Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


СухӘйб ибн СинАнның һиЖРЕТІ



Pdf көрінісі
бет147/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

6. СухӘйб ибн СинАнның һиЖРЕТІ
Саид ибн Мүсәйяб айтады: «Сухәйб 
(р.а.)
Мәдинаға 
һижрет етіп жолға шыққанда, Құрайыштың бір топ 
жастары іле ізіне түседі. Сухәйб әлдебір жерге түнеуге 
тоқтағанда, оқшантайындағы барлық оқтарын түгендеп: 
«Ей, Құрайыш қауымы! Менің құралайды көзге атқан 
мерген екенімді білесіңдер. Аллаһқа ант етемін, бірде-
бір оғымның мүлт кетпейтіні анық. Жан керек болса, 
аулақ жүріңдер. Оғым таусылса, алмастай жылпылдаған 
қылышым бар. Одан кейінгісін өздерің білесіңдер. Не 
болмаса Меккедегі дүниемнің қайда тұрғанын айтайын, 
сендер менің жолымды бөгемеңдер», – дейді. Олар 
осыған келіседі. Сухәйб оларға дүние-мүліктерін қайда 
жасырғанын айтады. Сонда Хақ тағала 
«Сондай адам
-
дар бар, Аллаһтың разылығын алу үшін өз жандарын 
пида етеді. Аллаһ та құлдарына өте мейірімді»
деген 
мағынадағы «Бақара» сүресінің 207-аятын түсіреді. 
Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
Сухәйбті кездестіргенде: «Әй, 
Әбу Яхия, алыс-беріс сәтті өтті», – деп жоғарыда 
айтылған аятты оқиды
328

Сухәйбтің өзі айтады: «Меккеден Мәдинаға 
Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.)
жанына һижрет етуге бел 
буғанымды білгенде, Құрайыштар: «Ей, Сухәйб! 
Бізге келген кезіңде түгің жоқ болатын. Дәулетің 
шалқып, ұпайыңды түгендеп алған соң, бізді тастап, 
түк болмағандай қалай кетесің? Мұның адамшылыққа 
жат», – деді. Мен оларға: «Менен не қалайсыңдар? 
Мал-мүлкімді сендерге тастап кетсем, жолымды 
бөгемейсіңдер ме?» – дедім. Олар бұған келісті. Сөйтіп, 
мен бар дүниемді соларға бердім. Құрайыштардан осы-
328
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/173


338
Сахабалар салған сара жол
лайша құтылып, Мәдинаға жеттім. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.)
бұл жағдайды естіп, екі рет «Сухәйб игілікке ке-
нелді, Сухәйб игілікке кенелді», – деді».
329


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет