Дескриптор Білім алушы
суреттегі балалардың көңіл күйлерін анықтайды;
сызбадағы кезеңдер арқылы досының портретін салады;
портретте досының көңіл күйін нақты көрсетеді.
Ненің суретін салуды жақсы көресің? Өзіңе ұнайтын заттың суретін сал және боя. Ол туралы жұбыңа айтып бер.
Дескриптор Білім алушы
өзі ұнататын заттың суретін салады;
затты түсіне келтіріп бояйды;
жұмысы туралы жұбымен бөліседі.
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Бөлімше 2.2 Шығармашылық жұмысты орындау материалдары
мен техникалары
Оқу мақсаты 1.2.2.1 Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып,
материалдарды (табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қарапайым құралдар мен материалдарды қолданып,
эксперимент жүргізеді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттерге мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.
Суретші қандай түстерді пайдаланған?
Ең күңгірт түстер қайсысы?
Түстердің реңктері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
Әр шеңберді сары түспен боя.
Әр шеңберге әр түрлі мөлшерде (тамшылармен) қызыл түс қосып, араластырып көр.
Түстерді салыстыр және сипатта.
Сары және көк түстерді, көк пен қызыл түстерді араластырып байқа. Қандай түстер шықты?
Достарыңызбен бөлісу: |