3 қадам- Адамның сіңірлік проприоцептивтік табандық рефлексі.
Ағзалардың соматикалық та және вегетативтік те қызметі реттелетін едәуір рефлекторлық доғалар жұлында түйіседі. Сол бұлшық еттің созылуына байланысты рецепторлардың тітіркендірілуімен рефлекторлық жиырылуды шақыратын қарапайым рефлекторлық реакциялар қатарына сіңірлік рефлекстер және созылулық рефлекстер жатады.
Қорытынды: адамның соматикалық жұлын-милық рефлекстерінің
орталық жүйке жүйесінің және жұлынның функционалдық жағдайын бағалауда едәуір диагностикалық маңызға ие.
№ 7.
1 қадам – Ауыздың айналасында орналасатын бұлшықеттер: ауыздың дөңгелек бұлшықеті (m. orbicularis oris), үлкен әлпеттік бұлшықет (m. zygomaticus major), кіші әлпеттік бұлшықет (m. zygomaticus minor), жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет (m. levator labii superioris), езуді көтеретін бұлшықет (m. levator anguli oris ), ұрт бұлшықеті (m. buccinator), күлкі бұлшықеті (m. risorius), езуді түсіретін бұлшықет (m. depressor anguli oris), төменгі ерінді түсіретін бұлшықет (m. depressor labii inferioris), иек бұлшықеті (m. mentalis).
2 қадам - Жасушаның кірпікшелері
1-клетка қабығы (цитолемма); 2-кірпікшенің цитоплазмасы; 3-шеткі қос микрофибриллалар; 4-орталық қос микрофибриллалар; 5-базальды денешік (кинетосома); 6-клетканың дистальды бөлімінің цитоплазмасы.
Достарыңызбен бөлісу: |