Суретке мұқият қара. Қораптарды орнынан қозғалту үшін балалар қандай әрекеттер жасады?
1
2
1-бала: қорапты ____________________________
2-бала: қорапты ____________________________
Cыныптағы жекелеген заттарды (кітап, сөмке,парта т.б.) орнынан қозғалтып көр. Қандай әрекеттер жасадың? Кез келген денені қозғалысқа келтіру үшін қандай күштер жұмсалады?
Дескриптор
Білім алушы
- бірінші денені қозғалту үшін жасалған әрекетті анықтайды;
- екінші денені қозғалту үшін жасалған әрекетті анықтайды;
- денені қозғалысқа түсіретін күштерді атайды.
Бөлімше 5.1 Күш және қозғалыс
Оқу мақсаты
2.5.1.4 Массаны анықтауға арналған құралдарды таңдау және пайдалану
- өз денесінің температурасын анықтайды және нәтижесін жазады;
- жылы судың температурасын анықтайды және нәтижесін жазады;
- суық судың температурасын анықтайды және нәтижесін жазады;
- бөлме ауасының температурасын анықтайды және нәтижесін жазады.
Бөлімше 5.6 Магниттілік
Оқу мақсаты
2.5.6.1 Магниттерді қолдану аясын сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Магнитті қолдану саласы туралы әңгімелейді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма
Біздің өмірімізде магнитті қайда және не үшін пайдаланады? Сурет бойынша әңгімеле.
Магнитті тағы не үшін қолдануға болады? Түрлі дереккөздерден ақпарат жинақта және әңгімеле.
Дескриптор
Білім алушы
- магниттің медицина саласындағы қолданысы туралы әңгімелейді;
- магниттің құрылыс саласындағы қолданысы туралы әңгімелейді;
- магниттің ойыншық жасау саласындағы қолданысы туралы әңгімелейді;
- магниттің қолданыс аясы туралы деректер жинайды және әңгімелейді.
А
В
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
2.1.2.1 «Ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ақпарат көзінің зерттеу жасаудағы рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма Берілген ақпарат көзін пайдаланып, сыбызғы аспабының дыбысын сипаттап айт. (https://www.youtube.com/watch?v=eyLm6UHjsf8)
Сұрақтарға жауап бер.
Бейнефильмнен сыбызғы туралы қандай ақпарат алдың?
Сыбызғының дыбысы неге ұқсайды?
Бейнефильмді «ақпарат көзі» деуге бола ма?
Сыбызғының дыбысын сипаттау үшін бейнефильмнің пайдасы болды ма?
Ақпарат көзінің зерттеу жасауда қандай маңызы бар?
Дескриптор
Білім алушы
- сыбызғы аспабының дыбысын сипаттайды;
- сұрақтарға жауап береді;
- ақпарат көзінің зерттеу жасаудағы маңыздылығы туралы
әңгімелейді.
Бөлімше: 1.2 Табиғатты тану әдістері
Оқу мақсаты
2.1.2.7 Эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тәжірибе жасайды және нәтижесін кестеге жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма Қолыңа магнит кесегін алып, жан-жағыңдағы заттарға жақындатып көр. Магнитке тартылатын және тартылмайтын заттарды анықта. Нәтижесін кестеге түсір.