Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
150
Қобыланды батыр тоқтай алмады. Жеткен жігіттерін тірсектен сойылмен бір
ұрып, жерге құлатып, жау соңынан қуа түсті. Қобыландының жалғыз шауып келе
жатқанын көрген сұлжық түрікменнің елу шақты сойылкер батыр жігіттері кенет
аттарының басын кейін бұрып Қобыландыға қарай ат қойды. Жан-жағынан
қоршап, ортаға ап қыса бастады. Көкжал қасқыр қанша арлан болғанменен, жан-
жағынан жұлқылай түскен өзіндей кілең көк бөріге не істей алады?
Қобыландының да халі осы көкжал қасқырдай еді. Қанша алысқанмен де көпке
топырақ шаша ала ма, күші де баяғы жас кезіндегідей емес. Енді ажалдың таяу
қалғанына көзі жетті. Дегенмен күші азая бастаса да, ол сойылын оңды-солды
сілтеп, қасына жауын тақа жуытпай тұр. Бірақ бұл алыс ұзаққа бара ма? Ол анда-
санда арт жағына қарап қояды. «Көп кешікпей өзі оралар» деп ойлаған серіктері
мұны іздеп келе қоймады. Хал мүшкілге айналды. Қарашыңды жауына түсіртіп
алған сұлжықтар, оның орнына Қобыландыны байлап әкетпек болды. Олар асау
ұстаған жігіттердей, жан-жақтарынан қоршап, арқандарын Қобыландының
мойнына лақтыруға ыңғайлана берді. Қалжырауға айналған Қобыланды енді
өзінен дәрмен кетіп бара жатқанын түсінді. Намыстан да жан тәтті. Қобыланды
батыр бір мезет атының басын кейін бұрып, қоршауды бұзып шығып, қашып
құтылмақ болды. Көксеңгірдің ұрпағы Киіккетпес тұлпарын тебініп қап, жау
шебін үзбек боп кейін шапты. Қобыландының айбарынан сескенген жігіттер қақ
айырылды. Қобыланды орталарынан зырғытып өте берді. Бірақ өте алмады, екі
жағынан лақтырған арқан мойнынан бірдей түсті. Ырғи жөнелген Киіккетпестің
үстінен сыпырып жерге дүңк еткізді. Аспан-көк шыр айналып кетті. Құлап бара
жат-
қанында құлағына жеткені ат дүбірлері мен «Ақжол! Ақжол!» деген айқай ғана
еді. Ар жағында не болғанын өзі де білмеді. Тек көзін ашып, есін жиып, орнынан
ақырын түрегелгенінде, алдында күлімсіреп қарап тұрған жас жігіт пен алтын
зерлі жұмсақ сауыт киген, құралай көз сұлу келіншекті көрді. Арада сегіз жыл
өтсе де, бұл екеуін Қобыланды бірден таныды. Шатыраштанып жасыл төккен
мырза қарағай тәрізді сұңғақ бойлы сымбатты жігіт батыр Саян болатын. Ал
қасындағы келіншек, оның жұбайы Әбілқайырдың туған қызы Гүлбаһрам-Сұлтан-
Бегім еді.
Батыр Саян баяғы Сейхун дарияның жағасында Әбілқайырды жолбарыстан
аман алып қалғаннан кейін, өзі секілді күштілерден қорлық көрген жүзге тарта
батыр жігіттерді жинап, аламан болып кеткен. Сейхун мен Жейхунның арасында
қасқырдай жортқан. Талай шонжарлардың малын шауып, Мауреннахр мен
Түркістан арасында көшкен сан саудагерлердің керуенін тонаған. Ақырында
Жетіқоңыр маңайында қазақ рулары бас қосып жатыр дегенді естіген. Енді
аламандықты тастап, бір кезде өзін өлімнен құтқарған нағашы жұртына қосылмақ
боп, қасындағы жүзге таяу серіктерімен, бес жасар баласын алдына отырғызып,
Гүлбаһрам-Сұлтан-Бегім сұлуын ертіп жолға шыққан. Құмға өскен қалың сексеуіл
арасында келе жатып, Қобыланды батырды қоршаған сұлжық түрікмендердің
жігіттерін көрген. Қобыландыны аналар аттан құлатып, байлап жатқан кездерінде
Арғынның ұраны «Ақжолдап!» айқайлап, шабуыл салған. Қазақтың көп
сыпайлары жетіп қалған екен деп ойлаған сұлжықтар, қарсыласуға батылдары
бармай, Қобыландыны тастап қашқан. Өздері жолаушылап алыстан талып келе
жатқан батыр Саян жігіттері оларды қумаған.
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
151
Гүлбаһрамды көріп кәрі жүрек тағы толқып кетсе де, Қобыланды батыр өзін-
өзі ақылмен тоқтатты. Бір кезде өзі өлімге қиған батыры, енді бұны ажалдан алып
қалғанын түсініп, күрт өзгерді. «Қоянды — қамыс, ерді намыс өлтірер» болса, да
батырдың аңғал бір ұрт мінезіне салып Қобыланды намысын жеңді.
— Қарағым, батыр Саян, ер шекіспей бекіспейді. Сен екеуміз шекістік. Айып
менен, — деді. — Егер сен кешірсең, арамызда болған оқиғаны мен кешірдім.
— Мен де кешірдім, — деді батыр Саян күлімсіреп бірінші боп қол беріп.
Қобыланды батыр Саянның топ аламанын ертіп Хан Ордасына қайта келгеннен
кейін Жәнібек ханның жарлығы бойынша, хан кеңесінің аз күнге мәжілісі
тоқталып, жігіттердің жау қашырған құрметіне үш күн, үш түн той істеді. Дәл осы
кезде Қырымды аралап Асан Қайғы жырау оралды. Бастығы Жәнібек боп бүкіл
қазақтың ардақты батыр, биі қарт ақынды кілемге көтеріп қарсы алды. Өзіне
арналып ақ орда тігіп, ту бие сойылды. Той үстіне той болды.
Осы тойдың нағыз қызып жатқан шағында, бір өліп тірілген, қараша күркеде
сирағы сыртқа шығып шынжырлаулы жатқан Қарашың батырға Бұрындық келді.
— Қарашың батыр, — деді ол айтайын деген сөзіне бірден кірісіп. — Егер
жаныңды сауға етіп, еліңе жіберсін десең менің шартымды орында.
— Қандай шарт?
— Тоқтар-Бегім сұлуыңды маған тоқалдыққа бересің. Сонда босатам.
— Ау, оның байы бар емес пе? Және былтыр бөпелі болған.
— Байынан айыр. Баласын байына қалдыр, не өзің асыра. Шешесін маған бер.
— Бұл мұсылманның сөзі емес.
— Сенің қарындасыңа мен мұсылман емеспін. Өзінің қылығына қарай
кәпірмін.
— Жоқ, Мұқамет пайғамбардың дініне қарсы болар күнәға мен бара алмаймын.
Одан да менің басымды ал.
— Маған сенің басың емес, қарындасың керек.
Бұрындық ертеңінде де, арғы күні де келді. Есіл-дерті кеше өзін менсінбеген
Тоқтар-Бегімді қатын етіп, өшін алу болды. Қарашыңның «Тоқтар-Бегімнен де
сұлу тағы бір қарындасым, екі қызым бар. Соның бірін ал» дегеніне көнбей қойды.
«Не өзіңнің қаныңды ішем, не Тоқтар-Бегімді қатын қылам деді, қаныңды бірақ
асықпай ішем, күніне бір қасықтан ғана ұрттаймын».
Түбі құтыла алмайтынын білген Қарашың ақырында еліне, аға-інілеріне кісі
жіберді. Тоқтар-Бегімді Бұрындыққа тоқалдыққа беріп, өзін құтқаруды сұрады.
«Құдыс батыр Тоқтар-Бегімнің сіңлісі Ажар бике мен өзімнің екі қызымның
таңдағанын алсын», — деді.
Шайх-Хайдардың жорығы тек Бұрындық сұлтанның ғана мұратына жеткізіп
қойған жоқ, бүкіл қазақ руларының мұратына жетуіне себепкер болды. Жи-налған
батыр, билер енді қазақ руларының сөзсіз бірігуі керек екенін, егер бірікпесе
Әбілқайыр хан, не басқа бір хан оп-оңай құл ететінін ұқты. Хан кеңесі қайтадан
мәжіліске отырды. Барлығы келешекте үш жүзге бөлініп, бір ханға бағынуды
мақұлдасты. Іштей наразы болғанмен де, Темір би де бұған сырттай қарсы
болмады. Ұлы жүзге — аға рулар Үйсін, Дулат, Жалайыр, Орта жүзге жер
ыңғайына, әдет-ғұрпы, салтына қарай Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей,
Уақ, Тарақты. Кіші жүзге Еділ мен Жайық бойын жайлаған Алшын, Байұлы,
әлімұлы, Жетіру кірсін десті. Бірақ бұл үш жүзге бөліну мәселесі бұ жолы
аяқталмады. Арада талай толқу болды. Тек осы мәжілістен алпыс жыл өткеннен
|