Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Жаратылыстану 2-сынып Құрметті мұғалім!



бет4/5
Дата23.12.2021
өлшемі30,12 Mb.
#127910
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
ҚБ Жаратылыстану 2-сынып
8 сынып ТЖБ қаз.әдебиет І тоқсан, график СОР и СОЧ Досмаилова, график СОР и СОЧ Досмаилова, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, ТЖБ БЖБ 2 В сынып, snrgaf 1 2018, География ұбт букс

3-тоқсан

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері



Бөлімше 1.1 3.4 Табиғат ресурстары


Оқу мақсаты

2.3.4.1 Табиғи ресурстардың қолданысын анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Табиғи ресурстардың қолданылу саласын анықтайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

  1. Адамдар суды қандай мақсатта пайдаланады? Сурет бойынша әңгімеле.




























  1. Суреттегі заттар қандай табиғи материалдан жасалған? Жаз.

______________ _____________________ ____________________



  1. Табиғи ресурстардан алынатын өнім атауларын жаз.

Табиғи ресурстар

Алынатын өнімдер

Құм




Жеміс




Мақта






Дескриптор


Білім алушы






Бөлімше 1.1 3.4 Табиғат ресурстары


Оқу мақсаты

2.3.4.2 Табиғи ресурстарды шығу тегі бойынша жіктеу (табиғи және антропогендік)


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Табиғи және жасанды ресурстарды ажыратады




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Табиғи ресурс көздерін бейнелейтін суреттерді белгіле (). Бос орынға жасанды заттың суретін сал.
























Дескриптор

Білім алушы

  • табиғи ресурс көздерін анықтайды;

  • антропогенді ресурс көздеріне мысал келтіреді.


Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.2 Бақылаудың басты белгілерін анықтау (мақсат, нысан, жоспар, мерзім, нәтиже)


Бағалау критерийі

Білім алушы



Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Берілген жағдаятты түсініп оқы. Сұрақтарға жауап бер.
Балалар қыстап қалған құстардың тіршілігіне бақылау жасамақшы болды. Ұл бала алдымен жоспар құрып алу керектігін айтты. Ал қыз бала алдымен бақылаудың мақсатын анықтау керектігін ескертті. Олар ортақ шешімге келе алмай, бір-бірімен ұзақ дауласты.


  • Балалардың қайсысы қателесті? Неліктен?





  • Бақылау жасаудың қандай белгілері бар? Оларды ретімен жаз.




  1. __________________

  2. __________________

  3. __________________

  4. __________________

  5. __________________



Дескриптор


Білім алушы

- жағдаятқа қатысты дұрыс жауапты анықтайды;

- өз көзқарасын дәлелдеп, негіздейді;

- бақылау жасаудың басты белгілерін атайды.




Бөлім: Жер және Ғарыш





Бөлімше 4.1 Жер


Оқу мақсаты

2.4.1.1 Жер мен Күн арасындағы байланысты түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Күннің Жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері туралы айтады.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Күн Жердегі тіршілікке қалай әсер етеді? Оның қандай пайдасы бар? Күн Жер бетіне қандай зиян тигізуі мүмкін? Суретке сүйеніп әңгімеле.


Тірек сөздер: Күн, ауа райы, жарық, жылу, жануарлар мен өсімдіктер, тіршілік.


Дескриптор


Білім алушы

  • Күннің Жердегі тіршілікке тигізетін әсері туралы әңгімелейді;

  • Күннің пайдалы және зиянды әсерлерін анықтайды.






Бөлімше 4.1 Жер


Оқу мақсаты

2.4.1.2 Жердің табиғи серігін анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жер ғаламшарының табиғи серігін атайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну


Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Бұл - Жерге ең жақын ғарыш денесі. Ол өзінен жарық шығармайды. Жерді айнала қозғалады. Жер бетіне күндіз де, түнде де көрінеді. Оның массасы біздің ғаламшарымыздың массасынан өте аз. Бұл аспан денесін «Жердің табиғи серігі» деп атайды.


  • Мәтінде қай ғарыш денесі туралы айтылады?

  • Суреттен тауып, тұсындағы бос орынға атауын жаз.






Дескриптор



Білім алушы

- мәтінде сипатталған денені атайды;



- суреттен Жердің табиғи серігін белгілеп көрсетеді.



Бөлімше 4.2 Ғарыш


Оқу мақсаты

2.4.2.1 Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу тәртібін анықтау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін көрсетеді.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма
Бос ұяшыққа Күн жүйесіне енетін басқа ғаламшарлардың суретін сал немесе атауын жаз. Ғаламшарларды Күн жүйесіндегі орналасу ретіне сәйкес нөмірле.


















































Дескриптор


Білім алушы

- Күн жүйесі ғаламшарларының қатарын толықтырады;

- Күн жүйесі ғаламшарларының орналасу ретін анықтайды.




Бөлімше 4.2 Ғарыш


Оқу мақсаты

2.4.2.2 Күн жүйесі ғаламшарларын салыстыру.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Күн жүйесі ғаламшарларының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Тапсырма

Жұптық жұмыс

Суретті пайдаланып, ермексаздан кез келген ғаламшардың үлгісін жаса.


Жұптасыңа өзің жасаған үлгіні сипаттап айтып бер. Өз үлгіңді оның жасаған үлгісімен салыстыр.





Дескриптор


Білім алушы

- ермексаздан ғаламшардың үлгісін жасайды;

- өзі жасаған ғаламшар үлгісін сипаттап айтады;

- ғаламшарларды салыстыра сипаттайды.







Бөлімше 4.3 Кеңістік және уақыт


Оқу мақсаты

2.4.3.1 Негізгі уақыт өлшем бірліктерін ажырату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Уақыт өлшем бірліктерін атайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану


Тапсырма
Тақтада жазылған сөздерді мұқият оқы. Оқушының қатесін тауып, уақыт өлшем бірліктеріне жатпайтын сөздерді сызып таста.



  • Уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен теріп жаз:

__________________________________________________________


Дескриптор


Білім алушы

- уақыт өлшем бірліктерін ажыратады;

- уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен жазады.




Бөлімше 4.3 Кеңістік және уақыт


Оқу мақсаты

2.4.3.2 Ғарыштағы қашықтық пен уақыттың ерекшеліктерін түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ғарыштық өлшемдердің (уақыт пен қашықтық) ерекшеліктерін сипаттайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну

Қолдану



Тапсырма

  1. Жан- жағыңдағы кез келген екі заттың арасын өлшеп көр.

  • Қандай өлшем бірліктерін қолдандың? Жаз.___________________________




  1. Суреттегі ғаламшарлардың арасындағы қашықтықты осы өлшемдермен өлшеуге бола ма? Неліктен?




  • Дереккөздерден Жер мен Айдың ара қашықтығы туралы ақпарат жинақта.

  • Ғарыштық өлшемнің қандай ерекшелігі бар? Әңгімеле.



Дескриптор


Білім алушы

- кез келген екі заттың арасын өлшейді;

- қолданылған өлшем бірліктерін санамалайды;

- Жер мен Айдың ара қашықтығы туралы ақпарат жинақтайды;

- деректерге сүйеніп ғарыштық өлшемдердің ерекшеліктерін

сипаттайды.






Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.1 «Ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Ақпарат көзінің зерттеу жасаудағы рөлін сипаттайды




Ойлау дағдыларының деңгейі


Білу және түсіну



Тапсырма
Күн жүйесі туралы мәліметтер жинақтау үшін қандай ақпарат көздерін қолдануға болады? Белгіле ()


  1. Жануарлар туралы фильм

  2. «Күн жүйесі» туралы фильм

  3. «Жұлдызды аспан» энциклопедиясы

  4. «Өсімдіктер әлемі» кітабы

  5. Ғаламшарды бейнелейтін суреттер

  6. Мұғалімнің «Дыбыс» туралы түсіндірмесі

  7. Ауа райы туралы жазылған мәтін







  1. Тағы қандай ақпарат көздерін қолдануға болады?

  2. Зерттеу жүргізу үшін ақпарат көздерінің қандай қажеттілігі бар?



Дескриптор


Білім алушы

- ұсынылған сұраққа жауап табуға көмектесетін ақпарат көздерін белгілейді;

- ақпарат көздерінің қатарын толықтырады;

- ақпарат көздерінің зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіреді.






Бөлімше 1.2 Табиғатты тану әдістері


Оқу мақсаты

2.1.2.5 Құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жоспар бойынша бақылау жүргізеді.

  • Бақылау нәтижесін қорытындылайды.




Ойлау дағдыларының деңгейі


Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары



Тапсырма


  • Ұсынылған жоспар бойынша Айға бақылау жаса.


Мақсат: Ай пішінінің қалай өзгеретінін білгім келеді.

Нысан: Ол үшін Айды бақылаймын.

Жоспар:

  1. Айды үздіксіз бақылау

  2. Бақылауды тәуліктің кешкі уақытында жүргізу

  3. Кестеге Айдың суретін салып жүру

Мерзімі: Бақылауды 1 ай бойы жүргіземін.

Нәтиже: Айдың пішіні қандай түрде бола алатындығын анықтаймын.



  • Әр кезеңде Айдың пішіні қалай өзгереді? Кестеге суретін сал.




Бақылаудың басында

Бір аптадан соң

Екі аптадан соң

Үш аптадан соң

Бір айдан соң

















Дескриптор


Білім алушы

- жоспар бойынша Айға бақылау жасайды;

- бақылау нәтижесін кестеге түсіреді;

- Айдың пішініндегі өзгерістерді анықтайды және сипаттайды;

- бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет