1 . Тісті тазаламаса, ауыздан жағымсыз иіс шығады.

2 . Тісті күту міндетті емес, ауру тістің орнына жаңа тістер өседі.

3 . Тіс күлкіге сән береді.

4. Тістегі микробтар ауру туғызады.

5. Тіске күтім жасалса, денсаулық та жақсы болады.




  • Тісті күту денсаулыққа әсері ете ме? Жаз.

_______________________________________________________________


Дескриптор Білім алушы

  • тісті тазалау әрекеттерінің ретін анықтайды;

  • тіс күтіміне қатысты дұрыс тұжырымдарды белгілейді;

  • тісті күтудің денсаулыққа тигізетін әсерін сипаттайды.

Т

Бөлім: Мен – зерттеушімін

Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.4 Бақылау жүргізудің жоспарын құру




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бақылау жасау үшін жоспар құрастырады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма


  • Өз өлкеңде қыстап қалатын құстарды білесің бе? Олардың қысқы тіршілігін бақылау үшін жоспар құрастыр.

Жоспар құру үшін төмендегі сұрақтарды пайдалан.




  1. Құстарды не үшін бақылайсың?

  2. Құстарды қай жерде бақылайсың?

  3. Қашан және қанша уақыт бақылайсың?

  4. Қалай бақылайсың?

  5. Нәтижесін қайда және қалай тіркейсің?

Жоспар:


  1. _______________________

  2. _______________________

  3. _______________________

  4. _______________________

  5. _______________________


Дескриптор Білім алушы

  • сұрақтар бойынша бақылау жүргізудің кезеңдерін әңгімелейді;

  • сұрақтардың негізінде бақылау жоспарын құрастырады.



Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.5 Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жоспар бойынша бақылау жүргізеді.

  • Бақылау нәтижесін қорытындылайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


Тапсырма
Қыстап қалатын құстардың тіршілігін анықтау үшін құрастырған жоспарың бойынша бақылау жаса. Нәтижесін кестеге жаз.



Құстың атауы

Құстың сипаты

Қоректенуі

қорытынды



























  • Жасаған бақылауыңның нәтижесін сұрақтардың көмегімен әңгімеле.




  1. Сенің өлкеңде қандай құстар қыстап қалады?

  2. Оларды қай жерден көрдің?

  3. Қалай және қанша уақыт бақыладың?

  4. Құстардың сыртқы сипаты қандай?

  5. Олар қалай және немен қоректенеді?

  6. Құстардың қысқы тіршілігі туралы не айтасың?



Дескриптор Білім алушы

  • жоспар бойынша бақылау жүргізеді;

  • бақылау нәтижесін кестеге түсіреді;

  • бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.



Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.7 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тәжірибе жасайды және нәтижесін кестеге жазады.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


Тапсырма
Газдалған сусындар тістің жылтыр кіреукесіне (эмаль) әсер ете ме? Сұраққа жауап

беру үшін қарапайым тәжірибе жасап көр.


Керекті заттар: тауықтың шикі сүйегі, екі стақан, газдалған сусын, таза су.
Екі стақанның біреуіне газдалған сусын, екіншісіне таза су құй. Олардың ішіне тауықтың қайнатылмаған шикі сүйегін салып қой. Оларды бір күннен кейін салыстыр.

Тәжірибенің нәтижесін кестеге жаз. Қорытынды жаса.





Бақылауға алынған зат

Бақылаудың нәтижесі

Газдалған сусынға салынған сүйек




Таза суға салынған сүйек











Дескриптор Білім алушы

  • тәжірибе жасайды;

  • тәжірибенің нәтижесін кестеге түсіреді;

  • нәтижеге сүйеніп қорытынды жасайды.



Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері


Бөлімше 3.2 Ауа

Оқу мақсаты

2.3.2.1 Біздің ғаламшарымыз үшін ауаның маңызын түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ауаның адам, жануар және өсімдік тіршілігіндегі маңызын сипаттайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Берілген сұрақтар мен суреттерді пайдаланып, әңгімеле.




  • Ауаның адам, өсімдік, жануарлардың тіршілігі үшін қандай маңызы бар?

  • Ауаның ластануына не әсер етеді?

  • Лас ауаның қоршаған ортаға қандай зияны бар?

  • Ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек?






Дескриптор Білім алушы

  • ауаның жер бетіндегі тіршілік үішн маңызын сипаттайды;

  • ауаның ластануына әсер ететін факторларды атайды;

  • лас ауаның зияндылығы туралы айтады;

  • ауаны қорғау үшін атқарылатын әрекеттерді атайды;

  • ауа тазалығының маңызын түсіндіреді.



Бөлімше 3.2 Ауа

Оқу мақсаты

2.3.2.2 Ауаның кейбір қасиеттерін сипаттау (агрегаттық күйі, түсі, иісі)


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ауаның қасиеттерін анықтайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма
Ауаның қандай қасиеттері бар? Қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз.








Дескриптор Білім алушы

  • сипаттамасы бойынша қарапайым тәжірибелер жасайды;

  • ауаның мөлдір екендігін анықтайды;

  • ауаның түссіз екендігін түсіндіреді;

  • ауаның иіссіз екендігін анықтайды;

  • ауаның серпімділік қасиетін анықтайды.




Бөлімше 3.2 Ауа


Оқу мақсаты

2.3.2.3 Ауаның кеңістікті толтыру қасиетін және жылу өткізгіштігін зерттеу




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ауаның орын алу және жылу өткізгіштік қасиеттерін сипаттайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану


1-тапсырма
Ауаның қасиеттерін анықтауға арналған қарапайым тәжірибелер жаса. Нәтижесін жаз.





Су толтырылған ыдыстың ішіне стақанды тігінен төңкеріп сал. Стақан бірден суға тола ма? Енді стақанды бір жағына қарай қисайт. Не байқадың? Көпіршіктер қайдан пайда болды? Стақан неліктен бірден суға толып кетпей тұр?


Себебі, ___________________________________________








Әр түрлі пішіндегі (дөңгелек, сопақ, ирек ) шарларды үрлеп көр. Ауа неге әр түрлі пішінге ие болды?


Себебі, ___________________________________________





  • Бұл тәжірибеден ауаның қандай қасиеті анықталады?

Бұл ауаның ___________________________________________ қасиеті




Дескриптор

Білім алушы

- қарапайым тәжірибелер жасайды;

- тәжірибе негізінде ауаның қасиетін анықтайды.

2-тапсырма

Түрлі дереккөздерді пайдаланып, берілген сұрақтарға жауап ізде.





1) Терезені неліктен екі қабатты етіп орнатады?



2) Торғайлар қыста неліктен жүнін қорбитып отырады?



  • Бұл ауаның қандай қасиетін сипаттайды? ___________________________



Дескриптор

Білім алушы

- дереккөздерден ақпарат жинақтайды;

- сұрақтарға жауап береді;



- ауаның қасиетін анықтайды.




Бөлімше 3.3 Су


Оқу мақсаты

2.3.3.1 Судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы)




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Судың қасиеттерін атайды.




Ойлау дағдыларының

деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма

Судың қандай қасиеттері бар? Қарапайым тәжірибелер жасау арқылы анықта.








Әр түрлі пішіндегі шыны ыдыстарға су толтыр. Судың пішіні қандай?


Судың пішіні ___________________



Стақандағы таза суды иіске және дәмін татып көр. Енді стақанға бір қасық қант сал. Дәмін татып көр. Судың иісі, дәмі туралы не айта аласың?


Судың дәмі мен иісі _______________



Стақанға таза су құй. Оның түсі қандай? Стақандағы суға қасық, сызғыш, түсті қағаз сияқты ұсақ заттарды салып көр. Олар анық көріне ме?


Бұл судың қандай екенін білдіреді? ___________________




Алақаныңа су толтырып ал. Алақандағы суды ұстап тұру оңай ма? Неліктен?


Бұл судың қандай қасиетін білдіреді? ________________




Дескриптор Білім алушы

  • тәжірибе негізінде судың пішінсіз екенін анықтайды;

  • тәжірибе негізінде судың дәмсіз,иіссіз екенін түсіндіреді;

  • тәжірибе негізінде судың түссіз және мөлдір екендігін анықтайды;

  • тәжірибе негізінде судың аққыштық қасиетін анықтайды.



Бөлімше 3.3 Су


Оқу мақсаты




        1. Судың агрегаттық күйінің өзгеру үдерісін зерттеу




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Судың табиғи күйлерін атайды.

  • Зерттеудің негізінде су күйлерінің өзгерісін

сипаттайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма
Су табиғатта қандай күйде кездеседі? Суреттердің астына жаз.




1)__________________

2)____________________



3) __________________



  • Су бір күйден екіншісіне қалай ауысады? Мұғалімнің көмегімен тәжірибе жасау арқылы анықта.






1) Мұз салынған ыдыстың астын қыздыр. Мұз қандай өзгеріске ұшырады?


Мұз ____________________ .


  • Оған не себеп болды?







  1. Ыдыстың астын су қайнағанша қыздыра түс.

Су қандай өзгеріске түсті?
Су ____________________


  • Ол ненің әсерінен пайда болды?

  • Сұйық суды қатты күйге айналдыруға бола ма? Қалай?




Дескриптор Білім алушы

  • табиғаттағы судың күйлерін атайды;

  • судың қатты күйден сұйық күйге ауысуының себебін түсіндіреді;

  • судың сұйық күйден буға айналу үдерісінің себебін түсіндіреді;

  • судың сұйық күйден қатты күйге ауысу үдерісін сипаттайды.



Бөлімше 3.3 Су


Оқу мақсаты

2.3.3.3 Судың табиғи көздерін анықтау




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Табиғи су көздерін атайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма

  • Табиғатта суды қайдан кездестіруге болады? Сурет бойынша әңгімеле.





  • Жауын - шашын түріндегі табиғи су атауларын жаз.




______________________________________________________________________

______________________________________________________________________


Дескриптор


Білім алушы

- табиғи су көздерін атайды;

- жауын –шашын түріндегі суларды жазады.




Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.2 Бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже).




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бақылау жүргізудің негізгі кезеңдерін атайды



Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану


Тапсырма

Адамдардың қысқы еңбегіне бақылау жаса. Ол үшін нені анықтап алу қажет? Сөйлемдерді толықтырып жаз.


  1. Бақылаудың ___________________________ анықтап алу қажет.

  2. Бақылаудың ___________________________ таңдау қажет.

  3. Бақылаудың ___________________________ құру керек.

  4. Бақылаудың ___________________________ белгілеп алу керек.

  5. Бақылаудың ___________________________ қорытып шығару қажет.


Қажетті сөздер: нәтижесін, мерзімін, нысанын, мақсатын, жоспарын.


Дескриптор Білім алушы

  • бақылау жасаудың басты белгілерін атайды;

  • бақылау жасау белгілерінің ретін анықтайды.



Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.3 Бақылау нәтижелерін шартты белгілердің көмегімен белгілей білу


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Бақылау нәтижелерін шартты белгілер арқылы көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Кестеге мектептегі арнайы орындардың атауын жаз. Оларды шартты белгімен бейнелеп көрсет.








Атауы

Шартты белгісі

1






2






3






4






5






6








Дескриптор

Білім алушы

- мектептегі арнайы орындардың атауын жазады;

- арнайы орындарды шартты белгімен бейнелеп көрсетеді.




Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.4 Бақылау жүргізудің жоспарын құру




Бағалау критерийі


Білім алушы

  • Бақылау жүргізудің кезеңдеріне сәйкес жоспар құрады.


Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану


Тапсырма

Сұрақтарға сүйене отырып, бақылау жүргізудің жоспарын құрастырып жаз.





Дескриптор Білім алушы

  • бақылау нысанын анықтау керектігін жазады;

  • бақылау мерзімін қою керектігін жазады;

  • бақылау нәтижесін тіркеу керектігін жазады;

  • бақылау нәтижесін ұсыну керектігін жазады.



Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.5 Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жоспар бойынша бақылау жүргізеді.

  • Бақылау нәтижесін қорытындылайды.




Ойлау дағдыларының

деңгейі

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары




Тапсырма
Ұсынылған жоспар бойынша бақылау жаса. Бақылау нәтижесін кестеге толтыр.





Бақылау күнделігі

Мерзімі

Ауа райы

Жауын-шашын

Жел



























  • Сұрақтарға сүйеніп, бақылаудың қорытындысын жаз.




  1. Бақылау жасау арқылы нені білгің келді?

  2. Бақылаудың нәтижесінде нені анықтадың?

Қорытынды:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Дескриптор Білім алушы

  • құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізеді;

  • бақылау нәтижесін кестеге түсіреді;

  • бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жазады.



Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.6 Эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже)




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тәжірибе жасаудың негізгі кезеңдерін атайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Тапсырма

  • Суретке сүйеніп, балауыз шаммен жасалған тәжірибені сипаттап айт.




  • Сөйлемдерді түсініп оқы. Тәжірибенің негізгі кезеңдерін анықта.





  1. _____________________




  1. _____________________




  1. _ ____________________





  1. _____________________





  1. _____________________





  1. _____________________


Дескриптор Білім алушы

  • балауызбен жасалған тәжірибені сипаттап айтады;

  • сөйлемдердің негізінде тәжірибенің басты белгілерін анықтайды.





Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.7 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру




Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тәжірибе жасайды және нәтижесін кестеге жазады.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Судың қасиетін анықтау үшін қарапайым тәжірибе жаса. Нәтижесін кестеге жаз.

Сұйықтық

Нәтижесі










Екі шыны стақанның біреуіне су, екіншісіне сүт құй. Екеуінің ішіне де таяқша сал. Қай стақанның ішіндегі таяқша көрінеді? Қайсысында көрінбейді? Неліктен?




  • Тәжірибе арқылы судың қандай қасиетін анықтадың. Жаз.

Су _____________________________________.



Дескриптор Білім алушы

  • ұсынылған тәжірибені жасайды;

  • тәжірибенің нәтижесін кестеге жазады;

  • тәжірибе нәтижесінде судың қасиетін анықтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет