Дескриптор Білім алушы
ұсақ заттармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесін айтады.
Бөлім Презентация, талдау және бағалау
Бөлімше 3.3 Шығармашылық жұмысты талқылау және бағалау
Оқу мақсаты 1.3.3.1 Шығармашылық жұмысын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Баспа басу әдісімен жасаған жұмысыңды таныстыр.
Баспа басу үшін қандай материалдарды қолдандың?
Қандай түстерді пайдаландың?
Бұл техника арқылы тағы қандай заттар жасағың келеді?
Дескриптор Білім алушы
қолданған материалдарын атайды;
жұмыстың жасалу техникасын түсіндіреді.
Жемістер мен көкөністер бөлімінде жасаған жұмысыңның бірін таныстыр.
Өз жұмысыңды сипаттап айт.
Жұмыс барысында не ұнады?
Қандай қиындықтар кездесті?
Дескриптор Білім алушы
өз жұмысының мазмұнын сипаттайды.
жұмыстың жақсы/осал тұстарын айтады.
Ортақ тақырып «Дені саудың - жаны сау»
Бөлім Шығармашылық идеяны зерттеу және дамыту
Бөлімше 1.3 Шығармашылық идеяларды дамыту
Оқу мақсаты 1.1.3.1 Шығармашылық идеялары мен сезімдерін (көңіл-
күйі, мінезі) өнердің суреттеу құралдармен көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көркем құралдармен жұмыс істейді
• Сурет арқылы көңіл-күйін мінезін ашады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Суреттегі баланың көңіл-күйін сипаттап жаз және суретті боя.
Дескриптор Білім алушы
көңіл-күйді сипаттап жазады;
көркем сурет құралдарымен жұмыс істейді;
суретті ұқыптылықпен бояйды.
Берілген суреттерден ұлттық биді бейнелейтін сұлбаны белгілеңіз және сипаттаңыз.
Дескриптор Білім алушы
ұлттық нақыштағы сұлбаны анықтайды және сипаттайды.
Бөлім
|
Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
|
Бөлімше
|
2.3 Дайындау технологиялары
|
Оқу мақсаты
|
1.2.3.2
|
Айқындалған материалдармен (ермексаз,
|
|
қолданыстан шыққан, қағаз материалдары)қарапайым
|
|
көлемді пішіндерді жасау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
|
•
|
Түрлі материалдарды (ермексаз, қолданыстан
|
|
|
шыққан заттар, қағаз материалдары және т.б.)
|
|
|
қолданып, көлемді пішіндер жасайды
|
Ойлау дағдыларының
|
Қолдану
|
деңгейі
|
|
|
Тапсырма
Ермексаздан ұнататын спорт түрін таңдап алып, оның құралдары мен киімдерін жаса.
Ол үшін:
Өзіңе ұнайтын спорт түрін таңдап ал.
Ермексаздан құралдары мен киімдерінің пішінін жаса.
Қосымша бөлшектерін біріктір.
Қатырма қағаздан жолақша қиып ал.
Жұмысыңды қатырма қағазға бекіт.
Дескриптор Білім алушы
нұсқауға сүйеніп, ермексазбен жұмыс жасайды.
Бөлім Шығармашылық жұмысты жасау және дайындау
Бөлімше 2.4 Қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқу мақсаты 1.2.4.1 Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды
және құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Құралдарды қауіпсіз қолдану ережесін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Топтық жұмыс. Еңбек сабағына қатысты қауіпсіздік ережесіне арналған плакат жасаңдар.
Ол үшін:
Қауіпсіздік ережесін сақтауға қатысты белгілер ойластырып, суретін салыңдар.
Жұмысты бірлесіп бояңдар.
Өз жұмыстарыңды таныстырыңдар.
Дескриптор Білім алушы
техника қауіпсіздігін бейнелейтін суреттер салады;
қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.
Құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі туралы айтылған сөйлемдерді мұқият тыңда. Олардың дұрыс/бұрыстығын ажыратып, тұсындағы торкөзге «+» немесе «-» белгісін қой.
Құралдардың үшкір жағын өзіңе қаратып ұстауға болмайды.
Жұмыс кезінде алаңдап отыру керек.
Жұмысты бітірген соң қолды сабындап жуу керек.
Ине мен жіпті сыртқы қаптамасымен бірге беру керек.
Дескриптор Білім алушы
қауіпсіздік ережелерінің дұрыс/бұрыстығын анықтайды және белгілейді.
Бөлім Презентация, талдау және бағалау
Бөлімше 3.1 Презентация
Оқу мақсаты 1.3.1.1 Өзінің жұмысын (эскиз, бұйым) қарапайым
тәсілдермен таныстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өз жұмыстарын таныстырады және сипаттайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма
Көрмеге шығарған жұмыстарыңды таныстыр.
Көрмеге шығарған жұмысыңды таныстыр.
Оны таңдап алған себебің.
Қандай материалдар қолданып жасадың.
Жұмысты қандай техникада орындадың?
Дескриптор Білім алушы
көрмеге шығарған жұмысында қолданылған материалдар мен техниканы сипаттайды;
кездескен қиыншылықтары мен жақсы тұстарын атайды.
Төмендегі жоспарға сүйеніп, тоқсан көлемінде жасаған жұмыстарыңның біреуін таныстыр.
Бұл жұмысты таңдаған себебің.
Жұмысың қандай техникада орындалған?
Қандай материалдарды қолдандың?
Дескриптор Білім алушы
таңдаған жұмысын жоспар бойынша таныстырады.
44
Достарыңызбен бөлісу: |