Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Сауат ашу 1-сынып Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына


Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»



бет43/45
Дата21.11.2019
өлшемі10,76 Mb.
#52171
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
ҚБ сауат ашу (1)
ҚБ сауат ашу (1), математика кб 1-сын

Бөлімше 3.4 «Оқыған/тыңдаған материалдың мазмұнын жазу»


: 1.3.4.1. Мұғалім көмегімен оқыған/тыңдаған

мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.



Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:

Бағалау критерийі: Білім алушы

  • Мәтіндегі оқиғаның ретін анықтайды.

  • Мәтінге қатысты ақпаратты сурет/сызба/ белгілерді қолданып жеткізеді.

Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтіннің мазмұнын суретпен/сызбамен жазып көрсетіңіз.

Есік алдында жатқан бір түйір Бидай мен Жүгері таласты да қалды:


  • Мен ірімін, - деді Бидай.

  • Жоқ, мен! - деді Жүгері.

Сөйтіп олар көзге түсіп қалды. Әтеш келді де, екеуін екі шоқып жеп алды.

 Орынсыз айтыстың нәтижесі не болды? Жұпта әңгімелеңіз.



Дескриптор: Білім алушы

  • мәтінді оқиғаның ретін анықтайды;

-мәтінге қатысты ақпараттарды сурет/сызба арқылы бейнелейді.

  • мәтіннің мазмұны бойынша ой қорытып айтады.

Бөлімше 3.5 «Мәтінді түрлі формада құрастыру»


:

1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

 Тірек сөздер/сызбалар/суреттер/белгілердің көмегімен жай сөйлемдер/шағын мәтін құрастырып жазады.



Тапсырма

Мәтіннің бастапқы бөлігін мұқият тыңдаңыз. Суретке сүйеніп, берілген мәтінді аяқтап жазыңыз. Айдар бүгін ерте оянды. Ол алдымен жаттығу жасады, төсегін жинады. Содан соң..





Дескриптор: Білім алушы

  • мәтіннің бастапқы бөлігіне сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құрастырады;

  • мәтінді сурет/сызба/тірек сөздерді қолдана отырып жазады.

Бөлімше 3.6 «Түрлі жанрда шығармашылық мәтін жазу»

:

1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Тапсырма

Жұптық жұмыс.

Білім алушы

 Әр түрлі жанрда (хабарлама/ нұсқаулық) сөйлемдер /мәтін құрап жазады.



Суреттер мен тірек сөздерді пайдалан отырып, жеміс салатын жасауға арналған нұсқаулық жазыңыздар. Жанрын

Алдымен ...

Содан соң ...

Соңында ...

Жеміс салаты дайын болды. Ас болсын!



Дескриптор: Білім алушы

  • суреттің реті бойынша нұсқаулық жазады; - нұсқаулықтың жанрын сақтап жазады; - сөйлемдерді қатесіз жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет