Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет37/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
73 
Ардақтымызды ақ орап қоялық, сөз сосын болсын! — деді байсалды 
дауыспен Жәнібек. 
Әбілқайыр хан бұлардың үнінен бір ауыр зіл сезді. 
Осымен хан тобы қаралы ордадан шықты. Орда-Базарға қайтып келе жатып, 
Әбілқайыр екі жағдайды есіне алды. Бірі — Қара Қыпшақ Қобыланды Ақжол биді 
өлтірсе де, оның қадірін құрта алмауы еді. Бұл жазықсыз ажал Ақжол бидің атын 
тірідегісінен де ұлғайта түскендей. Кейде тарих адам атымен осылай ойнайды. 
Тірісінде жоқ даңқты өлгеннен кейін береді. Ақжол би де осындай даңққа ие бола 
бастаған-ды. Қара Қыпшақ Қобыланды бидің басын алғанмен, оның ұрпақтарға 
кететін даңқын жоя алмаған. Әбілқайыр хан бұны анық түсінді. Екіншісі — осы 
Ақжол бидің өлімі өзі ойлағандай Жәнібек пен Керейді құртатын жол болмай 
шықты. Хан өз қатесін өзі мойындады, бұл өлімнің аяғы үлкен насырға, ел бүлінер 
дау-жанжалға шабатынына шек келтірмеді. Хан мұны есіне ұстауға тиісті екенін 
мықтап түйді. 
Ақжол бидің жетісін бергеннен кейін Жәнібек пен Керей қазақ руларының 
сойыл ұстар жігіттерін, Орда-Базар сыртына сапқа тұрғызып қойып, хан сарайына 
келді. Қазалы ерінің құнын сұрады. Әбілқайыр: «Қыпшақтың үш жігітінің басын 
ал, бір бидің жоқтауы осы үш адамның қанымен бітсін» деді. 
Жайшылықта ақ жарқын Жәнібек қараңғы түндей түнере: 
— Бізге жазықсыз жандардың қаны керек емес. Жазықты Қобыландының басы 
керек, — деді. 
Хан көнбеді. Бұл айқас тек Қобыландының басымен тынбайтынын білетін-ді. 
Қобыландыдан айрылса бар Қыпшақтан мүлдем қол үзетінін есепке алды. 
Сондықтан «жоқ, Қобыландыны бермеймін» деді. 
Жәнібек пен Керей орындарынан түрегелді. 
— Олай болса, біз кеттік, — деді қос сұлтан. 
Бұлар келместен бұрын Әбілқайыр хан сарайының мұнарасынан Кеңгірді 
бойлай, Орда-Базардың күнгей бетінде құмырсқадай қаптаған әскерді көрген 
Жәнібек пен Керей қоштаспай, өктемдей адымдап есікке таянғанда «ұстаңдар 
мыналарды!» дей алмады нөкерлеріне. Жер шұқыған қалпымен үн-түнсіз қала 
берді. 
Күн бата Арғын, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ руларының біраз 
ауылы Жәнібек пен Керейге еріп, Моғолстанға қарай көтерілді. 
Қалың әскері қорғаған қазақ рулары түні бойы көшті. 
Таң атып, күн шыққанда кешегі ақшағала қалың ел сыңсып отырған шалғын 
шөпті жазық даланың біраз жері құлазып бос қалғанын Орда-Базар халқы тегіс 
көрді. Осылай боларын білген Әбілқайыр, хан сарайынан шықпай жатып алды. 
Қыпшақ батыры Қобыланды да хан ордасының қасында қала алмады. 
Қыпшақтың қарамағындағы бес мың үйін ертіп, Торғай бойына кетуге бел буды. 
Қайсар батырдың бұлай көшуіне бір жағдай үлкен себеп болды. Жәнібек пен 
Керейге еріп қазақ рулары Моғолстан жеріне көтерілуден үш күн бұрын, қазақтың 
сол кездегі ардақты санайтын бір топ батыры мен билері Қобыланды батырдың 
аулына келген. Бұлар келсе Қобыланды он екі қанат ақ ордасының ішінде бүк 
түсіп теріс қарап жатыр екен. Сары қарын болып қалған бәйбішесі: «үйге қадірлі 
кісілер келді, тұрсайшы, батырым», — десе де Қобыланды тұрмады. «Ах» ұрып, 
өзге жұрт білмейтін, тек өзіне ғана аян жан азабына өртеніп жата берді. 
Сонда батырларды бастап келген Арғын би: 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
74 
— Уа, жарқыным, Әбілқайырға ердің — жол бермедің, ұлымды өлтірдің — құн 
бермедің. Бар жынымызды қоссақ біздің де бір Қобыландылық бақсылығымыз 
бар. Ел қамын ойлап келіп отырмыз. Келін-кепшігіне өкпелеген қариядай, теріс 
айналып, тоңқайып жатып алғаның не қылғаның? Тұр, сөйлеселік! — деген 
даусын көтеріп. 
Арғын бидің өктем сөйлеуінен, бұл келгендер, ел аузындағы өзімен үзеңгілес 
батырлар екенін біліп, Қобыланды басын көтеріп, сәлем беріп, түрегеліп отырған. 
Сырттағы жалшыларына қонақтарға арнап ту бие сойдырған Торғынай 
бәйбішесі үйге кіріп, бес тайдың терісінен тіккен сабаны қара піспекпен
күрпілдете пісіп, тегенедей-тегенедей ағаш аяқтарға қымыз құя бастаған. 
Ұзақ жүріп шөлдеп қалған Арғын сапты аяқты орталай бір сіміріп алған да, 
сөзіне кіріскен. 
— Күнбатысында Еділді, күншығысында Орхон, Ертісті, солтүстігінде Тобыл, 
Есілді, оңтүстігінде сонау Қытай Шым қабырғасына дейін жалпақ даланы ежелден 
ен жайлаған ел едік. Көне заманнан тіліміз де, ойымыз да, шаруашылығымыз, 
салтымыз да бір еді. Қыпшақ, Алшын батысымды, Найман, Керей шығысымды, 
Үйсін, Дулат, Қоңырат оңтүстігімді қорғап келдің. Атам заманнан орталары¦да 
мен бар едім. Сендерден күші асып, жер ортама жау жеткенде, аянып қалған кезім 
жоқ. Қандай өкпең бар, ағайын? Ерлігім кімнен кем еді? Долданған теңізге желкен 
қайық не істей алады, хұнуға да қарсы шаптым, Қытайға да қарсы шықтым, бірақ 
күшім жетпеді. Ағайын деп Керей, Найман, Қоңырат жеріне ығыстым. Қоныс 
берді бұл ағайын. Арғын деп өзеніне ат қойдым. Соққан құйындай боп жерімді, 
елімді талап хұну өтті батысқа. Ата қонысыма қайта келдім. Қайтадан Арғынаты 
тауына қазық қақтым. Жауласар еліммен шекаралас Қыпшақ, Керей, Найман, 
Алшын, Үйсін, Дулат, Жалайыр, сендер болдыңдар. Ортаңда көз оймақтай мен 
қалдым. Сонау бір арғы заманда хан көтеріп ел болмасақ та, көшкен жерімізді 
жаудан сақтадыңдар, құрымадық. Ал бүгін не болғалы тұрмыз? Ойладың ба 
осыны, ағайын, өзара? Ойламасаң ойлайық, — Қобыланды сөйлемек боп тамағын 
қырынып ыңғайлана беріп еді, Арғын би оны тоқтатып тастады. — Шаңырақ 
өзіңдікі, кезегің келер, айтарсың. Алдыменен ағайынның сөзін ұғып ал. Сөйле 
Қарақожа батыр! — деді жолы үлкен болмағанмен осы отырғандардың жасы 
үлкені Керей Қарақожа батырға сөз тастап. 
— Дұрыс айтты Арғын би, — деді, ел арасында «бес құлаш» деп аталатын 
еңгезердей, қошқыл өңді Қарақожа батыр, — анадан ер болып жалғыз Қыпшақ 
туған жоқ, батырлыққа, ерлікке бәріміз де ортақпыз. Ежелден біздің қонысымыз 
Орхон, Онон өзендерінің бойы мен қарт Алтай, Тарбағатай таулары екені бәріңе 
аян. Арғы аталарымыз кәпір дінінде болыпты деседі. О заманда қазақ қандай дін 
ұстағанын кім білген. Мүмкін кәпір де болған шығар. Бірақ Керей Керей болғалы, 
Ертіске көшіп қонғалы Үйсін, Дулат, Арғын, Қыпшақ, Найман, Уақ сендермен бір 
шығысып келеді бұл Керей. Рас, ерте кезде монғол елімен де біз дос болғанбыз. 
Қыз алысып, қыз беріскенбіз. Бірақ Темучин Шыңғысхан аталысымен-ақ, өзімен 
көршілес Керейдің ел болып отырғанын көргісі келмеді. Татар қауымынан кейін, 
ауызды бізге салды. Қылышынан қан тамған Шыңғысханмен он жыл айқастық. 
Керейдің ардагерлері Марғыз Бұйрық хан, Қожатұр хан, Уан хан — бәрі Шыңғыс 
қолынан қаза тапты. Осыншама біз не үшін алыстық, неге ардақты ұлдарымызды 
құрбан етіп қан-жоса болдық? Көк Орданың ханы Әбілқайырдың құлы болуға ма? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет