Жылына бір ұрпақ беріп, өсіп-өнеді. Жұлдызқұрттары алма ағашы бұтағы
қабығының астында қыстайды. Көктемді бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, тобымен жапырақ тақатсының арасын енеді де, жас тканьдерді кеміріп, қуыстар жасап қоректенеді, 8-10 күннен кейцн жұлдызқұрттар минадан шығады да, жапырақты сыртынан кеміріп жеп, тек жүйкелерін ғана қалдырады, Соныме қатар олар өрмек жіпшелерімен әуелі өздері зақымданған жапырақарды, одан соң бұтақшаларды шырмап, өрмек ұяларын жасайды.
Мамырдың аяғы мен маусымның бас кезінде жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, өрмек ұялардың ішіне ақ пілләға оранып, қуыршаққа айналады, Зиянкес жаппай өсіп-өнегн жылдары әр бұтақтағы қуыршақтардың саны 500 жетеді.
6
Қуыршақ кезеңі 15-20 күнге созылады. Көбелектер шыққан оң көп кешіпей ақ
жұмыртқалауға кіріседі. Аналық көбелектер жұмыртқаларын 30-50 данадан
топтап, алма ағашының 2-3 жылдық бұтақшаларына салады. Бірнеше күннен кейін салынған жұмыртқалардан жұлдызқұрттар шығады. Олар келесі көктемге дейін қалқаншаның астында қыстайды.
Достарыңызбен бөлісу: |