Шекшектер.
Құрғақшылық жылдары сандары өте көп болғанда егінге,көкөніс дақылдарына, майлық дақылдарға және жеміс ағаштарына зиян келтіреді.Антеналары денелерінен ұзын,үлкен жәндіктер. Жылына бір рет ұрпақ береді.Топырақта,өсімдіктерде және олардың ұлпаларында жұмыртқалары қыстайды. Аса зияндылары-жасыл (Tettigonia viridissima L.) және сұр (Decticus verrucivorus L.) шекшектер.
Жүзім филлоксерасы – Viteus vitifolli Fitch. Тең қанаттылар отрядының филлоксера тұқымдасына жатады. Бұл зиянкестік отаны Солтүстік Американың оңтүстік- шығыс бөлігі. Европаға XIX ғасырдың аяғында әкелінген. 1880 жылы ол Қырымда, одан кейінгі жылдары Кавказдың Қара теңіз жағалауында, Кубаньда және Тбилисидің маңында табылған. Қазіргі уақытта филлоксера Молдавияда, Украинада, Солтүстік және Күңгей Кавказда таралған. Карантин зиянкесі болып есептеледі. Тек жүзім өсімдігін ғана зақымдайды.
Филлоксераның тіршілік әрекеті мен өсімдікті зақымдау сипаты жағынан бір-бірінен өзгеше болып келетін 2 түрі кездеседі; тамырлық және жапырақтық түрі.
Тамыр филлоксерасының қанатсыз ұрғашыларының пішіні сопақша, түсі сарғылт-қоңыр, арқасымен бүйір жақтарында 6 қатар болып, бойлай орналасқан күңгірт түсті бұдырмақтар болады, тұмсығы ұзын, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен асып тұрады, мұртшалары қысқа, 3 буыннан тұрады, денесінің ұзындығы 1 мм шамасындай. Бұл белгілер тамыр филлоксерасының личинкаларына да тән. Жұмыртқалары алғашында ақшыл-сары болады да соңынан қоңыр түске көшеді, ұзындығы 0,3 мм шамасындай. Жапырақ филлоксерасының қанатсыз ұрғашысы сарғылттау жасыл түсті, жұмыр денелі, ұзындығы 1,25 мм-дей болады, тұмсығы қысқа, артқы аяқтарының денемен жалғасатын деңгейінен аспайды, арқасы мен бүйір жақтарында бұдырмақтар болмайды. Филлоксераның бұлардан басқа нимфа, қанатты және жынысты ұрпақ деп аталатын түрлері де болады.
Жүзімнің америкалық сорттары мен америка-европалық будандарында филлоксера толық циклді болып, екі түрде де дамиды. Ал жүзімнің европалық және азиялық сорттарында тек тамыр филлоксерасы ғана дамиды.
Филлоксера толық циклмен дамығанда I-II жастағы личинкалары жүзімнің тамырында қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 130 С-қа жеткенде олар жіңішке тамыршалардың шырынын сорып, қоректене бастайды.20-30 күннен кейін личинкалар тамыр түрінің қанатсыз партеногенездік ұрғашыларына айналады. Олардың әрқайсысы40-100 жұмыртқа салып, одан соң өледі. Солтүстік аудандардың жүзім шаруашылықтарында филлоксераның бұл түрі осындай жолмен өсіп-өніп 4-5, ал оңтүстік аудандарда 7-8 ұрпақ беріп дамиды. Жаз кезінде личинкалардың бір бөлігі жер бетіне шығады. Одан соң жердің жарықтары арқылы топыраққа қайтадан енеді де көрші өсімдіктердің тамырларын мекендеп, тіршілік әрекетің жалғастыра береді.
Маусым айының орта кезінен бастап кезбе личинкалардың кейбіреулері жүзім сабағының бойымен өрмелеп жоғары көтеріледі де қанатты ұрғашы бітелерге айналады. Олар ұшып-қонып жүріп жұмыртқаларын жүзім өсімдігінің жер үстілік мүшелеріне салады. Жұмыртқалардың үлкен-кішілігі әр түрлі болады. Олардың ірілерінен филлоксераның ұрғашылары, ал ұсақтарынан еркегі дамиды. Одан соң ұрғашы бітелер ағаш қабығының ішіне қыстайтын жұмыртқаларды салуға кіріседі. Олардың әрқайсысы бір-бір жұмыртқадан ғана салады. Көктемде сол жұмыртқалардан шыққан личинкалар жапырақтың үстінгі бетіне сүлікше қадалып шырынын сора бастайды. Зақымданған ткань қалыптан тыс өсіп, жапырақтың астынғы жағынан бұлтиып шығып тұрады, сөйтіп беріш пайда болады. Ал личинкалар беріштің ішінде қоректеніп, дамуын одан әрі қарай жалғастыра береді. 18-25 күннен кейін бұл личинкалар жапырақ филлоксерасының қанатсыз партеногенетикалық ұрғашыларына айналады. Олар беріштің ішінде 500 дейін жұмыртқа салып, одан соң өздері өледі. 6-8 күннен кейін бұл жұмыртқалардан личинкалар шығады да жапырақтарда қоректеніп, жаңа беріштер түзіледі. Зақымданған жапырақтардың ассимиляциялық қызметі нашарлайды, өсімдіктің өсуі тежеледі, беретін өнім азаяды, көпшілік жағдайда өсімдік біржола тіршілігін жояды. Филлоксераның бұл түрі бір маусым ішінде 7-9 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Екінші ұрпақтан бастап жапырақ филлоксерасының арасында ұзын тұмсықты личинкалар да пайда бола бастайды. Олар топыраққа еніп, одан тамырға өтеді де тамыр филлоксерасына айналады. Бірте-бірте тамырға көшетін ұзын тұмсықты личинкалардың саны өсе бастайды. Күзгі суық басталысымен жапырақ филлоксерасының личинкалары түгел қырылады да тек тамыр филлоксерасы ғана қалады.
Филлоксера зақымдаған өсімдік тамырында пішіні құстың тұмсығына ұқсас ірілі-ұсақты ісік тәрізді өсінділер пайда болады.Олар әр түрлі микроорганизмдердің әсерінен тез бұзылып, шіри бастайды. Тамырдың өсуі тежеледі. Нәтижесінде зақымданған жүзім бұталары біржола өледі.
Күресу шаралары. Ерте көктемде бүршік жарылмай тұрғанда жапырақ ширатқыш көбелектердің қыстап шыққан қуыршақтарын және кенелерді құрту үшін жүзімнің сидам сабақтарын және оның тарамдарын қабықтарынан тазарту. Одан соң оларды акрекстің 50%к.э. немесе антионың 25 %к.э. бүркіп өңдеу.
Жапырақ ширатқыш көбелектердің жұлдызқұрттарына қарсы жүзім бұталарын бірнеше рет бүркуге тура келеді: көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, және жидектер пісер кезде. Бүрку үшін мына препараттардың біреуін қолдануға болады: фозалон 35 к.э.(1,0-2,8 кг\га), фосфамид 40%к.э. (1,2-3 л\га), карбофос 50% к.э. (1,0-2,5 л\га), антио 25% к.э. (1,2004 кг\га).
Фозалон зиянкестің бірінші және екінші ұрпақтарына қолданылады. Ал көрсетілген препараттардың басқаларын өнімді жинау мерзіміне 30 күн қалғанға дейін пайдалануға болады.
Жүзім плонтацияларында филлосерамен күресу шаралары мынадай 3 зона бойынша дифференциаланады: 1 – филлоксера жоқ зона, 2 – филлоксера бірен-саран таралған зона, 3 – филлоксера мекендеген зона. Филлоксера жоқ зонада жаңа плантация жасауда және ескі плантацияларды жөңдеуде филлоксераның жапырақпен қоректенетін түрі дами алмайтын сорттарын пайдалану, сонымен қатар карантин ережесін бұлжытпай орындау керек.
Калифорниялық қалқанша сымыр – Quadraspidiotus perniciosus Comst. Қауіпті зиянкес, ішкі карантин объектісі болып есептеледі. Бұрынғы КСРО-да бірінші рет 1931 жылы Кавказдың Қара теңіз жағалауынан табылған. Қазіргі уақытта Молдавияда, Украинада, Грузияда, Краснодар және ставрополь өлкелерінде, Орта Азияда, Хабаровск және Приморье өлкелері мен Сахалиннің оңтүстігінде таралған. Ал қазақстанда Шымкент обылысының оңтүстік аудандарында кездеседі.
Зиянкестің ұрғашысының ұзындығы 1,3 мм, лимондай сары түсті , денесі дөңгелек болады, аяғы, қанаты мен көзі редукцияланған, бір жерде қозғалмай тіршілік етеді, шаншып-сорғыш ауыз аппараты жақсы жетілген, қалқаншасының орта бөлімі дөңестеу, түсі бозғылт қоңыр, диаметрі 2 мм жетеді. Еркектері бірнеше сағат қана өмір сүреді, түсі қызғылт-сары, кеудесінде көлденең орналасқан қара жолақ бар, ауыз аппараты редукцияланған, бір жұп қанаты, 3 жұп аяғы, ұзын мұртшалары болады, денесінің ұзындығы 0,8-0,9мм, қалқаншасының ұзындығы 1 мм жетеді. Личинкасының денесі сопақша, түсі сарғылт, жақсы жетілген ұзын тұмсығы ба, көздері, мұртшалары және 3 жұп аяғы болады.
Калифорниялық қалқаншалы сымыр 1 жастағы личинка күйінде қалқанша астында қыстайды. Кейбір жағдайларда II-жастағы личинкаларыжәне ересектеріде қыстап шығады. Көктемде жеміс ағаштарында «шырын жүру » кезеңі басталысымен личинкалар қысқы ұйқыдан оянады да10-12 күн ішінде 2 рет түлеп, ересек насекомдарға айналады.Ұрықтанған ұрғашы сымырлар50-60 күн өмір сүреді. Осы мерзім ішінде олардың әрқайсысы 60-80 личинка табылады. Кейіннен олар ағаштың діңімен бұтақтарының қабығына сүлікше қадала жабысады да бірте-бірте қозғалу қабілетін жоғалтады және арқа жағында қалқанша пайда болады. Зиянкес қоректенетін жеміс ағашының діңі мен бұтақтарының ескіре бастаған қабығында ұзын салалы және көлденең сызықтар, ал жапырақтары мен жемістерінде және жас қабығында осы түрге ғана тән қызғылт дақтар пайда болады. Нәтижесінде ондай ағаштардың беретін өнімі азайып, жемістерінің сапасы төмендейді. Ол әсіресе питовниктермен жас бақтарға қатты зиян келтіреді. Мекендеген жерлердің географиялық ендігіне байланысты калифорниялық қалқаншалы сымыр жылына 2-4 генерация беріп өсіп өнеді.
Шығыс алма жемірі – Laspeyresia pomonella L. Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. Жер жүзі бойынша алма ағашы өсетін зоналардың барлығында тегіс таралған ең қауіпті зиянкес.
Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсас қара сұр түсті болады. Сонымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр 3 жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл-сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм жетеді.
Көбелектің жетіліп қоректенуін тоқтатқан жұлдызқұрттар алма ағашының діңі мен бұтақтарының өлі қабықтары астында, жарықтарында , кеуектерінде жерге түскен жапырақтардың және басқа өсімдік қалдықтарының арасында, сонымен қатар жеміс сақтайтын орындарда қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында қуыршаққа айналады. 2-3 жетіден соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көктем кешіккен жылдары көбелектің жалпы ұшу мерзімібір айға, ал жаппай ұшу кезеңі 7 күннен 14 күнге созылады.
Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен кейін көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде ұщады. Ауа райының жылылығы 160 С төмен болатын салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 100 және одан да көп жұмыртқа салады. Оншақты күн өткен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1-2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25-30 күнге созылады. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады. Оңтүстік аудандарда бұл кезең мамырдың соңғы оңкүндігінде, ал Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында маусымның екінші жартысына немесе аяқ кезіне тура келеді.
Қуыршақтану кезеңі басталғаннан соң 10-15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымданған жеміс түйнектері пісіп жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымданғандары төзімсіз келеді.
Алма жемірі республиканың оңтүстігіне жылына 3, оңтүстік шығысына 2, ал батыс, орталық және солтүстік аймақтарында бір ұрпақ беріп дамиды.
Сақиналы жібек көбелегі.Molocosoma Neustria. Піллә тоқушылар тұқымдасына жатады. Жеміс ағаштары мен жапырақтары орман ағашының зиянкесі
Жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді. Көбелектің қалыптасқан жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстап шығады да көктемде қоректенуге кіріседі.Ағаштың жапырақтарын, гүлдерін түгелдей жеп қояды.Гусеницалар бұтақтардың айырына өрмек жіптерінен тоқылған тығыз ұялар жасап, топтанып жүреді.Тек ең соңғы жастағыгусеницалары ғана жеке жүріп тіршілік етеді.Дамуы аяқталған соң олар өрмек жіптерімен шырмалған жапырақтардың арасында сары түсті пілләға оранып қуыршаққа айналады.Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйінде шығады, олар қореқтенбейді. Ұрғашылар барлық жұмыртқа қорын бірден салады. Жұмыртқаларын ағаштың майда, жіңішке бұтақтарына сақина тәрізді айналдыра орналастырады.
Күресу шаралары. Жапырақтары шықпай тұрғанда ағаштарға минералдық майлардың эмульсиясын бүрку. Гусеницалардың жаппай шыққан кезінде 80 проценттік хлорофос ерітіндісін бүрку.
Жұпсыз жібек көбелегі.Ocneria dispar L.Қабыршақ қанатты насекомдар отрядының тұқымдасына жатады.Қазақстанда тегіс таралған. Жеміс ағаштары мен жапырақты орман ағаштарының зиянкесі.
Көбелектің жас гусеницалары жұмыртқа қабығының ішінде қыстайды. Көктемде ағаштың бүршіктері жарылған кезде шығады. Олар ағаштардың жапырағын алғашында ойып-ойып, ал соңынан түгелдей дерлік жеп қояды.Сонымен қатар олар гүл шанақтары мен гүлдері де зақымдайды. Денесінде ұзын қылшықтары бар жас гусеницалар желмен аспанға көтеріліп, едәуір қашықтыққа бара алады. Сөйтіп олар бір ағаштан екінші ағашқа және көршілес бақтарға тарлады. Жаздың бас кезінде гусеницалар өрмек жіптермен шырмалған жапырақтардың арасында немесе қабықта борпылдақ пілләға оранып қуыршаққа айналады.Көбелектер жаз ортасында жыныс бездері пісіп жетілген күйде шығады, қоректенбейді. Жұмыртқаларын топтап ағаштың сүңгегіне жабыстыра салады, үстін өздерінің бауыр түктерімен жауып тастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |