Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі



бет1/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

042-18.21.1.03/03.2014


Баспа.№__ ______20___ж

бет_253 беттің




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3деңгейлі құжаты

ПОӘҚ

042-18.21.1.03/03.2015



Оқу -әдістемелік материалдар

«Орман тұқым ісі»



Баспа.№__ ______20___ж


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В080700 «Орман шаруашылығы және орман ресурстары»

мамандығына арналған
«ОРМАН ТҰҚЫМ ІСІ » ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2015

МАЗМҰНЫ





  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар

  4. Курстық жоба және дипломдық жұмыс

  5. Білім алушылардың өздік жұмыстары


1ГЛОССАРИЙ

  1. Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі.

  2. Альбинизм –организмнің өзіне тән пигментінен айырылуы, ақ түсті өсімдік.

  3. Амфидиплоид- түр аралық будандастыру нәтижесінде екі диплоидтық хромосомалар жиынтығы қосылады да, будан организм (клетка) пайда болады. Оны аллотетраплоид деп те айтады, себебі хромосомалардың диплоидтық екі жиынтығы да екі бөтен түрлерден дарыған.

  4. Андрогенез – аталық гамефитті жасанды қоректік ортада өсіргенде, тек кана аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдік пайда болу процесі.

  5. Анеуплоид – ядро, клетка, хромасомалар жиынтығының бір немесе бірнеше хромосомаларға артуы немесе кемуі. Мысалы диплоидтық хромасомалар жиынтығы жалғыз бір хромасомаға кемісе- моносомик, бір жұп хромосомалары жойылсы –нукллисомик деп аталады.

  6. Апикальдік басымдылық –бұтақтың жоғарғы жағында, ұшында орналасқан бүршіктің төменгі жанама бүршіктерінің өсуін тежеуі.

  7. Апикальдік меристеманы өсіру - өсу конусының ең жоғарғы ұшынан бір немесе екі алғашқы жапырақ бастамасы бар оқшауланған бөлігін заласыздандырылған қоректік ортада өсіру.

  8. Апомикс – организмдердің жыныссыз жолмен пайда болған ұрықтар арқылы көбеюі.

  9. Апогамия – апомикстің бір түрі. Гаметалар түзілмейді, сондықтан ұрық аналық синергидтерден пайда болады.

  10. Ауксин – индол тобына жататын фитогармондар және олардың туындылары.

  11. Ауксотроптық клетка - қалыпты клетка қажет етпейтін, өзінің бөлініп өсуі үшін сыртқы ортаның қосымша бір факторын талап ететін клеткалар.

  12. Беккрос – қайыра будандастыру, буданды аталық немесе аналық форманың біреуімен қайта будандастыру.

  13. Биореактор – биотехнология өндірісінде микроорганизмдерді, өсімдік және жануарлар клеткаларын өсіру үшін қолданылатын апарат.

  14. Биотрансформация – қоректік орталарда өскен клеткалардың ферменттері қатысуы мен арзан және қоры мол бастапқы заттардан биологиялық активті қосылыстарды синтездеу (биологиялық жолмен бір затты басқа затқа айналдыру).

  15. Бордюлер- жапырақтарды сәнді өсімдіктерден тұратын жіңішке алаптар.

  16. Цибрид – аталық және аналық ретінде қосылысқан клеткалардың тек қана біреуінің ядросын (ядролық гендерін) қабылдау мен қатар екеуінің де, немесе баламалы біреуінің ғана цитоплазмалық гендерін бойына дарытқан будан клетка.

  17. Чага –қайың сүрегінде паразитті тіршілік ететін, дәрі дәрмек жасау саласында қолданылатын саңырауқұлақ.

  18. Вектор – өз алдына репликацияна алатын және бөтен генетикалық информацияны клеткаға тасымалдай алатын генетикалық элементтер.

  19. Вируленттілік- микроорганизмдердің ауыру тудырғыш қабілеті.

  20. Витрификация – өсімдіктерді жасанды ортада өсіргенде болатын қолайсыз құбылыс, өсімдіктер өте мол суланады да шыны тәрізді болып көрінеді.

  21. Генетикалық комплементация- будан клеткалар ішіндегі әрекеттесу негізінде, ақауы бар гендердің функциясын өз қалпына келтіруі.

  22. Гаплоид – сыңар, дара хромосомалар жиынтығы болатын ядро, клетка, организм, гаметаларда сыңар хромосома жиынтығы болады.

  23. Гаплопродюсер әдісі- будан ұрықтан ата –анасының біруінің хромосомаларының жойылып қалуы нәтижесінде шыққан гаплоид өсімдікті алу.

  24. Генезис- шығу пайда болу тегі.

  25. Ген экспрессиясы- ДНК молекуласындағы нуклеотидтер тізбегіндегі генетикалық информацияны жүзеге асыру. Ол негізгі үш сатыдан тұрады: транскрипция, процессинг, трансляция.

  26. Геном – белгілі бір түрге жататын организмдердің тек өзіне ғана тән сыңар (гаплоидтық) хромосомалар жиынтығы құрамына кіретін тек өзіне ғана тән бүкіл гендер.

  27. Генотип – организмнің немесе клетканың тұқым қуалаушылық негізін құрайтын гендердің жиынтығы.

  28. Гетерокарион- генетикалық айырмашылықтары бар екі клетканың қосылуынан түзілген будан клетка, бірақ ядролар бірікпеген.

  29. Гомокарион – генетикалық айырмашылықтары жоқ екі клетканың қосылуынан түзілген будан клетка, бірақ онда ядролар біріпекпеген.

  30. Гибберлин – фитогормон, негізінен флюорен дер туындылары (мысалы гиберлин қышқылы)

  31. Гиногенез- аналық гаметофитті қоректік ортада өсіргенде, аналық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу процесі

  32. Гистогенез – каллус ұлпаларын In vitro өсіргенде, әр түрлі ұлпалардың пайда болып, қалыптасуы, мысалы ксилемалық және флоэмалық элементтердің түзілуі (ксилемогенез, флоэмогенез)

  33. Гомозигота – диплоидтық немесе полиплоидтық клетка, организм; олардың гомологиялық хромосомалары белгілі бір геннің ұқсас аллельдерін ұстайды.

  34. Дән - ұрықтанып өзгерген ұрық.

  35. Детерминациялану – клеткалардың, ұлпа, мүше және организмнің белгілі бір даму жолына түсуіне дайындылығы, сонымен қатар басқа жолмен дамуға шек қойылады. Детерминациялану кезінде морфологиялық жаңа бағыттың дамуына түрткі болуға қажет ішкі жағдайлар туады.

  36. Дәндердің тазалығы өлшемдегі барлық дәндерге таза дәндердің қатынасы.



  1. Дедифференциялану- мамнаданған бөліну қабілетінен алынған клеткалардың жаңадан пролеферацияға (бөлінуге) көшуі.

  2. Дифференцировка – клеткалардың басқа клеткалардан ерекшеленіп, маманданған жағдайға көшуі.

  3. Диплоид – гаплоид гаметаға қарағанда хромосомалар саны екі еселенген, яғни хромосомасы жұптасып келетін ядро, клетка, организм. Диплоидтық хромосомалар жиынтығы сомалық (дене) клеткаларда болады.

  4. ДНК—ның лигазасы ДНК-ның полинуклеотидтер бөлшектерін (фрагменттерін) бір –біріне реттеп қосатын, жалғастыратын фермент.

  5. ДНК-ның репарациясы барлық организм клеткаларындағы нормалы биосинтез кезінде немесе түрлі физикалық және химиялық себептпрінен матрициалық ДНК ның зақымданған жерлерінің дұрысталып жпңадан түзілуі.

  6. ДНК-ның репликациясы- ДНК молекуласының екі еселеніп көбеюі. ДНК-ның екі спиралы жазылады, сутектік байланыстар ажырайды, жеке тізбекке үйлесімді, сәйкес жаңа тізбек (реплика) түзіледі.

  7. Интрон –ДНК мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері, прсессинг нәтижесінде рестриктаза ферментінің әсерімен интрон үзіліп түсіп қалып отырады да, қалған мағаналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық РНК түзіледі.

  8. Идиотип- организмнің барлық гендерінің (ядродағы, митохондриядаға, хлоропластардағы) жиынтығы.

  9. Изогендік линия- гомозиготалы организмдерден тұратын линия.

  10. Иммобильденген клеткалар- табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі қабатына бекінген, немесе полимерлік гельдер құрамына енгізіліп қозғалысы шектелген, осы ортада өсетін клеткалар.

  11. Иммуноферменттік талдау- «антиген-антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға негізделген иммунодиагностикалық әдіс; сезімталдылығы өте жоғары.

  12. Индукциялау- сыртқы орта немесе өсімдіктің даму жолын белгілеу. Олар индукторлар мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары, кейбір метоболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір жүйеге келтіреді, себебі, сол жүйенің ғана индукторлық әсерді қабылдауға мүмкіндігі бар.

  13. Инокулюм- жаңадан дайындалған қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін қолданылатын суспензияның азғантай бөлігі.

  14. Интегумент- дәнді өсімдіктердің тұқым бүршігінің қабықша ұлпасы.

  15. Интрон - ДНК молекуласында мағыналы кодтардың араларында кездесетін мағынасыз нуклеотид тізбектері; процессинг нәтижесінде рестриктаза ферментінің әсерімен интрон үзіліп түсіп қалып отырадыда қалған мағаналы тізбектерден пісіп жетілген информациялық РНК түзіледі.

  16. Каллус- ұлпа, өсімдік клеткаларының ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.

  17. Кариотип – организімдегі хромосомаларына тән белгілерінің жиынтығы, ол хромасомалар саны, пішіні, мөлшері, өлшемі, морфологиялық ерекшелігімен ерекшеленеді.

  18. Клетка циклі – клетканың бір бөлінуінен екінші рет бөлінуіне дейінгі клеткада жүретін тіршілік процестерінің жүйесі, ол митоздан (миоздан) және интерфазадан тұрады.

  19. Клеткалар популяциясы- жасанды қоректік ортада өсірілген клеткалардың жиынтығы.

  20. Клеткаларды мұздатып сақтау- мұздатып алып өте төменгі -196 С температурада сақтау.

  21. Клетка генерациясының мерзімі- клетканың кезекті екі бөліну арасындағы мерзім.

  22. Клон- қоректік ортада жалғыз бір клеткадан көбейген клеткалар.

  23. Клондау- құрамында трансформация жолымен енгізілген ДНК-ы молекуласы бар, бактериялық клеткаларды қоректік агарға сеуіп, ДНК молекула қоспасын бөлу. Бір бактериялық колонияны бір клетканың ұрпағы деп түсіну керек, оның барлық клеткалары құрамында бір тиіптік рекомбинанттық ДНК молекуласы бар.

  24. Компентенция – клеткалардың, ұлпалардың, мүшелердің, организімнің индукторлық әсерді қабылдап алуға қабілеттілігі және әсер еткен факторға жауап ретінде өзінің даму бағытын өзгертуі.

  25. Комплементарлық ДНК- ферменттер қатысуымен жасанды жолмен синтезделген и РНК-ның көшірмесі. (кДНК)

  26. Жеке клеткаларды өсіру- жеке клеткаларды сирек отырғызып қоректік ортада өсіру; ол үшін өте құнарлы қоректік ортаны, «бағушы» немесе «қоректік қабатты» қолдану керек.

  27. Клеткалар суспензиясы- жеке клеткаларды немесе кішігірім клеткалар топтарын апаратура арқылы ауамен қамтамасыз етіп және араластыра отырып сұйық қоректік ортада өсіру.

  28. Жоғары дисперсиялық клеткалар суспензиясы- сұйық қоректік ортадағы клеткалардың жекелену дәрежесі жоғары суспензия (бір топта 50 клеткаға дейін) және морфологиясы біркелкі клеткалар (мөлшері орташа, цитоплазмасы тығыз)

  29. Клеткаларды қорландырып (мерзімді) өсіру- клеткалар суспензиясын жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасы жаңартпай өсіру.

  30. Клеткаларды үзіліссіз өсіру- клеткаларды сұйық қоректік ортаның үзілмей беріліп тұратын ағында өсіру.

  31. Клеткаларды ағынды жабық жүйеде өсіру- клеткалар өсетін сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.

  32. Клеткаларды ағынды жабық жүйеде өсіру- клеткалар өсетін сұйық орта үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.

  33. Клеткаларды ағынды- ағынсыз жүйеде өсіру – сұйық қоректік ортада өскен клеткалар суспензиясының бір бөлігі оқтын-оқтын алынып тұрады, оның орынына нақ сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.

  34. Клеткаларды ағында ашық жүйеде өсіру- үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа қоректік ортамен төгіліп сыртқа ағып шыққан клеткалар суспензиясының қарқыны (көлемдерінің) тең болуы.

  35. Клеткаларды турбидостатта өсіру- фотрэлементті қолданып биомасса концентрациясын тікелей бақылау арқылы, клеткаларды сыртқы жағдайдан ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.

  36. Клеткаларды хемостатта өсіру- құрамында өсуді тежейтін концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік ортада тұрақты жылдамдықпен биореакторға құйылып түсіп тұрады да, сондай жылдамдықпен өскен клеткалар суспензиясын алып отырады.

  37. Клеткаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж)- клеткаларды жаңадан дайындалған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа ауыстырып отырғызу.

  38. Клеткалардың тура селекциясы – клеткаларды тежегіштердің (ингибитор) қатысуында өсіріп, бұзылған метаболизмді қалпына келтіре алатындарын, яғни мутантттарды сұрыптау.

  39. Корреляция- өсімдік мүшелерінің үйлесімді әрекеттесуі, ол метоболитттерімен (трофикалық К) немесе фитогормондармен (гормондық К) реттеледі және жалпы өсімдік организімінің үйлесімді өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

  40. Криопротектор- клетканың мұздап қату нүктесін төмендетіп, клетка ішіндегі сумен байланысып клетканы механикалық және осмостық бүлінуінен қорғайтын зат.

  41. Қалыптасқан клеткаларды өсіру- «қалыптасқан клеткалар» редифференциялану немесе калус ұлпаларының мутациясы арқылы пайда болады; олардың негізгі белгісі ол фитогармондар жоқ қоректік орталарда өсуге қабілетті.

  42. Қосымша метоболиттер – өсімдік клеткаларында түзілетін бірақ олардың тіршілігі үшін аса қажет емес заттар.

  43. Құрылымдық ген- құрамында басқа биополимерлер (белок, РНК-ы) құрылымы туралы информация бар нуклеотидтер тізбегінің бөлігі; бірақ бұл ұғымға геннің эксперциясын реттейтін сигналдардың нуклеотидтер тізбегі кірмейді.

  44. Линия – құрамында ендік (маркерлік) белгілері бар штамды сұрыптау немесе бір клетканы көбейту арқылы алынған клеткалар.

  45. Липосомалар- жасанды түрде алынған фосфолипиттердің шар тәрізді денешіктері.

  46. Локус – хромосоманың генетикалық немесе цитологиялық картасындағы белгілі бір геннің (аллельдердің) орналасқан жері.

  47. Мацерация (гр. жұмсарту, жібіту) – өсімдік клеткаларын бөлу (ажырату), клетка аралық заттарды жою немесе еріту мақсатымен істелінетін әрекетттер.

  48. Мегаспора – әр түрлі спорасы бар жоғары сатыдағы өсімдіктердің ірі гаплоидтық клеткасы, ол аналық клетканың бастамасы.

  49. Микроспора – сыңар хромосомалар, жиынтығы бар клетка. Микроспора археспора клеткасының мейоздық бөліну нәтижесінде пайда болады, аналық гаметофиттің бастамасы.

  50. Мейоз – клеткалардың бөлінуінің ерекше жолы, әдісі, оның нәтижесінде хромосомалар сандары редукцияланып, азайып, екі еселенген диплоидтық жағдайдан тұтас сыңар гаплойдтық жағдайға өтуі.

  51. Модификациялық өзгергіштік – тұқым қуаламайтын өзгергіштік, генотипке қатысы жоқ, сыртқы ортаның әсерінен организм белгілерінің өзгеруі.

  52. Молекулалық будандастыру- комплементарлық нуклеотидтердің әрекеттесуінәтижесінде нуклейн қышқылдарын тізбектерінің арасында комплекстер түзуі.

  53. Миксоборгер- әр түрлі пішіндегі, үнемі гүлдеп тұратын көпжылдық өсімдік түрлері егілетін егінді алаптар.

  54. Мүк тәрізділер- жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең қарапайым құрлысты өсімдіктер.

  55. Ринофиттер- папортник тәрізді өсімдіктер, жалаңаш тұқымдылардың, плаундар, сына жапырақтылардың ата-тектері болып саналады.

  56. Риниялар-батпақты жерлерде тіршілік ететін, жер асты ризоидтары түзілген, тамыры жоқ дихотомиялық тиіпті бұтақтанған сабақтарының ұшында споронгиялары орналасқан, анатомиялық құрлысы қарапайым жоғары сатыдағы өсімдік.

  57. Репродуктивтік кезең деп ұрпақ бүршігі пайда болуынан бастап толық піскен дәндердің қалыптасуына дейінгі уақытты айтады

  58. Тұқымдар өміршеңдігі – бұл арнайы бір жағдайларда орынды өскін беру, сосын олардан өсімдік пайда болу.

  59. Өнгіштік – арнайы мемлекеттік стандартпен белгіленген уақытта дәндердің өніп және дұрыс дамып өскін беруі.



1 – модуль Орман тұқымдарының дамуы мен классификациялануы

1 Орман тұқым ісіне кіріспе.



Дәріс жоспары:

  1. Орман тұқым ісі пәнінің мақсаты және міндеттері.

  2. Ормандық тұқым тану ғылым ретінде. Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым беру, дән беру биологиясы

Орман тұқым ісі орман екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді:



  • орманды тұқымдандыруды аудандастыру;

  • өте жақсы ағаш формаларын сұрыптау;

  • аналық-тұқымдық екпелерді қалыптастырып, құрып және оларды күту;

  • фенологиялық байқаулар және болатын тұқым өнімдерін болжамдау;

  • орман тұқымдарын дайындау және оны өңдеу технологиясын;

  • тұқымдарды құжаттандыру, сақтау және тасымалдау;

  • егістік сапаларын тексеру;

  • бүрілер, жеміс және дәндердің аурулары және зиянкестерімен күресу және ауырулардың туындауын болдырмау шаралары.

Жоғары сапалы генетикалық құнды дәндерді алу – орман генетикасы, селекциясы және тұқым шаруашылығының басты мәселесі. Оны іске асыру кешенді шаралардың негізінде болады;

  • орман тұқым кешендерін құру, ол орман құрастыратын түрлердің гентикалық қорын тиімді қолданып сақтауға бағдарланады;

  • ұзақ уақыттық орман тұқым базасын және дәндердің генетикалық банкін ұйымдастыру;

  • сорт сынауды жүргізу және жақсартылған сорттық дәндерді өндіру.

Орманды көбейту және қалпына келтіру, дәндерді дайындаудан басталады, бірақта олардың сапасын тексеру керек. Дәндер сапасын, бүрілер мен жемістерді өңдегенде, сақтағанда және егуге дайындағанда да, бақылайды. Сондықтан дәндердің егістік сапаларын анықтау әдістерін орман тұқым станцияларының қызметкерлері білумен қатар, орманшылықтардың инженерлік-техникалық мамандарыда білу керек.

Селекциялық-генетикалық негізінде құрастырылған ұзақ мезгілдік орман тұқым базасын құрумен Қазақстандағы орман шаруашылықтарының жоғары сапалы дәндерге сұранысын қамтамасыз етуге болады.

1991-1992 ж.ж. орман тұқым ісінің деңгейін кеңінен көтеру негізінде, негізгі орман қалыптастыратын түрлердің генетикалық қорын табу, сақтау және көбейту, орман шаруашылықтарын селекциялық тұқымдық және екпелік материалмен қамтамасыз ету үшін, құрастырылатын екпелердің түрлік құрамын жақсарту ретінде Республикалық және Алматы ормандық селекциялық-тұқымдық орталықтар құралды.

Ормандық тұқым тану ғылым ретінде. Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым беру, дән беру биологиясы

Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым шаруашылығының теориялық негізі ормандық тұқым тану.

Ормандық тұқым танудың қарастыратын сұрақтары мыналар, тұқымның байлануын, дамуын және аналық өсімдікте болуын зерттеу және үдірістерге экологиялық факторлардың әсері. Тұқым тану сонымен қатар тұқымның тыныштық сақтауын, қартайуын және өлуін зерттейді. Осындай зерттеулердің көрсеткіштері сақтау және тұқымды алдын-ала дайындау әдістерін белгілеу негізі болады. Ормандық тұқым тану өсімдіктер анатомиясы және физиологиясымен, эмбриологиямен, генетикамен тығыз байланысты және олардың зерттеулеу әдістерін қолданады. Жаңа табыстар ормандық гентикада, биохимия мен биофизикада негізделіп жатыр. Ормандық тұқым тану қазіргі уақытта ғылымның негізгі келесі бағдарларымен тығыз байланыс деп есептеледі, яғни орман тұқым ісі, селекциялық – гентикалық негізіндегі орман тұқым шаруашылығы, интродуценттердің тұқым тануы.

Орман тұқым ісі келесі негізгі сұрақтарды шешеді, орман тұқымдарын аудандастыру, тұқым өнімін болжамдау және есептеу, тұқымды егуге дайындау және сапасын тексеру. Селекциялық – генетикалық негізіндегі орман тұқым шаруашылығы келесі проблемаларды қамтиды, яғни селекциялық негізінде орнықты ормандық тұқым базаларын ұйымдастыру, тұқым беруді жақсартатын шараларды, ормандық тұқым участоктері мен алқаптарын күту және қорғау. Интродуценттердің тұқым тануы бірнеше арнайы мәселелерді шешеді, ол ағаш өсімдіктерінің жаңа түрлерінің толық қабілетті тұқымдарын алумен байланысты.

Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым және дән беру биологиясы мыналардан құрастырылады: репродуктивтік кезең, тұқым өміршеңдігі, тұқымның тыныштық сақтауынан.

Репродуктивтік кезең

Тұқым беру биологиясы (гүлді өсімдіктер) және дән беру биологиясы (қылқан жапырақтылар) түсініктері жалпы қабылданған түсініктемелерге кірмейді. Өсімдіктердің тұқымның көмегімен көбеюін тұқым және дән беру биологиясы деп түсінеді. Әр ағаш тұқымдастардың дәндерінің өнімі мен сапасы біріншіден репродуктивтік кезеңімен байланысты.



Репродуктивтік кезең деп ұрпақ бүршігі пайда болуынан бастап толық піскен дәндердің қалыптасуына дейінгі уақытты айтады. Көптеген жапырақты ағаш тұқымдарында ұрпақ бүршігі гүлдерден бір жыл бұрын пайда болады, ал дәндері гүлдеген жылы қалыптасады. Қылқан жапырақтылар репродуктивтік кезеңнің ұзақтығымен гетерогендік топқа жатады. Ал кеңінен тараған биологиялық үрдіс – бір жылдық репродуктивтік кезең, яғни тұқым бүрі жазда салынады, спорогендік ұлпа кезінде, қыстайды, макроспорогенез көктемде аяқталады сосын тозаңданады. Бір вегетациялық кезеңде дән дамып пісіп үлгереді. Бұл топқа жататындар шырша, бал қарағай.

Кәдімгі қарағай – екі жылдық репродуктивтік кезеңімен дамитын өсімдік.

Боз арша – үш жылдық репродуктивтік кезеңімен дамитын өсімдік.

Өсімдіктердің репродуктивтік кезеңі гентикалық іс, бірақта кейбір жылдары фазалардың болатын күндері ерте әлде кеш болуы мүмкін. Бір өсімдіктің әр түрлі географиялық аудандарда репродуктивтік кезеңінің өту уақыты өзгереді. Көптеген ағаштық өсімдіктерде репродуктивтік кезеңнің ұзақтығы тиімді температуралар жиынтығымен тығыз байланысты. Орманшылар байқауымен, жазы салқын жылдары қылқан жапырақтыларда жылудың аздығынан ұрық толық дамымайды, сондықтан дәндердің сапасы өте төмен болады.

Орман ағаш тұқымдарында репродуктивтік кезеңнің ерекшеліктерін зерттеу тек теориялық мағына емес. Ақырғы жылдары бұл проблемаға көңіл бөлудің селекциялық жұмыс пен ормандық тұқым ісінде болашағы мол, өйткені тұқым беруді жақсартатын жаңа әдістер табылып жатыр.

Тұқымдар өміршеңдігі – бұл арнайы бір жағдайларда орынды өскін беру, сосын олардан өсімдік пайда болу. Орманда қалған дәндердің 1-2% өнеді, бірақта қолайлы жағдайларда, мысалы зертханаларда өнген дәндердің саны 100 % жетеді. Табиғи жағдайда теректер мен талдар өнгіштігін бірнеше күндер сақтайды, емен мен шамшат қыс бойы, қайың, қандыағаш, шаған және жөке ағаштары екі-үш жыл, қылқан жапырақтылар 5-6 жыл.

Дәннің өнуіне әсер ететін қоршаған ортаның басты факторлары су, температура, ауаның құрамы, жарық, топырақ құрамы, топырақ үстіндегі жәндіктер мен микроағзалар. Олар барлық табиғатта қарым-қатынаста және әрқашан өзгерісте. Әдебиетте отыз жылғы тәжірибе көрсеткіштері келтірілген, ол 500 өсімдіктер мен бұталардың дәндерінің зерханалық және топтық өнгіштігі туралы (Е. Неит, 1968). Өну жағдайына қарай 6 топқа бөлінеді:

1 топтық дәндеріне жарық керек жоқ, температураға өте сезімтал емес;

2 топтық дәндеріне жарық керек жоқ, әр түрдің өнуге температурасы бар;

3 топтық дәндеріне жарық керек, үй температурасында 7-12 тәуліктен кейін өнеді;

4 топтық дәндеріне жарық керек, 20-300 С 14-28 күнде өнеді;

5 топтық дәндерін 21-28 күн 3-500 С ылғалдандыру керек, сосын жарықта 14-28 күн өндіреді;

6 топтық дәндерін 2-6 ай стратификациялайды.

Орман ағаштары дәндерінің сапасы 1000 дәннің массалығымен, өну энергиясымен, зертханалық және топырақтық өнгіштігімен, тазалығымен анықталады



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет