Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің халифа сайлануына қатысты



Pdf көрінісі
бет164/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің халифа сайлануына қатысты 
омар мен халид ибн Сәид арасында 
болған әңгіме
Аллаһ расулының қорғаушысы Сахр былай дейді: 
«Халид ибн Саид ибн Ас Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәллам)
көзі тірі кезінде Йеменде тұратын. Аллаһ ра-
сулы дүниеден озған кезде де сонда еді. Расулаллаһтың 
дүние салғанына бір ай өткен соң, Мәдинаға қайтады. 
Үстінде жібектен шапаны бар еді. Мәдинада алды-
нан Омар мен Али (р.а.) кезігеді. Омар өзінің артынан 
еріп келе жатқан адамдарға: «Жібек киіп жүргені несі? 
Мынаның үстіндегі жібек шапанын жыртып тастаңдар. 
Бейбіт күнде еркектерге киюге харам етілген жібекті 
соғыс жағдайында қалай киіп жүр?» – деп ашуланады. 
Олар Халидтің үстіндегі киімін жыртып тастайды. Ха-
лид Алиге: «Ей, Әбул-Хасан! Ей, Абдуманафұлдары! 
367
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/863 (14144)
368
Ибн Абдулбәрр, әл-Истиаб 1/298


372
Сахабалар салған сара жол
Билікті қолдан беріп қойдыңдар ма?» – деген кезде, 
Али 
(р.а.) 
«Сен билікті қалай ұғасың?» – дейді. Халид: 
«Ей, Абдуманафұлдары! Бұл іске сендерден лайық еш-
кім жоқ», – дейді. Сонда Омар Халидке: «Аллаһ сенің 
сазайыңды берсін! Уаллаһи, сенің осы айтқандарыңды 
кімде-кім қайталайтын болса, тек өзіне ғана кесірін 
тигізеді», – дейді
369
.
Әбу бәкір мен халид ибн Саид арасында 
болған оқиға
Халид ибн Саидтің қызы Үммі Халид айтады: 
«Әбу Бәкірге серт берілгеннен кейін, әкем Йеменнен 
Мәдинаға келген кезде, Али мен Османнан 
(р.а.)
«Ей, 
Абдуманафұлдары! Айдаладағы біреудің сендерді ат-
тап өтіп, халифалықты иеленіп алғанына көндігіп оты-
ра бересіңдер ме?» – деп сұрайды. Омар 
(р.а.)
әкемнің 
бұл сөздерін Әбу Бәкірге жеткізгенмен, ол әкемнің 
бұл сөздерін оның бетіне басып, айыптаған жоқ. Ха-
лид үш ай бойы Әбу Бәкірге серт бермей жүрді. Бірде 
түске таяу Әбу Бәкір Халидтің табалдырығынан ат-
тайды. Халид: «Саған серт бергенімді қалайсың ба?» 
– деп сұрайды. Әбу Бәкір: «Әрине, мұсылмандардың 
тоқтамына қосылғаныңды қалаймын», – деп жауап бе-
реді. Халид түс ауа оған мешітте серт беретінін айта-
ды. Уәде бойынша, Халид мешітке келгенде, Әбу Бәкір 
мінберде болатын. Сол жерде оған серт береді.
Әбу Бәкірдің әкем жайлы пікірі оң болатын, 
әрі оны сыйлайтын. Шамға әскер аттандырған кез-
де, оны қолбасшы етіп тағайындап, туды Халидке өз 
қолымен табыс етті. Омар Халидтің қолбасшы болып 
тағайындалғанына қарсы болып: «Ей, Әбу Бәкір, Ха-
369
Табари, Тарих 2/331


373
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
лидті қолбасшы етіп тағайындадың. Алайда, оның не 
дегенін ұмыттың ба?» – деп наразылығын білдіріп, 
айтқанынан қайтпай тұрып алды. Сонда Әбу Бәкір 
Әбу Әруа әд-Дәусиді Халидке жібереді. Әбу Әруа әд-
Дәуси Халидке: «Аллаһ расулының халифасы «туы-
мызды қайтарып берсін» деп жатыр», – дейді. Халид 
туды оларға ұстатып тұрып: «Уаллаһи, қолбасшы етіп 
тағайындағандарыңа қуанған жоқ едім, туды қайтарып 
алғандарыңа да ренжімеймін. Мұны жасатып отырған 
басқа адам ғой», – деп хабар жібереді. 
Әлі есімде, Әбу Бәкір әкемнің қасына келіп, Омар 
туралы ешқашан ешқандай жаман нәрсе айтпауды шеге-
леп тұрып тапсырды. Уаллаһи, әкем де дүние салғанша, 
Омардың әрдайым тек жақсы жақтарын айтып, есіне 
алып отыратын»
370
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет