Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Математика 6-сынып Құрметті мұғалім!



бет1/5
Дата16.02.2020
өлшемі323,15 Kb.
#58138
  1   2   3   4   5
Байланысты:
9-ОШ ФО Математика 6-сын қаз

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Математика
6-сынып

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып , тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

2

1-тоқсан 4


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар» 4
6.1 В Бөлім: «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану» 14
2-тоқсан 20
6.2 А Бөлім: «Рационал сандарға амалдар қолдану» 20
6.2 В Бөлім: «Алгебрлық өрнектер» 27
3-тоқсан 29
6.3 A Бөлім: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» 29
6.3 B Бөлім: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер» 32
4-тоқсан 29
6.3 A Бөлім: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу» 41
6.3 B Бөлім: «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер» 43

3

1-тоқсан


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»









Оқу мақсаты

6.1.2.2 берілген қатынасқа кері қатынасты табу




6.5.2.1 екі санның қатынасын оқу және жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы




• Екі санның қатынасын жазады




• Берілген қатынасқа кері қатынасты анықтайды

Ойлау дағдыларының

Қолдану

деңгейі





1-тапсырма

Берілген қатынастарды бөлшек түрінде жазып, қысқартыңыз:



  1. 6-ның 15-ке;

  2. 1,1-дің 18,7-ге;

  3. 21-дің 0,7-ге;

  4. 117-нің 90-ға.


Дескриптор: Білім алушы


  • берілген қатынастарды бөлшек түрінде жазады;

  • жазылған қатынастарды қысқармайтын бөлшек түрінде жазады.


2-тапсырма
а-ның b-ға қатынасы 2 23 -ге тең. Төмендегі қатынастарды есептеңіз:


a)

a + 2b

;

b)

a b




b

3a

















Дескриптор: Білім алушы


  • берілген қатынасты жазады;




  • бөлшектерді түрлендіреді;

  • қатынастардың мәндерін табады.


3-тапсырма


  1. 0,0125 санына;




  1. 1 23 және 1 56 сандарының қосындысына;




  1. 7 23 және 3,5 сандарының көбейтіндіндісіне кері сандарды жазыңыз.


Дескриптор: Білім алушы


  • ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдырады;







  • нәтижелерге кері сандарды жазады.

4

6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»

Оқу мақсаты 6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу

6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру

6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Анықтамасы бойынша пропорцияны анықтайды • Берілген сандардан пропорция құрастырады • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады



Ойлау дағдыларының Білу және түсіну

деңгейі Қолдану
1-тапсырма

Берілген сандардан пропорция құрып жазыңыз:



  1. пропорцияның анықтамасы бойынша:

3; 4,5; 8;

  1. пропорцияның негізгі қасиеті бойынша:


18 ; 12 ; 23 ;

12;
83 .





Дескриптор: Білім алушы





  • пропорция құрады.


2-тапсырма

Берілген пропорциядан а-ның b-ға қатынасын өрнектеңіз:




a)

b

=

2

;

b)

a + b

=

10

;

c)

b

=

5

d)

b

=

b a

.




a




7







b







3







a b




2




5




3





Дескриптор: Білім алушы


  • пропорцияның қасиетін қолданады;

  • пропорцияның қасиеті бойынша өрнекті түрлендіреді;




  • қажетті қатынасты жазады.


3-тапсырма

х-ті табыңыз:

a) 2x 0.5 = 84 ;

4,5 108



b)

2







1

.




14 :




x

= 5 : 2







9

7























Дескриптор: Білім алушы


  • пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, өрнекті түрлендіреді;




  • есептеулерді орындайды;

  • белгісіз х-тің мәнін табады.

5


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»



Оқу мақсаты

6.1.1.2 қандай шамалар тура пропорционалды болатынын

түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару

6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын

түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару



Бағалау критерийі

Білім алушы


• Тура және кері пропорционалдылық тәуелділігін

ажыратады

• Тура пропорционалдықты есептер шығаруға

қолданады


• Кері пропорционалдықты есептер шығаруға қолдана

алады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1- тапсырма

Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын велосипедші белгілі бір жолдың бөлігін 6 сағатта жүріп өтті.



  1. Егер жүрілген жолдың ұзындығы 1,5 есеге артық болса, уақыт қанша есе өзгереді?

  2. Егер қозғалысқа кеткен уақыт 1 сағатқа кемитін болса, жүрілген жол қанша есе қысқарады?


Дескриптор: Білім алушы


  • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;

  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша уақытты табады;




  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша жүрілген жолдың өзгерісін есептейді.


2-тапсырма

Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған.



  1. Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек?

  2. Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді?


Дескриптор: Білім алушы


    • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;




    • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;

    • комбайн санын есептейді;

  • кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді.

6


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»



Оқу мақсаты

6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару





Бағалау критерийі
Білім алушы


• Пропорцияның түрін анықтайды

• Берілген шарттары бойынша пропорция құрып,

есептер шығарады



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма

Ерітіндідегі тұздың мөлшері 32%



  1. 75 кг ерітіндіде қанша кг тұз бар?

  2. Құрамында 12,8 кг тұз болуы үшін қанша кг ерітінді керек?


Дескриптор: Білім алушы


  • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;

  • пропорция құрады;




  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;

  • ерітіндідегі тұздың мөлшерін есептейді.


2-тапсырма

Қазаншұңқырдан суды 24 сорғымен 30 күнде тартып шығаратыны белгілі. Егер 6 сорғы істен шығып қалса, берілген жұмыс неше күнге кешігіп бітеді?


Дескриптор: Білім алушы


  • берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;

  • пропорция құрастырады;

  • пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;




  • уақыт айырмасын анықтайды.

7


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»



Оқу мақсаты

6.5.1.2 пайызға берілген есептерді пропорция арқылы шешу





Бағалау критерийі
Білім алушы


• Пайызға берілген есептерді пропорция құру

арқылы шығарады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма

Берілген жүкті тасымалдау үшін 16 автокөлік әрқайсысы 12 рейстен жүруі керек болады. Егер автокөліктің санын 25% - ға кемітетін болса, әр бір автокөлік берілген жүкті толық тасымалдау үшін әрқайсысы неше рейс жүруі керек?


Дескриптор: Білім алушы


  • процент арқылы автокөліктің санын есептейді;

  • пропорция құрастырады;




  • пропорцияның түрін анықтайды;

  • пропорция арқылы рейс санын есептейді.


2-тапсырма

Сиыр фермасында барлық ірі қараны жемдеу үшін 30 күнге жететін жем шөп дайындалған. Егер сиыр басын 40%-ке кемітіп, бір сиырдың күндік нормасын 25%-ке арттырса, дайындалған жем шөп неше күнге жетер еді?


Дескриптор: Білім алушы





  • пропорцияның түрін анықтайды;

  • пропорцияның негізгі қасиетін қолданып есептеулер жүргізеді;




  • уақытты есептейді.

8


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»



Оқу мақсаты

6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу





Бағалау критерийі

Білім алушы


• Есепті шығаруда шамаларды берілген қатынаста

бөлуді қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма

Оқушы 240 беттік кітаптың бірінші күні 5 бөлігін, екінші күні 4 бөлігін, ал үшінші күні қалған 3 бөлігін оқып бітірді. Оқушы әр күнде кітаптың неше бетін оқыды?


2-тапсырма

Тракторшылар 54 га егістік алқабын үш күнде 2:3:4 қатынасындай өлшемде орып бітірді. Әр күні қанша га жерді орғанын есептеңіздер.


Дескриптор: Білім алушы


  • бөліктердің қосындысын жазады;

  • барлық жұмысқа теңестіріп теңдеу құрады;




  • бір бөліктің мәні есептеледі;

  • әр күндегі мәндерді табады.

9


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»



Оқу мақсаты

6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану





Бағалау критерийі
Білім алушы


• Масштабты қолданып есептер шығарады


Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма



Атырау мен Астананың арақашықтығы (түзу бойымен алғанда) 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.


Дескриптор: Білім алушы


  • Атырау мен Астананың картадағы арақашықтығын өлшейді;

  • масштабтың анықтамасын қолданады;




  • бірдей өлшем бірлікке келтіреді;

  • қатынасты қысқартады;

  • жауабын жазады.


2-тапсырма

  1. Токио және Пекин қалаларының картадағы қашықтығы 30 см, нақты қашықтығы 1500 км. Картаның масштабын анықтаңыз.

  2. Осы екі қаланың 1: 25 000 000 масштабымен берілген картадағы арақашықтығын табыңыз (жауабын сантиметрмен беріңіз).


Дескриптор: Білім алушы


  • масштабтың анықтамасын қолданады;

  • км-ді см-ге айналдырады;




10


6.1 А Бөлім: «Қатынастар және пропорциялар»



Оқу мақсаты

6.3.3.2 шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы

тұрақты сан екенін білу

6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және

қолдану



Бағалау критерийі

Білім алушы


• санының мәнін есептейді

• Шеңбер және оның доғаларының ұзындықтарын

есептейді



Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма

(тәжірибелік тапсырма)








  1. Жіп арқылы табанының ұзындығын өлшеп алыңыз.

  2. Табанының диаметрін өлшеңіз.

  3. Табанының ұзындығының табан диаметрлеріне қатынастарын есептеңіз.

  4. Қорытынды жасаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет