1-сурет. А)- Долана көбелегі - Aporia crataegi, Б) 2-жұмыртқалауы, 3-жұлдызқұрты, 4,5-қуыршақтануы
Жас жұлдызқұрттары ағаш бұтағына ұя салып, қыстап шығып, ерте көктемде ағаш, бау-бақшаларға тарай бастайды. Жұлдызқұрттары жемір келеді. Олар алғашқыда ағаштың бүршігін, одан соң жапырағын кеміріп, шанағы мен күлтелерін зақымдайды. Әдетте маусым айының 1-жартысында қуыршақтарынан көбелектер ұшып шығады. Олар күндіз ұшып, түрлі өсімдіктердің шірнесімен қоректенеді. Ұрғашылары 20 – 300-ге дейін жұмыртқа салады. Бір тобындағы жұмыртқалардың саны 30-40 болады. Олар 15 – 20 күннен кейін жұлдызқұртқа айналады. Жұлдызқұрттар, әсіресе, көктемде жеміс ағашына үлкен зиян келтіреді. Жұмыртқадан шыққан жас жұлдызқұрттар жапырақтың үстіңгі бетінде тобын жазбай шоғырланып, жіңішке өрмек жіптерінен тканін кеміріп қоректенеді. Дегенмен жас жұлдызқұрттар айтарлықтай зиян келтірмейді. Ерте көктемде жеміс ағаштары бүршігі ашылар кезде жұлдызқұрттар ұядан шығады да, алғашында бүршіктерді, одан соң жапырақтарды кеміріпм деп, қатты зиян келтіреді. Жаппай өсіп-өніп көбейген
4
жылдары ола жас бұтақтарды, тіпті ағаштың өзін жалаңаштап, жапырақтарын түгелдей жеп қояды. Долана көбелегі жылына бір генерация беріп көбейеді.
Күрес шаралары мен экономикалық зияндылық шегі: күзде ағаш жапырағы түскеннен кейін, оларды жинап өртейді. Жеміс ағашына түрлі инсектицидтер бүркеді. Жеміс салған жсбақтарды көктемді бүршік ашылғанан кейн бітелер мен жапырақ кеміргіш зиянкестердің мекендейтіні белгілі болғанда біреуімен өңдеп бүркеді. Күзде жапырақтары түскен соң жас ағаштардың діңін кемірушілердің зақымдауынан қорғау үшін қияқтың зақымдауынан немеғсе күнбағыстың сабағымен орап тастайды. Децис, 2,5% к.э. (дельтаметрин, 25 г/л), ақ көбелек, с.ұ., Bacillus thuringiensis, var. кurstaki, штамм 2123-3к), битокцибациллин, құр.ұ., (биологиялық активтілік 1500 ЕА/г, экзотоксин 0, 6-0, 8%, Биотурин аспорогенді, жентек (кристаллды кешен Bacillus thuringiensis, var. кurstaki) препараттармен өңдеу керек.
5
2.2. Алма күйесі- Yponomeuta malіnellus –қабыршақ қанаттылар отрядының күйе көбелектер тұқымдасына жататын зиянды көбелек, жеміс ағаштарын зақымдайды. Батыс Еуропа, Солтүстік Қытай, Корея және Жапонияда, ал Қазақстанның солтүстігінен басқа аймақтарда тегіс таралған. Солтүстік облыстардан басқа аймақтардың барлығында әсіресе Республиканың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктің таулы аудандарында және орл облысында қатты зиян келтіреді. Көбелектің алдыңғы қанаттарының үсті үш қатар қара нүктелі күмістей ақ болады, ал артқы қанаттары күл түстес, жиек шашақтары ақшыл келеді. Қанаттарының жайғандағы ұзындығы 8 – 20 мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм, түсі сарғыш, басы қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер екі қатар орналасады. Пілләсінің түсі ақ, ал қуыршағы күңгірт сары. Алма күйесі жылына бір ұрпақ беріп көбейеді. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 м жетеді, түсі сарғылттау, бас бөлімі қара, арқасында қылшықты, қара сүйелдер бар және олар 2 қатар орналасқан.
2-сурет. . Алма күйесі- Yponomeuta malіnellus
Достарыңызбен бөлісу: |