Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген заттарды атайды;
суреттердің орындалу тәсілін анықтайды;
жұмысты қарапайым тәсілдердің бірін қолданып орындайды;
өз жұмысын сипаттайды, орындалу тәсілін түсіндіреді.
Еркін тақырыпқа сурет сал.
Ол үшін:
Акварель бояуына арналған А4 парағына қарындашты ақырын баса отырып, суреттің эскизін сал.
Қағаздың бетіне үлкен қылқаламмен таза су жағып шық.
Қағаздағы су кеппей тұрғанда акварель бояуымен суретті түсіне қарай бояп, сала баста.
Жұмысты кептір.
Өз жұмысыңды жұбыңа сипаттап айтып бер.
Дескриптор Білім алушы
суреттің эскизін салады;
жұмыстың кезеңдерін сақтай отырып орындайды;
бейнеленген нысандардың түсін, пішінін дұрыс көрсетеді;
өз жұмысын сипаттап айтады.
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары мен
техникалары
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып,
эксперимент жүргізеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Суретте нелер бейнеленген? Оң жақтағы төменгі дақтарды неге ұқсатасың? Бұл суреттерді салу үшін қандай материалдар қолданылған деп ойлайсың?
Топтық жұмыс. Бояу дақтарымен сурет салуға бола ма? Эксперимент жасап көр.
Ол үшін:
Мұғалімнің көмегімен еденге үлкен қағаз жолақша төсе.
Сыныптастарыңмен бірге оның бетіне әр түсті бояу дақтарын түсір.
Шырын ішетін түтікпен бояу дақтарын жан-жағынан үрле.
Араласып кеткен бояу дақтарының арасынан жеке пішіндерді анықта.
Оларды сызықтармен толықтырып, суретке айналдыр.
Салған суреттеріңді қабырғаға іліп қойып, пайда болған бейнелерді ата.
Дескриптор Білім алушы
суретте бейнеленген пішіндерді сипаттайды;
қолданылған материалдарды атайды;
жұмыстың кезеңдерін сақтай отырып орындайды;
бояу дақтарының арасынан пішіндерді анықтап, толықтырып салады;
пайда болған бейнелерді атайды.
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Бөлімше Дайындау технологиялары
Оқу мақсаты 1.2.3.1 Қарапайым тәсілдермен материалдарды және
компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бұйымды жасауда өлшеудің қарапайым
тәсілдерін қолданады және бөліктерін дұрыс
біріктіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Қағаздан суреттегі жұлдызқұртты жасап көр.
Ол үшін:
Түрлі-түсті қағаз, картон, қайшы, желім, қарындаш дайындап ал.
Шаблонның көмегімен қағаздан үлкендеу дөңгелек қиып алып, оған жұлдызқұрттың көзін, аузын, мұртшасын желімдеп, басын жаса.
Әр түсті қағаздан 8 орташа және 1 кіші дөңгелек қиып ал. Бұлар жұлдызқұрттың денесі болады.
Дөңгелектерді картон қағаздың бетіне суреттегідей етіп біріктіріп, желімде.
Өз жұмысыңды сипатта.
Дескриптор Білім алушы
2-тоқсан
Ортақ тақырып «Менің отбасым және достарым»
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше 1.2 Өнер, мәдениет, дәстүрлерді білу және түсіну
Оқу мақсаты 1.1.2.1 Бейнелеу өнерінің негізгі түрлері мен жанрларын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Берілген суреттердің жанрын анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Тапсырма
Суретте кімдер бейнеленген? Бейнелеу өнерінің бұл жанры қалай аталады?
Төменде берілген портреттерді сипатта. Қандай айырмашылық байқадың? Суретші олардың жасын қалай бейнелеген?
Достарыңызбен бөлісу: |