Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет73/102
Дата10.09.2022
өлшемі1,59 Mb.
#149138
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102
Байланысты:
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
144 
дейді. Сонда Шыңғысхан: 
«Теңіз баштан бұлғанса, 
Тұндырар олым Жошы дұр 
Терек түптен жығылса, 
Тұрғызар олым Жошы дұр». 
дейді. Сонда Ұлы Жыршы алғашқы өлеңін тағы қайталайды, бірақ бұл жолы 
көзінен жасы парлап ағады. Ананың жылап отырғанын көрген Шыңғысхан: 
«Көзің жасын төгілтер, 
Көңілің шерлі болғай ма? 
Жырың көңіл үркітер 
Жошы өлген болғай ма? 
деп сұрайды. Сонда Ұлы Жыршы түркі жырымен: 
«Сөйлемеске еркім жоқ, 
Сен сөйледің, а ханым!» 
Өз жарлығың өзіңе 
Жөн ойладың, а ханым!» 
деп Жошының өлгенін естіртеді. Сонда жаратылғалы көзінен жас шықпаған 
Шыңғысхан еңкілдеп жылап: 
Құлын алған құландай 
Құлынымнан айрылдым! 
Айырылышқан аққудай 
Ер ұлымнан айрылдым!» 
деп теріс қарап, бүк түсіп жатып алады. 
Қарт Қотан бұл жырды сонау Ұлы Жыршы мен әлем әміршісі Шыңғысханның 
дәл сол күндегі күйін отырғандардың көз алдына елестеттіргендей, кәрі қобызын 
боздата, кәрі даусын қарлықтыра шығарып, зар жылап отырып айтты. Жырау 
өнері жұрттың көңілін бөлгені соншалық, отырған адамдар ана жақта болғалы 
тұрған ұрысты ұмытып та кетті. 
Қотан қарт енді жыр үстіне жырды тоғытты. Ол бір мезет Орақ толғауын 
бастады. 
«Артуда арту тау келсе, 
Атан да тартар бүгіліп. 
Алыстан қара көрінсе, 
Қарақұла жатар үңіліп...» 
Орақ толғауының адамның құйқа тамырын шымырлатып, өн бойыңды дірілдетіп
алып кететін қасқырдың ұлығаны тәрізді өзіне дербес бір ескі әуені бар. Осы 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
145 
әуенге сай Қотан жырау қобызын осып-осып аңыратып кенет жас күндегідей 
жігерлене толғады. 
«... Уа, жігітләр, жігітләр, 
Жалаңғаш жерде жауға шап. 
Осынау жалған дүниеде 
Ажал житмай өлмек жоқ». 
Жырау даусы, шаба келе қызған жүйріктей, енді шарықтай түсті. Ұйып тыңдаған 
ақсақалдар қазір қан майданда шешілгелі тұрған қазақ хандығының тағдыры 
естерінен тіпті шығып кеткендей, бастарын жерден алмай, тапжылмай тыңдауда. 
Жоқ, бұлар жаңа ел болып келе жатқан халқының тағдырын ұмытқан жоқ. «Сонау 
айқас немен тынар екен?» деп іштері алай-түлей. Әрқайсысы бір тайпа елдің 
қалың қолын басқара алатын сонау қалың қабақты, түкті білекті батырларға сену 
өте орынды. Қыран балапандарын өмір арпалысына дайындағанда, ең алдымен 
қоянға емес, қасқырдың бөлтірігіне түсіріп үйретеді екен. Жәнібек те сол қыран. 
Қанатының 
астындағы 
батырларын 
бірден 
ең 
ауыр 
сын- 
ға шынықтырмақ. Ел болғылары келсе, өздерін-өздері қорғай білсін!.. Бүгін 
бастары бірігіп, жауына қарсы тұра алмай, ала ауыздық не қорқақтық көрсетсе, 
ертең быт-шыт боп, көрінгеннің табанының астында кетеді. Ал бүгін ел намысын 
— ер намысын қорғай алса, ертең тастан берік бірлескен жұрт болады. Құрыш 
отта асылданады, халық күресте шынығады. 
Жәнібек қанша қобалжыса да сабыр тұтты. Ол ру бастықтары батыр, билердің 
хан әмірін орындау үшін емес, ауыз бірліктерін айғақ етіп, жауына өз беттерімен 
қарсы шыққанын көргісі келді. Хан ақылы емес, халық ақылы шешсін деді 
халқымыздың болашақ тағдырын. 
Жәнібек қазақ хандығының тағдыры шешілетін мұндай қысылтаяң мезетте сап 
алдында болмай, кәрі-құртаң ақсақалдар қасында қалуын кейбіреулердің қылмыс 
санайтынын да, не қорқақтыққа балайтынын да біледі. Бірақ ертең қазақтың 
бытыраған руларының басын қосып, мықтап ұстар хан болу үшін, мызғымас 
беріктік те керек. Өзіңді шабуға жау келе жатқанда бір сайдың жағасында қарт 
жыраудың толғауын тыңдап отыру — көрінген ханның қолынан келмейтін қасиет. 
Халық алдында мұндай адам аңызға айналады. Өзінің абыржымас тастай 
мінезімен өзгелердің де үмітіне әл беру — қолына қылыш алып жауға шабудан 
анағұрлым артық ерлік. Хан әбігер болмаған жерде, халық та әбігер болмайды. 
Бұл —жеңістің ең бір керекті шарты. Ханның келе жатқан жаудан құты қашпай, 
жайбарақат отырғанынан өзгелері де үлгі алды. Олар да келе жатқан жауына 
берекелері кетпей, сабырлы салқын қанмен дайындала бастады. 
Қотан жырау Орақ толғауын бітіріп әлдеқашан Едіге жырына көшкен. Жұрт 
сол ұйыған қалпында тыңдауда. Бұған Жәнібек іштей қуанышты. Өзінің де 
қобалжуы басылғандай. «Жоқ, мұндай жұртты жау жеңе алмайды. Мұндай 
мызғымас елмен түбі Ұлы хандық құруға болады. Қан-жоса етіп қырып-жоям деп 
жауы келе жатқанда, мынау қарт би, батырлардың осыншама сабырлылық
көрсетуі — жақсы ырым. Бұ тәрізді жұрт болашақта басына қандай ауыр сын 
түссе де шыдайды, қандай жаумен болса да табан тіреп алысуға жарайды. Ал келе 
жатқан мына жауға анау Нұра үстіндегі кілең батыр жігіттер жауап бере алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет