Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі


Селекцияның бағдары және қайыңның сыртқы әлпеті



бет6/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Селекцияның бағдары және қайыңның сыртқы әлпеті

Қайыңды көп бағдарларда қолданғандықтан оның сорттық түрлерін жасау қиын. Сонда да қойылған мәселелерге сәйкес мына шешімдерге келуге болады: қайыңның өнімділігі, діңінің түзулігі және сүректің тез өсуі, ағаштарды сүректің қол өнеріне қолдануы , әрқашан тұқым беруімен, аурулар және зиянкестерге төзімділігімен сұрыптау.

Ұсақ жапырақты қайың биіктігі 12 м дейін ағаш, тегіс немесе бұдыр, сары-ақшыл немесе сұр қабығы бар, тапал және бұтақтанған болуы мүмкін. Бөрікбасы шашыраңқы, сабақтары тік.

Жас өркендері сұр немесе қызыл-қоңыр, ақ шайырланған, қысқа түктелген. Жапырақтары қабықты, жұмыртқа, жұмыртқа – элипс тәріздес, түбі үшкір әлде кең-үшкірлі, ұзындығы 2-5 см, жалпақтығы 1.5-4 см, басы үшкірленген, жас жапырақтарының жүйкелері сәл түктелген, ал дамығандары тегіс. Жүйкелерінің астыңғы жағы бұдыр-бұдыр. Жапырақ сабағы қысқа, ұзындығы 1,5 мм.

Қотыр қайың мен ақ қайыңды селекциялық жағынан зерттеулер тек басталып жатыр. Осы уақытта белгілі болғаны олардың морфологиялық өзгергіштігі. Қабығының әлпеті бойынша, қайың тегіс және дөрекі болып бөлінеді. Ақ қайың тегіс қабығымен фанера жасауға қолданылады. Дөрекі қайыңдардың физикалық-механикалық қасиеттері өте жақсы, бірақ нашар өседі. Дөрекі қабықты ромб тәрізді, тегіс қабықты және ақ қабықты түрлері барлық зерттелген аудандарда кездеседі.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Ерте заманғы селекция (қарапайым селекция) маңыздылығы қандай?

  2. Халықтық селекция маңыздылығы қандай?

  3. Өнеркәсіптік селекция маңыздылығы қандай?

  4. Ғылыми зерттеу селекциясы маңыздылығы қандай?


Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 365 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 45 б.

  4. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-321 с.

13-14 Орман тұқымының шикі затын дайындау, өңдеу және сақтау



Дәріс жоспары:

  1. Орман тұқымдарын өңдеу тәртібі

  2. Орман тұқымдарын сақтауға дайындау және ұйымдастыру

Тұқым алу үшін орман тұқымының шикі затын дайындайды, олар бүрілер мен жемістер. Тұқым шикізатын орман тұқымының нысандарында (көп және уақытша орман тұқымдық участоктерінде, кесуге арналған орман участоктерінде, саябақтарда т.б.). Тұқым алу үшін ормандық тұқым шикі заттарын өңдейді.

Тұқымдық шикі затты өте жоғары сапалы егістік материал беретін мерзімдерде жинау керек. Жинау мерзімі түрлердің биологиялық ерекшеліктерімен, ауа райы жағдайларымен және басқа ықпалдарымен байланысты. Сонымен қатар, дәндердің пісуімен олардың түсу мезгілдерін ескеру керек. Егер дәндер өнімділік пісуінде жерге түссе, онда шикізатты физиологиялық пісуінде жинау керек (самырсын, қайың т.б). Әрбір жағдайларда жинау мезгілін анықтау керек, өйткені ерте жиналса дәндердің өнгіштігі төмендейді, ал кешіксе дәндер ұшып кетуі мүмкін.

Тұқым шикі затын тұрған немесе құлатылған ағаштардан, жер бетінен, судан, мұзқатқақтан (жөке ағаш) жинайды. Тұқым шикі затын құлатылған ағаштардан кеспе ағаштарда жинайды, сондықтан кесу уақыты пісу мезгілі мен жеміс беруі мол жылдарға сәйкес келу керек.

Жер бетінен еменнің, жаңғақтың, талшынның, алманың, алмұрттың жемістерін жинайды.

Тұқым шикі затын жинау көп еңбекті қажет етеді. Ең көп еңбек қажет ететін орын - өсіп тұрған ағаштардан шикі зат жинау. Көлемді егіс алқабын құруға шығарылған шығынның 90% жемісті жинауға кетеді, ал одан басқа құрастыруға, өсіруге, күтуге, өнімді жинауға, сақтауға, тасымалдауға кетеді. Көп жағдайда ағаштың бөрікбасына шығу керек сосын өнімді түсіру, кесу және жинап қалыптастыру керек, ол үшін әр түрлі көтеруші жабдықтар бар: ДК-1, Белка, басқыштар.

Жинаушыларды бөрікбасына көтеру үшін әр түрлі гидрокөтергіштерді қолданады: АПГ-12, МШТС-2А, МШТС-2Т, ТВ-26 т.б. Бұл машиналар телескопиялық көтергіштермен қамтамасыз етілген. Олар бөрікбасына 2 адамға дейін көтереді.

Дәндерді дайындауға арнайы машиналар жасалған, шаңсорғыш тәрізді жұмыс істейтін, мысалы, сексеуілдің дәнін жинау үшін өзбек ғалымдары «ССМ-1» дән жинағышын жасаған, өнімділігі 8,6 кг/сағ.

Көбіне дайындалған орман тұқым шикі заты алдын - ала өңделмей егістікте қолданылмайды. Ол үшін дәндерді жемістер мен бүрілерден алу керек, қанатсыздандырып, қоспалардан тазалап, керек ылғалдылыққа дейін кептіреді. Жемістер мен бүрілерді өңдеу өте жауапты жұмыс. Оны орындау, жинау және тұқым материалын сақтау тұқымның егістік сапаларына көп әсер етеді.

Бүрілер, олардан дәндерді алу тәсілдері үш категорияға бөлінеді:

-бүрі кептіргіштерде өңделетін бүрілер (қарағай, шырша, сібір бал қарағайы);

-бөлшектелінетін (самырсын, еуропа балқарағайы) немесе бастырылатын (май қарағай) бүрілер;

- аршалардың бүріжидектері, қатты шырынды жемістерді өңдеу тәсілдеріне ұқсас.

Самырсын, сібір қарағайы, бал қарағай дәндерін бүріден механикалық бөлумен алады. Бұл түрлердің бүрілері қиын бөлінетін, ортаңғы діңі мықты және оңай бөлінетіндерге бөлінеді.

Қиын бөлінетін бүрілерді екі кезеңде өңдейді. Бірінші «АС-0,5» көмегімен діңін теседі, сосын «ММС-1» машинасымен механикалық бұзады және дәндерді бүріден бөледі. Ал самырсын мен май қарағайдың дәндерін алу үшін «ММС-1» машинасын қолданады.

Жапырақты түрлердің құрғақ және шырынды жемістерінен дәндер алу. Жапырақты түрлердің құрғақ жемістерінің тұқымдық ішкі заттарынан дәндер алып оларды қоспалардан бөледі.

Қайыңның дәндерін сырға гүлді уқалап алады. Қабыршықтарынан бөлу үшін 2 мм елеуіштен өткізеді, ал қанатсыздандыру үшін - 1 мм елеуіштен.

Қараған, қармала бұршақбастарын кептіріп, бастырады және ұшырады. Жапырақты түрлердің дәндерін алғанда оларды қанатсыздандыруға болады, ол үшін дән тазалағыш «СУМ-1» машинасын қолданады.

Талшын және жаңғақтылардың жемістерін сыртқы қабықтарынан арылтады, сосын қоспалардан тазартады.

Жарамды желудтерді жарамсыздардан бөлу үшін оларды суға салады. Сапасыздарды су бетіне шығады, ал сау желудтер түбіне түседі, оларды жинай кептіреді.

Талдардың дәнін алу үшін сырға гүлдерді 5 - 7см қалыңдықпен құрғақ, желдетілетін орынға жазады. Қауашақ жеміс ашылып ұлпа бөледі, оларды елеуіште дәндерден алшақтатады.

Шекілдеуікті дақылдардың ірі жемістерін жеміс езгіш, жеміс кескіш орындарында өңдейді.

Шырынды жемістер - дәнек жемістілер, жемістер, сүйек жемістер, тұт ағашының жеміс шоғырын сүйек бөлгіш немесе жеміс езгіш машиналарда өңдеп дәндерін жуып алады. Алынған дәндерді жуып араластырып кептіріп отырады немесе арнайы кептіргіште кептіріде, темпрература алма мен алмұртқа 35° С жоғары болмау керек, сүйек жемістілерге 25° С жоғары болмау керек.

Дәндерді қанатсыздандыру, тазалау және сорттау. Тұқым шикі затынан дәндерді алған соң оларды қоспалардан тазартады, сорттайды, ал қанаттыларды қанатсыздандырады. Орман шаруашылығында қанатсыздандыратын ОВС-2, СУМ-1 және тазартып сорттау машинасы МОС-1 қолданылады.

Қанатсыздандыру щеткесі бар барабандарда жүргізіледі. Ол жерде бөлу мен қатар тазарту және сорттау жүргізіледі.

Қарағай мен шырша дәндерін қанатсыздандырғанда, дәндерді жайып сулайды, сосын кептіріп араластыра отырып бөледі.

Қылқан жапырақты ағаштардың орман тұқымдарын бүрлерден және бүржидектерден ажыратып алу механикалық тәсілмен немесе бүрлердің ашылуы үшін оларды кептіру жолымен жүзеге асырылады.

Қарағайдың кейбір түрлерінің (самырсын, корей), сібір майқарағайының және аршалардың тұқымдарын ажыратып алу үшін механикалық өңдеу тәсілі қолданылады. Бұл орайда бүрлер арнайы машиналарда немесе қолмен ағаш балғалармен немесе ағаш үккіштермен ұнтақтау арқылы үгітіледі.

Сібір майқарағайының, шығыс биотасының және батыс боз аршасының бүрлері олар толық піскенге дейін жиналады, пісуі үшін кептіреді және арнайы машиналарда үгітеді. Бүрлерді арнайы машиналарда немесе қолмен ұнтақтайды.



Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, сібір балқарағайының, сібір майқарағайының бүрлерін тұқым ажырату үшін бүркептіргіштерде немесе табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіреді.

Бүрлерден ажыратып алынған тұқымдарды тұқым тазартқыш машиналарда, қанатсыздандырғыштарда, желпігіштерде немесе торларда қанатсыздандырады және желпиді. Кәдімгі қарағай мен шыршалардың тұқымын сумен қанатсыздандыруға болады. Бұл орайда қанатсыздандырылмаған тұқымдарды жылы бөлмеге (ауа температурасы 25oС) жайманың үстіне 10 см-ге дейін қалыңдықпен шашып, 1 кг тұқымға 100 г су есебімен бүріккішпен біркелкі дымқылдайды. Күні бойы орман тұқымдарын бірнеше рет аударыстырады, содан соң желпиді.



Сукачев балқарағайы мен Шренк шыршасының толық дәнді орман тұқымдарын дәні жоқ тұқымдардан оларды: балқарағайды - 4-5 сағат және шыршаны 15-20 сағат суға батырып қою арқылы бөліп алуға болады. Тұқым мен судың арақатынасы тиісінше 1:5.

Судың бетіне қалқып шыққан орман тұқымдарын жинап алады, суды төгіп тастайды, ал түбінде қалған толық дәнді орман тұқымдарын белгіленген ылғалдылыққа дейін кептіреді.



Табиғи жағдайда - ауада және күн көзінде кептіру құрғақ және желдетілетін бөлмелерде немесе күн астында жүргізіледі. Бұл ретте кептіру процесін жеделдету үшін бүрлерді жұқалап жайып қояды және күніне 1-2 рет араластырады.

Ашылған бүрлерді тұқым тазалағыш машиналарда немесе қолмен үгітеді.



Жапырақты ағаш түрлерінің орман тұқымдары былай бөлінеді:

1) құрғақ (емен, қайың, үйеңкілер және басқалар);

2) шырынды, оның ішінде:

  • шырынды жеміссерігімен (қарақат, тұт және басқалар);

  • етті жеміссерік (сары өрік, қара өрік және басқалар);

  • еті құрғақ жеміссерік (пісте, жаңғақ және басқалар).

Еті құрғақ жеміс серігі бар құрғақ орман тұқымдары мен жемістерді жинап алғаннан кейін шіріп кетпеуі үшін оларды кеуіп құрғап қалғанша кептіреді. Бұл үшін оларды бастырманың астына немесе жақсы желдетілетін бөлмелерде жайманың үстіне немесе сөрелерде 3-4 см (қарағаштар) және 10-15 см (емен жаңғағы, жаңғақтар) қалыңдықта жайып тастайды.

Кептіру ұзақтығы ағаш түріне және ауа райы жағдайларына байланысты болады. Құрғақ ауа райында қарағаш тұқымдарын кептіруге 2-3 күн, жаңғақ жемістілері - 3-5 күн, үйеңкілер мен шағандардың қанатты тұқымдары - 5-7 күн, емен жаңғағы үшін - 10 күнге дейін қажет болады.

Құрғақ жемістерді кептіру үшін қолда бар бүркептіргіштерді немесе ауылшаруашылық астық кептіргіштерін пайдалануға болады.

Кептіріп алған соң құрғақ орман тұқымдарын түрлі бөтен қоспалардан (бұтақтар, жеміс тұғырлары, жапырақтар және тағы басқалар) тазартады, тұқым тазалайтын машиналарда қанатсыздандырып (қарағаштардың, сексеуілдің, шаған мен үйеңкілердің және тағы да басқалардың қанатты тұқымдары), кейіннен желпиді.

Бұршақ тұқымды ағаштардың, жұпаргүлдің, теректер мен талдардың жемістерін алдымен жайманың бетіне төгіп көлеңкеде кептіреді, сосын күн астында толық ашылғанша жиі-жиі араластырып, соңынан үгітеді және жеміссеріктері мен басқа да қоспалардан тазартады.

Жидектердің шырынды жемістері, жеміс шоғыры, сүйекті шырынды жемістер бұзылып кетпес үшін тұқымын ажыратып алу мақсатында өңдеуге жіберіледі.

Аз ғана мөлшерде өңдеу кезінде шырынды жемістерден, оның ішінде жидектерден, жеміс шоғырынан, сүйекті жемістерден, шекілдеуік тұқымды ағаштар жемісінен (алма, алмұрт және басқалары) және сүйекті тұқымды ағаштар жемісінен (сары өрік, қара өрік және басқалары), сондай-ақ қына ағашының, ұшқаттың, шетеннің және итмұрынның жемісінен тұқымды ажырату қолмен кесу, оны езу және кейіннен етін ағын сумен шаю арқылы жүргізіледі.

Жеміс етінен ажыратылған және жақсы жуып-шайылған орман тұқымдары құп-құрғақ болғанша кептіріледі.

Жемістердің үлкен партиялары жеміс өңдейтін кәсіпорындарда қолданылатын жеміс үгітетін, жеміс сүйегін ажырататын және жуу машиналарында жылу қолданылмай өңделеді.

Жекелеген партияда орман тұқымдарының сапасын бағалау орман тұқымдарының орташа үлгісін талдау негізінде жүзеге асырылады.

Үлгілер сұрыптауды және орташа үлгіні құрауды орман иеленушінің (орман пайдаланушының) үлгілер сұрыптау жөніндегі уәкілетті тұлғасы жүзеге асырады.

Партия біртекті орман тұқымдарынан:



1) түрі немесе түр алуандығы;

2) өсетін орнының жағдайлары;

3) жас топтары (жас балауса, орта жастағы, пісуге жақын, пісіп жетілген);

4) селекциялық санаттары (сортты, жақсартылған, қалыпты);

5) екпелердің шығу тегі (табиғи, жасанды);

6) тұқымды жинау, өңдеу, сақтау тәсілі;

7) түр-түсі, жылтырлығы, иісі және дымқалдану деңгейі бойынша қалыптастырылады.

Белгілі бір түр орман тұқымдарының әртүрлі партияларын, оның ішінде массасы бойынша шағын партияларын араластыруға болмайды.



Тұқымның орташа үлгісін орман тұқымдарының қалыптастырылған партиясынан үлгілер сұрыптау және бастапқы үлгіні құрау жолымен алады.

Үлгі сұрыптау ағаштың түріне және орман тұқымдары партияларын сақтау жағдайларына байланысты арнайы сүңгілермен (конус, дорба, цилиндр пішінді) немесе қолмен жүргізіледі:



1) үюлі күйінде сақтаулы ұсақ және орташа тұқымдар үшін үлгілер сұрыптау әр қабаттың бес түрлі жерінен (жоғарғы - тереңдігі 10 см, орташа-үйінді биіктігінің жартысы, төменгі - еденнен) жүргізіледі, яғни 15 үлгіден кем болмауы керек;

2) ірі тұқымдар үшін (жаңғақтар, сүйекті жемістер және басқалары) - әр қабаттың он түрлі жерінен 3 үлгіден алады;

3) қаптарда (10 қапқа дейін) сақтаулы сусымалы тұқымдар үшін әр қаптан жоғарғы, орта, төменгі қабаттан бір-бірден кемінде үш үлгі, 10 қаптан көп болған жағдайда - алынған үлгінің тереңдігін алмастыра отырып, әр қаптан бір-бір үлгіден алады;

4) шыны шөлмектерде, темір ыдыстарда, жәшіктерде және басқа да ыдыстарда сақтаулы тұқым партияларынан сүңгілермен немесе қолмен үлгі сұрыптап алу мүмкін болмаған жағдайда тұқымды тегіс жерге төгеді, араластырады, тегістейді және әр ыдыстың тұқымы төгілген жердің әр тұсынан қолмен кемінде бес үлгі сұрыптап алады.

Сұрыптап алынған тұқым үлгілерін (жеке-жеке) тегіс жерге төгеді, мұқият қарап шығып, партияның біртектілігін анықтау үшін қоқыстануы, иісі, түр-түсі, жылтырлығы және басқа да белгілері бойынша салыстырады.

Жекелеген үлгілердің күрт айырмашылықтары болмаған жағдайда оларды бастапқы үлгі етіп біріктіреді, оның массасы орташа үлгінің кемінде он мәрте массасы мөлшерінде болуы керек.

Бастапқы үлгіден тұқым партиясының сапасын анықтау үшін бір орташа үлгіні бөліп алады.



Орташа үлгіні бөліп алу үшін бастапқы үлгіні тегіс жерге төгеді, араластырады, ұсақ тұқымдар үшін қалыңдығы 3 см дейін және ірі тұқымдар үшін 10 см астам шаршы түрінде тегістейді, содан соң диагоналдары бойынша 4 ұшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы орналасқан ұшбұрыштан тұқым алып тасталынады, ал қалғанын біріктіріп, келесі бөлу үшін қайтадан шаршы түрінде тегістейді.

Сұрыптап алынған орташа үлгіні алдын ала суға қайнатып дезинфекцияланған тығыз матадан тігілген таза дорбаларға салады, кендір жіппен байлап, тұқым сапасын, оның энтомологиялық зақымдануын және фитопатологиялық залалдануын анықтау үшін паспорттарын, заттаңбаларын және орташа үлгілер сұрыптау актісін қосып, уәкілетті органның мамандандырылған ұйымдарына жөнелтеді. Орман тұқымдарының ылғалдылығын анықтау үшін үлгіні бастапқы үлгі тұқымының қалдығынан дәл осылай құрайды.

Сұрыптап алынған үлгіні таза, құрғақ ыдысқа орналастырып, оны тұқым әбден толтырылғаннан кейін аузын тығынмен нығыздап жабады да, сүргіш, балауыз немесе парафин құяды. Орташа тұқым үлгісін ылғал өткізбейтін пленкадан жасалған сыйымдылығы кемінде 0,5 дм3 қапқа салуға болады, қаптың шеттері онда барынша аз ауа қалдыра отырып, ыстық әдіспен жабылады немесе мықтап байланады, содан кейін дәл осындай екінші қапқа салынып, ауызы тығыз байлап тасталады. Заттаңбаның бір данасы ыдыстың немесе қаптың ішіне салынады, екіншісін сыртына желімдейді.

Қалыптастырылған партиялардан орташа тұқым үлгілерінің сұрыпталу дұрыстығына бақылау жасау мақсатында уәкілетті органның мамандандырылған ұйымы бақылау үлгілерін сұрыптап алады, оларды талдау нәтижелері бойынша тұқым дайындаушыға оң жақтағы жоғарғы бұрышында «Мемлекеттік бақылау» деген белгісі бар тұқым сапасы туралы тиісті құжат беріледі, ал бұдан бұрын берілген тұқым сапасы туралы құжаттар мемлекеттік үлгілердің сұрыпталуымен бір мезгілде алып қойылады.

Орман тұқымдарын сақтауға дайындау және ұйымдастыру

Орман тұқымдарын сақтайтын үй-жайлар ауа сору-тарту желдеткіштерімен, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасын тіркеуге арналған приборлармен жабдықталады. Бұл орайда үй-жай ішіндегі ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан аспауға тиіс. Үй-жай тұқым сақтайтын қажетті ыдыспен және үлгілер сұрыптауға арналған құрал-сайманмен: науалармен, дән құйғыштармен, шелектермен және тағы да басқалармен қамтамасыз етіледі. Тұқымды жабық және ашық күйінде сақтайды.

Жабық тәсілмен тұқымды әртүрлі бітеу жабық ыдыстарда (шөлмектерде, канистрлерде, бидондарда, контейнерлерде), ашық тәсілмен (қаптарда, жәшіктерде және үйілген күйінде) сақталады. Тұқым таза, құрғақ, берік және міндетті түрде дезинфекцияланған ыдыста сақталады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы мен температурасы көп мөлшерде құбылып тұратын жағдайда тұқым бітеу жабық ыдыста сақталады.



Қылқан жапырақты ағаштардың тұқымы міндетті түрде хлорлы кальций түтікшесі бар тығынмен жабылған және тұқымның ылғалдылығын ауық-ауық қадағалап отыру үшін тікелей шөлмек ішіне кобальт қағазы салынған шыны шөлмектерде сақталады.

Қылқан жапырақтылар бүрілерін өңдегенде келесі талаптар сақталу керек:



  • бүрілерден дамыған дәндер толық алыну керек;

  • кептіру айналымын азайту және жоғары өнімділік;

  • дәндердің егістік сапаларын сақтау.

Бүрілердің ылғалдылығы көп мағыналы, ол жинау мезгілімен байланысты. Негізгі кептірудің алдында бүрілер алдын-ала кептіріліп ылғалдылығы 20-25% аспау керек.

Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, бал қарағайдың т.б. түрлердің бүрілері 4 - 6 жыл, өнгіштігін төмендетпей, сақталуы мүмкін.

Ерте мезгілде жиналған бүрілердің ылғалдылығы 45-60% болады, сондықтан сақтауға салар алдында ашық жерде құрғақ ауа райында, көлеңкеленген немесе жел соғатын жерде 0,3-0,5 м қалыңдықпен жайып кептіреді. Кептірілген бүрілерді 1,5-2м қалыңдықта сақтауға болады.

Қамба және басқа сақтау орындары келесі талаптарға сәйкес болу керек:

- бүрікептіргіштер тоқталмай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бүрілер сақтайтын орын болу керек;

- барлық келіп жатқан бүрілер партияларын бөлек сақтайтын қоймалар керек;

- мүмкіндік болғанша бүрі кептіргіштерге жақын болу керек,

- бүрілер зеңденуді және дәндер шіруді болдырмау үшін жақсы желдетілетін болу керек;

- қамбалар өзі желдетілетін, желдеткіш шахталар арқылы, ылғалды ауаны шығаратын болу керек.

Еменнің жемісін (желдету) ұзақ (1,5 жылдан көп) сақтайтын 150 т. қойма. Бұл жерде самырсындық қарағайдың т.б. дәндерін сақтауға болады. Қойма 3 тоңазытқыш камералардан құрастырылған жылу беретін, компрессорлардан, тұрмыстық т.б. қабырғалары кірпіштен, төбесі бетон, жемістерді құммен араластырып ағаш жәшіктерде сақтайды. Тоңазытқыш камераларда ауа температурасы -2 ден +2 С дейін болу керек.

«411-1-6 типтік жоба» -10т дейін қойма, температура құбылмалы, қылқан жапырақтылар дәндерін 3-5 жыл сақтауға болады. Дәндерді ауа болмайтын шыны ыдыстарда сақтайды. Бұл жобамен салынатын қоймалар температура құбылысы -30 +40 С болатын аудандарда салынады. Бұл жобаның кемшілігі тоңазытқыштары жоқ.

Тұқымдарды сақтау ұзақтығына көп жағдайлар әсер етеді:

- қандай түрге жататыны;

- пісу кезеңі;

- сақтар алдындағы өңдеу;

- сақтау кезеңіндегі өміршеңдігі және ылғалдылығы;

- ауаның ылғалдылығы мен температурасы;

- аэрация;

- саңырауқұлақ және бактерийлермен зақымдану.

Кейбір жұмыстарда тұқым сақтауды ағымды 1-жылға дейін, ауыспалы 1-2 жыл, ұзақ 3-5, одан көп жылдар деп бөледі. Бірақ та ағаш түрлерінің биологиялық ерекшеліктерімен анықталатын сақталу мерзімі болады. Сондықтан аталып кеткен мерзімдер биологияны ескермейді. Тұқымдарды сақтауды екі категорияға бөлген дұрыс болады: қысқа және ұзақ мезгілді.

Жәйлі жағдайларда сақталған дәндер өміршеңдігімен 3 класқа топтандырылады:

- микробиотиктер, өмір ұзақтығы 3 жылға дейін;

- мезобиотиктер, өмір ұзақтығы 3-15 жыл;

- макробиотиктер, өмір ұзақтығы 15 жылдан көп.

Дәннің ылғалдылығы шешуші жағдайлардың біреуі, өміршеңдігіне тік және жанама әсер етеді, яғни саңырауқұлақтар мен бактерий құрамдарына. Егер дәндердің ылғалдылығы 12% көп болмаса, патогендік микрофлора дамуын төмендетіп көбеюі тоқтайды.

Екінші шешуші жағдай ортаның температурасы, ол өміршеңдікті ұзартады. Температура жоғарылаумен дәндердің физиологиялық процестері тездетіледі. Бірақ та, егер ылғалдылық төмен болса, дәндердің өміршеңдігі де төмен.



Орман тұқымдарын цемент, асфальт, тас немесе жер едендерде ашық күйінде сақтауға, сондай-ақ тұқымды қант, тұз және химиялық препараттар салынған ыдыстарда сақтауға болмайды.

Қоймаларда тез ылғал тартатын заттарды (тұз, селитра, улы химикаттар және басқалар), тез жанатын сұйық заттарды (бензин, керосин және басқалар), сондай-ақ сапасыз тұқымды, тұқым сақтауға қатысы жоқ мүлікті, материалдарды және құрал-саймандарды сақтауға, қоқыс пен тұқым қалдықтарын қалдыруға болмайды.

 
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет