Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Математика 5-сынып Құрметті мұғалім!



бет5/24
Дата26.12.2022
өлшемі0,71 Mb.
#164526
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
fo matematika 5-kl kaz

Бағалау критерийі Білім алушы
 Есептің шарты бойынша айнымалысы бар
өрнектерді құрады
 Әріпті өрнектерді есептер шығаруда қолданады


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары


деңгейі


1-тапсырма

Кітап 260 тг, ал альбом одан n теңгеге арзан. Бір кітап және екі альбом неше теңге тұрады. Әріпті өрнек құрыңыз.




Дескриптор: Білім алушы



  • альбом бағасы үшін өрнек құрастырады;

  • кітап пен альбомдар бағасы үшін өрнек құрастырады.

2-тапсырма

Бір жәшік алмұрт a кг, ал бір жәшік алма одан 2 кг ауыр. 4 жәшік алмұрт және 3 жәшік алма неше килограмм? Әріпті өрнек құрыңыз және а = 12 кг болғандағы мәнін табыңыз.


Дескриптор: Білім алушы

әріпті өрнек құрастырады;


әріпті санмен ауыстырады;


өрнектің мәнін табады.


19


5.1А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны»


Оқу мақсаты 5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау

5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу




Бағалау критерийі Білім алушы

 Натурал сандар қатарынан құралған тізбектің


заңдылығын анықтайды
 Тізбектің жетіспейтін мүшелерін табады


Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары


деңгейі


1-тапсырма

Бірінші қатардағы заңдылықты пайдалана отырып, екінші қатардың ортасындағы санды анықтаңыз:





а)










b)







c)










15

41

26







19

18

37




51

3

17








































19




12







17




46




57




19

Дескриптор:




Білім алушы

























  • заңдылықты қолданып, белгісіз сандарды табады.



2-тапсырма
Әр сан тізбегінің заңдылығын жазыңыз. Жетіспейтін элементті табыңыз:















Тізбек










Заңдылық




a)

1;

9;

3;







5;

13;

7; ...



















b)

9;

15;

27;







69;

99;

135;...



















c)

5;

6;

15;







25;

18;...

























Дескриптор: Білім алушы



  • тізбектің заңдылығын анықтайды;




  • заңдылықты қолданып, белгісіз сандарды табады.

20


5.1А Бөлім: «Натурал сандар және нөл саны»


Оқу мақсаты 5.2.3.3 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын
құрастыру және тізбектерді жазу


Бағалау критерийі Білім алушы
 Натурал сандардан тұратын тізбектердің
заңдылықтарын құрастырады



  • Заңдылықтарға бағынатын натурал сандар тізбегін құрастырады



Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


1-тапсырма
Тізбектің алғашқы төрт мүшесін жазыңыз:



  1. жұп сандардың тізбегін;

  2. әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 3-ке артық болатын сандардың тізбегін;

  3. әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 4 есе артық болатын сандардың тізбегін.



Дескриптор: Білім алушы



  • берілген заңдылықтарға сәйкес натурал сандар тізбегін құрастырады.



2-тапсырма

Натурал сандардан құралған тізбектер үшін екі заңдылық ойластырыңыз. Осы тізбектердің алғашқы бес мүшесін жазыңыз.




Дескриптор: Білім алушы



  • заңдылықтарды құрастырады;

  • тізбектердің мүшелерін жазады.

21


5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»


Оқу мақсаты 5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын
білу
5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу
5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу


Бағалау критерийі Білім алушы
 Натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін
анықтайды

 Сандардың ортақ бөлгіштерін табады


 Сандардың ортақ еселіктерін табады


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану


1-тапсырма

Тұжырымдардың ақиқаттығын анықтаңыз. Кестеде жалған тұжырымды «Ж», ақиқат тұжырымды «А» әріптерімен белгілеңіз:


8 саны – 77 санының бөлгіші


60 саны – 5 санының еселігі


15 саны – 90 санының бөлгіші


63 саны – 7 санының еселігі


20 саны – 3 санының бөлгіші




Дескриптор: Білім алушы



  • санның бөлгіштері мен еселіктері анықтамаларын пайдаланып, ақиқат тұжырымдарды көрсетеді.



2-тапсырма

3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен:



  1. 21 санының бөлгіштерін;




  1. 60 санының бөлгіштерін;

  2. 3-тің еселіктерін;

  3. 5-тің еселіктерін анықтаңыз.



Дескриптор: Білім алушы



  • Берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды;

  • Берілген сандардың еселіктерін таңдайды.



3-тапсырма

12, 36 және 60 сандарының барлық бөлгіштерін жазыңыз. Осы сандардың ортақ бөлгіштерін жазып, ішіндегі ең үлкенін көрсетіңіз.




Дескриптор: Білім алушы



  • берілген сандардың бөлгіштерін жазады;




  • ортақ бөлгіштерін анықтайды;

  • ең үлкен ортақ бөлгішті көрсетеді.

22


4-тапсырма

10 және 15 сандарына еселік болатын барлық екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз.




Дескриптор: Білім алушы



  • 10 санының еселіктерін жазады;







  • ең кіші ортақ еселіктің астын көрсетеді.

23


5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»


Оқу мақсаты 5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу
5.1.2.7 құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу


Бағалау критерийі Білім алушы
 Жай сан мен құрама сандарды анықтайды
 Құрама сандарды жай көбейткіштердің
көбейтіндісі түрінде жазады


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану


1- тапсырма
Дұрыс тұжырымдарды көрсетіңіз.



  1. жай санның екі ғана бөлгіші бар




  1. жай сандар шексіз көп




  1. 1 саны – жай сан




  1. құрама санның екіден артық бөлгіші бар




  1. барлық тақ сандар - жай сандар




  1. барлық жұп сандар – құрама сандар




  1. жай сандардың көбейтіндісі - жай сан




  1. жай саннан кейінгі сан – құрама сан



Дескриптор: Білім алушы



  • жай сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды;




  • құрама сандардың анықтамасына сәйкес дұрыс тұжырымдарды анықтайды.



2- тапсырма
Мына сандардың ішінен 1; 2; 5; 18; 29; 42; 59; 64; 104:

а) жай сандарды теріп жазыңыз;



  1. құрама сандарды теріп жазыңыз.



Дескриптор: Білім алушы



  • берілген сандардың ішінен жай сандарды жазады;

  • берілген сандардың ішінен құрама сандарды жазады.



3-тапсырма
Сандарды жай көбейткіштерге жіктеңіз:



  1. 510;

  2. 1092;

  3. 8645.



Дескриптор: Білім алушы

  • берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктейді.

24


5.1В Бөлім: «Натурал сандардың бөлінгіштігі»


Оқу мақсаты 5.1.2.5 натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік
белгілерін қолдану


Бағалау критерийі Білім алушы
 Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды
 Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік
белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады


Ойлау дағдыларының Қолдану


деңгейі


1-тапсырма
Сұрақтарға жауап беріңіз:



  1. 971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз бөлінеді?




  1. 46 үш таңбалы санындағы жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?

Дескриптор: Білім алушы



  • 2-ге бөлінетін сандарды теріп жазады;

  • 5-ке бөлінетін сандарды теріп жазады;

  • 10-ға бөлінетін сандарды теріп жазады;




  • бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып жұлдызшаның орнына тиісті цифрды қояды.

2-тапсырма

Данияр бес бірдей ойыншық сатып алды. Егер сатушы 286 теңге төлеу керек десе, ол дұрыс есептеген бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.


Дескриптор: Білім алушы

  • санның 5-ке бөлінгіштік белгісін қолданады;




  • сатушы ойыншықтардың бағасын дұрыс немесе қате есептегенін анықтайды.

25




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет