Аллель- геннің бірнеше баламалы формаларының түрі



бет2/23
Дата15.09.2017
өлшемі4,84 Mb.
#33985
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Дәндердің тазалығы – өлшемдегі барлық дәндерге таза дәндердің қатынасы.

Өнгіштік – арнайы мемлекеттік стандартпен белгіленген уақытта дәндердің өніп және дұрыс дамып өскін беруі,. Зертханалық жағдайда дәндердің техникалық және абсолюттік өнгіштігі анықталады. Техникалық өнгіштік – барлық өндіруге алынған дәндердің ішінен арнайы мерзімде дұрыс өнген дәндердің саны,. Абсолюттік өнгіштік –барлық өндіруге алынған толық дәндердің ішінен арнайы мерзімде дұрыс өнген дәндердің саны. Егіс танабында грунттық өнгіштікті анықтайды – барлық егілген дәндер санына шаққанда еккеннен кейін өнген дәндердің саны.

Өну саны – мемлекеттік стандарт белгіленген мерзімде анықталады, бірақ өнгіштігінен ерте өнген дәндердің саны. Бұл көрсеткішті анықтау дәндердің жұмыла өнетінін көрсетеді.



Дәндердің тыныштығы

Дәндер тек көбею мен өсімдіктер даму үшін керек емес, сонымен қатар ұрықты қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін керек. Эволюция барысында және қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында, төмен температуралар мен су жоғалту кезеңінде, төзімді болу үшін көптеген өсімдіктердің дәндері тыныштыққа кетеді, яғни қолайсыз жағдайларда өнбейді.



Тыныштықтың үш түрі бар: эндогендік (табиғи, бірінші), индукцияланған (екінші), мәжбүрлік (экологиялық). Эндогендік тыныштықта дәндер аналықта болғанда және төгілгеннен кейін біраз уақыт өнбейді. Егер дәндерге қолайлы жағдайлар жасалса, яғни температура, ылғал, аэрация, онда олар өнеді. Тыныштықтың бұл түрі көптеген өсімдіктерде бар. Эндогендік тыныштықтың ұзақтығы әрбір өсімдіктің дәндерінде әр түрлі.

Кейбір жағдайда эндогендік тыныштықтан кейін жаңа тыныштық басталады. Ол индукциялық, немесе екінші, бұл жағдайда сумен қамтамасыз етілген дәндер басқа фактормен қамтамасыз етілмейді. Ол көбінесе жоғарғы температура және оттегінің аз болуы.

Мәжбүрлі (экологиялық) тыныштық болғанда өміршең дәндер өнбейді, өйткені қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары болады, мысалы, оттегі жетіспеу немесе жарық жоқтық. Кейбір өсімдіктердің өнбейтіні, олардың дәндерінің сырты қатты болып су сіңбейді немесе сыртында ингибиторлар болады.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Орман тұқым ісі пәнінің орман шаруашылығындағы маңыздылығы.

  2. Орман тұқым ісі пәннің негізгі бағыттары мен міндеттері.

  3. Орман тұқым ісіне үлес қосқан Қазақстандық ғалымдардың еңбектері және жетістіктері қандай?


Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б.

  4. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.

  5. Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы.1996.-244 с.

Қосымша әдебиет:

  1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 109 с.

  2. Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.

  3. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1986. – 426 с

2 Орман тұқым шаруашылығы

Дәріс жоспары:

  1. Орман тұқым шаруашылығының негізгі мәселесі.

  2. Жемістер классификациясы.

  3. Дән құрылымы.

Ағаштар мен бұталардың тұқыммен көбеюі - ол түрді сақтау және әрі қарай дамытудағы күресте жиналған қасиет. Кейбір ағаш және бұта түрлерінің тұқымдары азық ретінде қолданылады (грек жаңғағы, самырсын, орман жаңғағы), өйткені дәмдік құндылығымен, жоғары пайыздағы майлар, ақ уыз, витаминдер болуымен бағаланады. Емен, талшын, т.б. дәндері мал азығы ретінде жиналады. Фармацевтика өндірісінде дәрі-дәрмек алуға кейбір түрлердің тұқымы қолданылады (долана, итмұрын, шырғанақ).

Ағаштар мен бұталардың дәндері әртүрлі дамиды. Қылқан жапырақтылар бүрі де дамығандықтан және сыртқы қабығы болмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталады.

Жабық тұқымды өсімдіктер ағаш, бұта, шөптекті болып келеді. Ең негізгі ерекшелігі – олардың тұқымбүршігі аналық жатынының ішінде өседі. Сондықтан бұларды жабық тұқымды өсімдіктер деп атайды. Тұқым әрқашан жеміс ішінде өседі. Басқаларынан айырмашылығы гүлі мен жемісінің болуы, жеміс пен тұқым гүлдеу нәтижесінде ғана түзіледі. Жабық тұқымды гүлді өсімдіктердің маңызды ерекшелігі– қосарлы ұрықтану. Жабық тұқымды гүлді өсімдіктер 2 класқа жіктеледі.



  1. Қосжарнақтылар -тұқымында екі тұқым жарнағы болатын гүлді өсімдіктер қосжарнақтылар класына жатады. Бұлар шөп, бұта, ағаш түрінде барлық жерлерде кездеседі. Көпшілігінде жүзуші ұлпа – камбий болады.

  2. Даражарнақтылар- шашақ тамырлы,жапырақтары қатар және доғалы жүйкелі өсімдіктер. Тұқымы бір ғана жарнақтан тұратын гүлді өсімдіктер класы. Мысалы пияз, бидай, құртқашаш, пальма және басқа өсімдіктер.

Жеміс - дәндердің ұясы, ұрықтанғаннан кейін түйіннен пайда болатын. Жеміс ұрықтанбай пайда болуы мүмкін, ол құбылыс апомикс деп аталады. Ол жағдайларда дәндер ұрықсыз болады.

Жемістер шын (нағыз), өтірік жеміс шоғыры болып бөлінеді. Егер жеміс, ұрыққабы ұрық жапырақшасынан қалыптасса, шын деп аталады. Егер жеміс қалыптасуға ұрық жапырақшасымен тағы гүл тұғыры, гүл серігі қатысса онда өтірік деп аталады. Гүл шоғырынан қалыптасқан жеміс, жеміс шоғыры деп аталады.

Жеміс ұрыққап қалыптасуы негізінде құрғақ және шырынды болып бөлінеді. Құрғақ жемістер ашылмаған ұрыққаппен (көп дәнді) немесе ашылған ұрыққаппен болады.

Құрғақ ашылған ұрыққаптыларға жатады:

-қаптама жеміс бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, бір жабықшасымен (ішкі) жарылады;

-бұршақбас бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, «арқа» және «ішкі» жабықшаларымен жарылады;

-қауашақ жеміс ұрық жапырақшасынан қалыптасып екі немесе бірнеше жерден жарылады;

Құрғақ ашылмаған ұрыққаптыларға жатады:

-жаңғақ және жаңғақша - бір дәнді жемістер, дән қабығымен жабыспаған, ұрыққабы ағаш тәріздес;

-қанатты жеміс - ұрыққабы қанатқа айналған жаңғақша.

Шырынды жемістер екі түрге бөлінеді:

-жидек - көп дәнді жеміс ұрыққабы ашылмайды, шырынды. Ол жемісті -жүзім, актинидия т.б. «Өтірік жидек» мына түрлерде: қарақат, қарлыған, ұшқат, т.б.

-сүйек жеміс - көпшілікте бір дәнді жеміс, ұрыққабы үш қабатты: сырты - қабық (экзокарпий), ортасы - еті (мезокарпий), іші - сүйекше (эндокарпий).

Дән - ұрықтанып өзгерген ұрық. Қалыптасқан дәнде үш негізгі бөліктер болады:

- тұқым қабығы - ұрықтанып өзгерген тұқым сырты;

- ұрық - ұрықтанып өзгерген жыныс жасушасы;

- эндосперм ұрықтың қоректік ұлпасы - ол өзгерген ұрықтан кейінгі екінші немесе ортаншы ұрықтың ядросы.

Дәннің маңызды бөлігі - ұрық, оның барлық бөліктері, жарнақтан басқасы, өсімдіктің вегетативтік органдарының бастаушысы және келесі бөліктерден құрылады:

- тамырша, аяғы тозаңқапқа қаралған;

- қысқаша бұташа;

- тұқым жарнағы.

Тұқым жапырағында негізгі қоректік заттар (крахмал, ақуыздар, көмірсулар), көп нуклеин қышқылдары , ауксиндер және басқа биологиялық белсенді заттар болады.

Егілген эндоспермдік дәндер (қылқан жапырақтылар, шаған, т.б.) өнгенде жарнақтары жер бетіне шығады және ассимиляцияланып жапырақтардың жұмыстарын атқарады. Көптеген түрлердің дәндерінде ұрық қалыптасқанда жарнақтар үлкейіп эндоспермді ығыстырып жіңішкертеді.

Дәнді қорғайтын ұлпалар дән ұрығы қабығынан қалыптасады: төменгі қабықтан қоңыр түсті ішкі қабық қалыптасады, ол тұқым қабығы, сыртқыдан - қатты ұлпа - дәннің сырты.

Ашық тұқымдылардың дәндерінің сыртынан тері (қарағай, шырша) немесе ағаш (самырсын) тәріздес ұлпа пайда болады, оны да қабық деп атайды.

Жабық тұқымдылардың дәндерін қабық және ұрыққап қорғайды. Сондықтан, ол бейімділік белгісі, дәндердің сақталуы және өміршеңдігі сонда.
Өзін- өзі бақылау сұрақтары:


  1. Орман тұқымдарының дамуы мен классификациялануы

  2. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.

  3. Жалаңаш тұқымды өсімдіктердің көбею жолдары.

  4. Жалаңаш тұқымды өсідіктердің таралу жолдары.

Тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиет:

  1. “Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы” Силыбаева Б.М, Байганова Ж.Қ, Карипбаева Н.Ш,Полевик В.В Семей-2010 ж

  2. Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 120 с.

  3. Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 30 б.

Қосымша әдебиет:

  1. Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996– 119 с.

3 Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі.



Дәріс жоспары:

  1. Дәндердің пісу белгілері және пісу кезеңдері.

  2. Өнім қалыптасуға климаттық жағдайлардың әсері.

  3. Жеміс беру кезеңділігі және оған әсер ететін жағдайлар.

Ағаштардың жеміс беруі әр түрлі жаста болады және жалғыз немесе топталып өсуіне байланысты, ағаш және бұта түрлерінің жеміс беруі биологиялық ерекшеліктерге (жасы, генотип) және өсетін жерінің экологиялық жағдайларына қарай. Орнықты жеміс беру үшін өсімдік бастапқы даму кезеңін өту керек, ол уақытта вегетативтік және генеративтік органдардың белсенді дамуы байқалады, сыртқы ортаның жайлы болуына байланысты.

Бірінші жылдары, өсімдік генеративтік кезеңге кіргенде, дәндер саны көп болмайды, ал сапасы орнықты жеміс беруімен жақсарады. Жасы үлкейе өнім де көбейеді, ол ағаштардың тек физиологиялық жағдайымен байланысты емес, сонымен қатар бөрікбасының үлкейуі және жеміс беретін бұталардың молайуы мен байланысты. Егер өсетін жағдайлар нашар болса, репродукциялық мүмкіншілігі төмендейді. Өспей қалған ағаштардың көлемдері төмендеп, бүрі мен дәндердің массасы азаяды, егістік сапалары төмендейді.Жас ағаштарға қарағанда, ескі ағаштардың тұқымы нашар дамиды.

Дәндердің пісу кезеңдері және пісу белгілері. Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде болады. Ол түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, климаттық және ауа-райы жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайларда дәндер біріншіден физиологиялық есейеді, сосын өнім беру мүмкіндігі болады.

Дәндер физиологиялық есейгенде ұрық өнуге дайын, бірақ та дәндер ағашта болғандықтан дамуын жалғастырады. Өнімділік пісуі болғанда дәндерде қоректік заттар жиналу тоқтайды, өмір сүрудің биологиялық процестері саябырлайды, дәндер тыныштыққа кетеді, сыртқы қабықтары қатайып, су және ауа өтуі саябырлайды, ылғалдылығы төмендейді, ал қолайсыз жағдайларды бастан кешу жоғарылайды. Морфологиялық өзгерістер (бояу) дәндердің есейу көрсеткіші және жинау уақытының белгісі. Бүрілер, жемістер әлде дәндердің өнімі піскенде, олар біраз уақыт ағашта болады (қарағай, шырша т.б.) немесе жерге түседі (қайың, терек, емен т.б.).

Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы ортаның жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-райы, экология. Экологиялық жағдайлар күрделі жағдайлардан тұрады, біріншіден – жарық түсу, температура, ауа ылғалдылығы, топырақ құнары, топырақтың микроклимат ерекшелігі.

Ауа температурасы - болашақ өнімге көп әсер ететін климаттық және ауа райы жағдайы. Температура жеміс беруге солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал оңтүстікте көктемгі кеш түскен үсіктер қауіпті, өйткені ол ағаш өсімдіктерінің гүлдену уақытында келуі мүмкін. Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы жазғы температуралармен бітік байланысты. Ол байланыс әсіресе, шыршада байқалады, ол солтүстік және оңтүстікке жайылған.

Ағаш өсімдіктерінің өсіп-дамуына жылудың белгілі саны керек, яғни жылу құбылымы (режим), ол температураның көлемге (ауа, топырақ, су беті) жайылуы және оның әрқашан өзгеруі. Жағымды температурасыз дәндер өнбейді. Бірақта жер шарында өсімдіктер өсіп-дамуға жылу әртүрлі және өзгерісті керек. Ауа мен топырақтағы температура әрқашан өзгеріп тұрады. Ол тек жыл ішінде емес, тәулік және сағат шеңберінде өзгеріп тұрады.

Өсімдіктердің жылуға талабы әртүрлі және құбылмалы, жылу жағдайларына қойылатындай. Сондықтан жылу жағадайлары фактор ретінде орманның өсіуне әсер етеді. Ағаштар мен бұталар нольден жоғары температурада өсіп – дамиды. Ағаш өсімдіктерінің тамырлары топырақ температурасы 5º жоғарыда дамиды, фотосинтез 0-40 ... 50 º жүреді, ал жағдайлы температура 30 ... 35ºС. Дәннің өнуі, гүлдеу және тісу әр тұқымда өз қолайлы температурасында жүреді. Ал суық ауа – райы гүлдеуді, жемістің пісуін, кейде өнімнің болмауына келтіреді.

Жылу басқа климаттық әсерлермен және әсіресе жапырақпен тығыз байланысты. Күннің шуақтық күші – ағаштар мен бұталарға негізгі жылуды әкеледі. Орманның жарықтануы, өзгеруі жылу құбылымына келтіреді. Жаздың өзінде, бұлтты күні күн сәулесі топырақ бетіне аз түседі, сондықтан суыту байқалады. Жылу жауын-шамшынмен байланысты. өсіп-даму кезіндегі жауаынның көп болуы температураның төмендеуіне келтіреді. Ормандағы ағаштардың діңдеріде, бөрікбасыларыда, фотосинтез үдірісі, транспирация жылу бөледі.

Жылуға талаптануымен барлық ағаштар негізгі екі топтарға бөлінеді: жылу сүйгіш және салқынға төзімді, олар ұзақ уақыт төмен оңтайлы температураларға төзімділік көрсетеді (+1... +10 ºС). Сонымен қатар аязға төзімді ағаштар бар. Олар салқынға да төзімді.

Ағаштың сыртқы пішінімен жылуға қатынасын білуге болады. Қабықтануы, түктенуі, бүршігінің қабықтануы ағаштың аязбен суыққа төзімділігін көрсетеді. Жылу сүйгіштерге емен, грек жаңғағы, қараған т.б., ал салқынға төзімділерге қайың, қандағаш, бал қарағай, қарағай жатады.

Ағаш өсімдіктерінің өсуі мен дамуына, өте төмен және жоғары, температуралар әсер етеді. Көктемгі кеш және күзгі ерте үсіктер болады. Олар күндізгі жылылыққа қарамай ауада әлде топырақ бетінде түнде болады және жас ағаштарға көп зиян әкеледі. Өйткені негізгі өркен зақымдалады сосын көп тармақтанып сүрек сапасын төмендетеді.

Үсіктердің тағы екі түрі бар: адвекативті – арқтикадан келетін суық ауаның әсерімен болады; радиациялық – ол топырақтан жылу шыққанда түн салқын болады. Адвекативті үсік зиянды және ұзақ болады. Үсікке өте сезімтал – емен, шамшат, шаған, ал төзімділер – бал қарағай, қайың, қарағай, қандағаш, көктерек, шетен.

Ағаштардың өте төмен температуралармен зақымдану кездеседі, олар аяз тудырған жарықтар деп аталады. Олар қыста ауа температурасы күрт төмендегенде болады. Жарықтарда зиянды жәндіктер, саңырауқұлақтар спорлары орнығады, сондықтан сүрек сапасы төмендейді. Қар аз түсіп, аяз - 40º С төмен және ұзақ болса шыршаның қылқандары қызарып түсіп қалады, сосын ағаш өледі.

Орман өзі ауа мен топырақтың температурасына әсер етеді (мысалдар келтіру керек).

Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Өсімдіктерді сумен қамтамасыз етуге ылғал әсер етеді. Су тірі өсімдіктің құрамына кіреді, ол ағаш және бұта өсімдіктерінің тіршілігінде зор биологиялық роль атқарады. Оның тіршіліктік өсу орнында, жапырақтарда, шырынды жемістерінде 80...95 % дейін су болады.

Заттар ауысу, жасушалар бөлініп өсуі үдірістері, жасушаларда су, көп болса, қарқынды жүреді. Сусыз фотосинтез үрдісі де болмайды. Ұлпаның сусыздануы протоплазманың өлуіне келтіреді. Жасуша көректенуге керек заттардың ерітушісі су. Сумен бірге тамырдан жапырақтар және өсу нүктесіне минералдық заттар жеткізіледі. Ылғалсыз дәндер толмайды және өнбейді, яғни орман өзін-өзі толықтырмайды.

Су – Жер шарында өсімдіктердің өмір сүруімен таралуының зор эколоогиялық факторы, күн сәулесімен атмосфералық айналыммен, жер бетімен және жылу ауысуымен қатар. Жер биосферасында климат қалыптастырушы фактор. Орманда ылғалдың негізгі көзі жер астындағы сулар және атмосфералық жауын-шашын, олар сұйық (жаңбыр, қырау) және қатты (қар, бұршақ, боз қырау) болады. Орман өмірінде көп мағналы - жаңбыр, қар, бұршақ, қырау. Жаңбыр физиологиялық және сирек физикалық әсер етеді, өйткені ол өсіп – даму кезеңінде ылғалдың негізгі қамтушысы. Қырау – су парлары конденсат құрастырып шөп бетінде кішкентай тамшылар қалпында қалады. Қар топырақты көктемде суландырады, өсімдіктерді тоңып және үсуден сақтайды. Бұршақ 0,5 ... 2 см мұз қиыршықтары ретінде ағаштарды механикалық зақымдайды.

Ағаштар мен бұталар жауын-шашынды әртүрлі қабылдайды. Өсімдіктерге су керектігі негізінде ауаның температурасы мен ылғаллдылығына байланысты. Егер температура жоғары болып ылғалдылық төмен болса, онда су көп керек. Ағаш бітіміде, яғни құрамы, жасы және сумен қамтамасыз етілу мен метеорологиялық жағдайлары. Аралас орманнан таза қарағайлар суды аз жұмсайды. Ағаш бітімінің жасы үлкеюімен ылғал жұмсауы көбейеді. Құрғақ ыстық ауа – райында да осындай жағдай байқалады. Ағаш тұқымдастарын суға талап қоюына қарай ксерофиттерге, гигрофиттерге бөледі. Судың тапшылығына шыдайтындар – ксерофиттер, мысалы кәдімгі қарағай, су молшылықты талап ететін өсімдіктер – гигрофиттер, мысалы қара қандағаш.

Орман жауын – шашынның қанша және қандай жерде болатынына әсер етеді, өйткені ол өскен жерін суытуымен байланысты. Ормансыз жерде 10...15 % жауын – шашын аз болады. Құрғақ жердің су балансы Г.Н. Высоцкий усынған формуламен анықталады: N = A + F + V + T, бұл жерде N – түскен жауын-шашын мөлшері; А – жер бетінен ағатын (15 .... 35 %); V- ағаштар, шөптер, жер беттерінен буланатын (15 ... 50 %); F - өсімдіктер астынан ағатын (15 ... 35 %), T – транспирация (20... 40 %).

Аталған көрсеткіштердің барлығы көптеген жағдайлармен байланысты, мысалы, жер бетінің тегістігі, өсетін өсімдіктер құрамы мен қалыңдығы.

Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің белсенділігі төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп түрлерде олар солып түсіп қалады, кейбіреулерінде дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе ұрықсыз дәндер пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған ағаштарда бос дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік бүршіктер дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға мүмкіндік бермейді.

Мысалы, ылғалды, жаңбырлы ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен ылғалдылық және жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс байлануға оңтайлық жасайды. Күзгі ерте үсік, жазғы төмен температура өсімдік бүршігінің пісуін саябырлатады.

Жарықтандырылу - негізгі, әлде гүлдеудің және дәндердің пісуінің ең басты жағдайларының біреуі.

Орман өмірінде жарық климаттық факторлардың ең маңызды көрсеткіші, оны күннің сәулелік күші деп білеміз. Ал қысқаша жарықты жарықталумен теңдестіреді. Күн сәулесі болмаса фотосинтез үдірісі жүрмейді, яғни ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуы тоқтайды, органикалық зат - сүрек құралмайды. Ағаштың орынды жарық алуы ондағы дәндерде керек қоректік заттардың көп жиналуына әсер етеді. Ол заттар өнгіштігін көбейтеді. Жақсы жарықтандырылған ағаштардың қоректену көлемі көбейеді, топырақ микроклиматы жақсарады, өйткені топырақтың жылынуы жақсарады.

Физиологиялық үдірістің жүруіне және көмір қышқылының сіміріліп хлорофилл құрастырылу үшін жарықтың спектральдік құрамы көп әсер етеді. Ультракүлгін және инфрақызыл сәулелер ағаш өсімдіктеріне зиян келтіреді. Ағаш өсімдіктерінің өсіп және дамуына ультракүлгін сәулелер аз болу керек, ал инфрақызыл сәулелер негізінде жылу береді. Көмір қышқылы сіңіріліп хлорофилл құрылуға күн сәулесінің қызыл, сары бөліктері өте маңызды. Көк, сия көк сәулелері ағаш және бұталардың өсімдік бүршігі өсіп – дамуына көп әсер етеді.

Барлық ағаш тұқымдастардың жарыққа қатынасы әртүрлі. Орман шаруашылығында оларды жарық сүйгіш және көлеңкеде, өсетін ағаш топтарына бөлінеді. Жарық сүйгіш ағаш тұқымдастарына қайың, бал қарағай, көктерек, т.б., ал көлеңке сүйгіш ағаш топтарына шырша, жөке ағашы, шамшат, май қарағай, т.б. жатады.

Жарық сүйгіштік өзгеріп отырады және орманың жасымен орман құрғыштығына байланысты жас кезінде ағаштар жарыққа құмар болмайды, ал өсе келе ол көрсеткіш өзгереді. Топырақ жағдайы жақсарғанда ағаштардың көлеңке сүйгіштігі көбейеді.

Ағаштардың жеміс беруіне энтомо-фитозиянкестерімен зақымдануы, антропогендік әсер және т.б. жағдайлар әсер етеді.

Әр ағаштың өнім қалыптасуға әсері бірдей емес, ең көп беретін ағаштар Крафттың өсу класы бойынша І және ІІ класс ағаштары. Өнім ағаштың діңімен, биіктігі және бөрікбасымен, тіктігімен байланысты. Жоғары класты ағаштар әрқашан ірі бүрілі және дәнді болады, ал сапасы да жоғары болады.

Отырғылардағы ағаштар тек өніммен әр түрлі емес, ал бүрі мен дәндерінің биологиялық - морфологиялық белгілерімен әр түрлі. Ол белгілер ортадағы жағдайлармен байланысты.

Орман құрастыратын ағаштар негізінде ұялас өсімдіктер, бірақ та кейбір түрлері физиологиялық аналық немесе аталық болады. Аналық жолмен дамыған ағаштар өнімді көп береді.

Алматы қаласында кәдімгі шағанның екі түрлі бұталары бар дарағы табылған, біреуі аталық жолымен, ал екіншісі аналық жолымен дамып көп тұқым өнімін беретін.

Бір түр ағаштарының әр түрлі кезеңдік дамуымен жүруі мүмкін, олардың генеративтік бүршіктері өсуі, гүлдеуі және дәндер пісуі әр түрлі метео жағдайларда болғандықтан, дән өнімі де құбылады.

Көп қатар жеміс беретін ағаштар поликарпиктер, ал жеміс беру мүмкіншілігі - репродуктивтік қасиет деп аталады.

Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі генетикалық жағдайлар мен онтогенезге байланысты. Орман түрлері жылда жеміс өнімін бермейді. Жапырақтылар түрлері емен, шамшат және қылқан жапырақтылар, қайың, көктерекке қарағанда өнімді сирек береді. Дәннің өнімінің мол жылдары тұқымдық жылдар деп атайды.

Жеміс беру кезеңділігі. Қылқан жапырақтылар түрлерінің және ағаштар мен бұталардың тұқымдарын дайындау тәжірибесі және көпжылдық ғылыми байқаулар бір түрдің және орманның өнімділігі әр 0түрлі болатынын көрсетті. Мол өнімділік жыл, орта және нашар жеміс өнімі жылдарымен аралас болады. Ол құбылыс жеміс беру кезеңділігі деп аталады.

Өнім беру кезеңділігі - ол биологиялық ерекшелік, өнім мол болғанда пластикалық заттарының қоры молынан жұмсалуымен байланысты. Сондықтан келесі жылдары мол өнім болу үшін, гүл бүршіктерімен қатар заттар қоры да мол болу керек.

Жеміс берудің қарқындылығы аудандарға байланысты. Жалпы заңдылық байқалған, орман бітіміндегі ірі ағаштар өнімді болады. Өнімділікке бітімнің толықтығы да әсер етеді, төмен және жоғары толық бітімді ормандар орта бітімдіден өнім аз береді.

Сонымен, дәндердің өнімділігіне сыртқы жағдайлармен әсер етуге болады. Ол тәсілдер, бітімдерді сирету, ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру, аяздардан қорғау, минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолдану.

Қазақстандағы негізгі ағаш және бұта тұқымдыларының гүлдену, пісіп-жетілу және олардың жемістерін,



бүрлерін және тұқымдарын жинау күнпарағы

 

р/с №

Түр атаулары

Уақыты (айлар)

гүлденуі

пісуі

жиналуы

піскен жеміс пен бүрдің түр-түсі

1

2

3

4

5

6

Қылқан жапырақтылар

1

Сібір шыршасы

Ү-VI

ҮІІІ

ҮІІІ-ІХ

құба

2

Шренка шыршасы

Ү

ІХ

ІХ

қоңыр жылтыр

3

Сібір балқарағайы

IҮ-V

ҮІІІ-ІХ

ҮІІІ-ІХ

ашық-сары немесе қоңыр-сары

4

Кәдімгі арша

IV-V

IX

IX-X

қара-көкшіл

5

Зеравшан аршасы

IV-V

IX

X

қара-қошқыл

6

Түркістан аршасы

IV-V

VII

IX

жылтыр қара

7

Сібір самырсыны

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

құба, ашық-құба

8

Сібір балқарағайы

VI

VІІІ-ІХ

ІХ

сұр-қоңыр

9

Кәдімгі қарағай

V-VІ

ІХ-Х

Х-ІІІ

сұр, сұр-құба, қара-қоңыр, қызғылт қоңыр

10

Батыс бозаршасы

ІV-V

ІХ-Х

ІХ-Х

сұр-қоңыр, қара-қоңыр

Жалпақ жапырақтылар

11

Кәдімгі өрік

ІІІ-ІҮ

ҮІ-ҮІІІ

ҮІ-ҮІІІ

қызыл-сары

12

Ақ қараған немесе ақ инеш

Ү-ҮІ

ІХ

IX-XII

қоңырлау-сары

13

Сары қараған

Ү-ҮІ

ҮІ-ҮІІ

ҮІ-ҮІІ

сары-құба

14

Тушақұрай

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

ІХ-Х

қоңырлау

15

Салпыншақ қайың



ҮІІ-VIII

ҮІІ-VIII

сары-жасыл, сары-қоңыр

16

Кәдімгі қынаағаш

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-ХІ

қара, жылтыр

17

Кәдімгі долана

Ү-ҮІ

ҮІІІ

ҮІІІ

құба-қызыл, сары

18

Кәдімгі аюбадам

Ү

ҮІІ-ҮІІІ

ҮІІІ

қызыл, қызғылт-сары

19

Дала шиесі

Ү

ҮІІ

ҮІІ

қызыл

20

Жылтыр шегіршін

III-ІҮ

V

V

сұр

21

Кішкі жапырақты шегіршін

III-ІҮ

ІҮ-Ү

ІҮ-Ү

құм түсті

22

Кәдімгі қарала

Ү-ҮІ

ІХ-Х

IX-XII

қара-қоңыр, жылтыр

23

Алмұрт

ІҮ-Ү

ҮІІІ-Х

ҮІІІ-Х

көк-жасыл

24

Сәнтал, көріктал

ҮІ

ІХ

ІХ-Х

қара

25

Емен

ІҮ-Ү

ІХ-Х

ІХ-Х

қара-қоңыр, жылтыр

26

Кәдімгі ұшқат

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ҮІІІ-ІХ

қою-қызыл

27

Татар ұшқаты

Ү-ҮІ

ҮІІ-ҮІІІ

VІІ-ҮІІІ

ақшыл-қызғылт, шымқай-қызыл

28

Ақ тал

ІҮ-Ү

V-VІ

V-VІ

сары-қоңырлау

29

Шәңгіш

Ү-ҮІ

ІХ

ІХ

ашық-қызыл

30

Сәнағаш

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

ІХ-ХІ

құба

31

Сүйір жапырақты үйеңкі

ІҮ-Ү

ІХ

ІХ-Х

құба-қоңыр

32

Дала үйеңкісі

ІҮ-Ү

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

жасыл-құба, қоңыр-құба

33

Татар үйеңкісі

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

сары-қызыл, құба-қызыл

34

Ат талшыны

Ү-ҮІ

ІХ-Х

ІХ-Х

жасыл, жылтыр қоңыр

35

Үлкен жапырақты жөке

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

ІХ-Х

қара-сұр

36

Кіші жапырақты жөке

ҮІ-ҮІІ

ІХ-Х

IX-XII

құба-қоңыр

37

Жіңішке жапырақты жөке

Ү-ҮІ

ІХ-Х

ІХ-Х

ақшыл

38

Шырғанақ

ІҮ-Ү

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

қызыл, қызғылт сары құба

39

Грек жаңғағы

ІҮ-Ү

ҮІІІ-Х

ІХ-Х

сары құба, ақшыл-қоңыр

40

Жабысқақ қандыағаш

ІІІ-ІҮ

Х-ХІ

Х-ХІ

қызыл-құба

41

Кәдімгі шабдал

ІҮ

ҮІІ-ІХ

ҮІІ-ІХ

сары-қызғылт барқыт түсті

42

Итті раушан

Ү-ҮІ

ІХ-Х

Х

қызғылт-сары, қызыл

43

Кәдімгі шетен

Ү-ҮІ

ҮІІІ-ІХ

ІХ-Х

қызғылт-сары

44

Ақ сексеуіл

ІІІ-ІҮ

Х

Х

ашық-сары, ашық

45

Қара сексеуіл

ІІІ-ІҮ

Х

Х

сұр

46

Жалқын

Ү-ҮІ

ҮІ-ҮІІ

ҮІ-ҮІІ

сұр-қоңырлау

47

Тікенді қараөрік

ІІІ-ІҮ

ҮІІ-ІХ

ҮІІ-ІХ

қара-көк

48

Соғды қараөрік

ІІІ-ІҮ

ҮІІІ-ІХ

ҮІІІ-ІХ

күргін, сары-жасыл, қызылшие

49

Сары қарақат

Ү

ҮІІ

ҮІІ

қара-күнгін

50

Қара қарақат

Ү

ҮІІ

ҮІІ

қара

51

Шығыс сораңы

ҮІ-ҮІІ

Х

Х-ХІ

сұр

52

Рихтер сораңы

ҮІ-ҮІІ

Х

Х-ХІ

сұр-күміс

53

Бальзам терегі

ІҮ-Ү

ҮІ

ҮІ

жасыл-құба

54

Ақ терек

ІІІ-ІҮ

Ү-ҮІ

Ү-ҮІ

ашық-жасыл

55

Қара терек

ІҮ

Ү-ҮІ

Ү-ҮІ

жасыл

56

Батыс бозаршасы

ІҮ-Ү

ІХ-Х

ІХ-Х

ақшыл-сары

57

Ақ тұт

Ү

Ү-ҮІІ

Ү-ҮІІ

ақ, жасылды-ақ

58

Қаратұт

Ү

ҮІ-ҮІІ

ҮІ-ҮІІ

қара-қызыл, қара-сия

59

Жасыл шаған

ІҮ-Ү

ІХ

ІХ-Х

құба

60

Кәдімгі шаған

ІҮ-Ү

ҮІІІ-ІХ

ІХ-ХІ

жасыл-құба

61

Соғды шағаны

ІҮ-Ү

ІХ

ІХ-Х

құба

Ескерту: Күнпарақта жаппай гүлденуінің және жемістердің (бүрлердің) пісуінің мөлшерлі мерзімдері көрсетілген, олар қолайсыз жағдайларда кешірек басталуы мүмкін. Тұқым жинау үшін сондай-ақ болжамды мерзімдер келтірілген. Сары қараған, қайың, терек пен көкталдың жемістері мен сырғаларын толық піспей тұрып біраз ертелеу жинайды, өйткені піскеннен кейін тұқымдар тез шашылып қалады.

Кәдімгі шағанның, қабыржықтың және итмұрынның жемістерінде тұқымды себуге неғұрлым ойдағыдай әзірлеу үшін біраз піспеген күйінде жинаған жақсы.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет