Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің (р.а.) шайқасқа қатысқысы



Pdf көрінісі
бет165/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

Әбу бәкірдің (р.а.) шайқасқа қатысқысы 
келуі және Алидің (р.а.) оны райынан бас 
тарқызуы 
Айша 
(р.а.): 
«Бірде әкем Зүлқассаға бару үшін 
қылышын асынып, атына мінеді. Али ибн Әбу Тәліп 
(р.а.)
әкемнің атының жүгенінен ұстап: «Қайда, ей, Аллаһ 
расулының халифасы! Ұхұд күні расулаллаһтың сізге 
айтқан мына сөздерін есіңізге салайын: «Қылышыңды 
қынына салып қой, бізді де өзіңмен бірге қиындықтарға 
душар етпе»-деген болатын.
Уа, Аллаһ расулының халифасы! Аллаһқа ант 
етемін, сенен айырылып, бір пәлеге ұшырайтын болсақ, 
сенен кейін Исламда бірлік-береке қалмайды», – деді. 
370
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/847 (14098)


374
Сахабалар салған сара жол
Алидің осы сөзінен кейін әкем райынан қайтып, әскерді 
жорыққа аттандырды», – дейді
371
.
Әбу бәкірдің халифалықтан бас тартуы
Әбу Бәкір 
(р.а.)
бір құтбасында жамағатқа былай 
деген:
«Уа, жарандар! Егер мен халифалықты өз 
қалауыммен немесе өзімді сендерден және басқа 
мұсылмандардан жоғары санағандықтан жауап-
кершілігіме алды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. 
Уаллаһи, ондай ой үш ұйықтасам да түсіме кірген емес. 
Аллаһтан мұны ашық та, жасырын да тілеген емеспін. 
Соған қарамастан, мойныма өте ауыр міндет жүктелді, 
Аллаһ тағаланың мейірім-шапағаты түсіп қолдамаса, 
халім мүшкіл. Халифалықты Аллаһ расулының саха-
баларынан елді әділетті басқаратын біреуіңе тапсыра-
мын. Халифалықты өздеріңе қайтарып отырмын. Бер-
ген серттеріңді де Халифалықты қалаған адамдарыңа 
беріңдер. Бұдан былай мен өз қатарларыңдағы ғана 
адаммын».
Сахабалардың Әбу бәкірге берген жауабы
Иса ибн Атыйяның айтуы бойынша, Әбу Бәкір 
(р.а.)
өзіне серт берілгеннен кейін араға күн салып:
«Уа, халайық! Маған берген серттеріңді кері 
қайтарамын. Өйткені, мен сендердің ең қайырлыларың 
емеспін, араларыңдағы ең жақсыларың және ең 
қайырлыларың кім болса, соған серт беріңдер», – дей-
ді.
Оның осы сөзінен кейін жамағат орнынан өре 
түрегеліп: «Уа, Аллаһ елшісінің халифасы! Ант етеміз, 
371
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/871 (14166)


375
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
сен біздің ең қайырлымызсың», – дейді бәрі бірауыздан. 
Сонда Әбу Бәкір:
«Уа, жамағат! Адамдардың кейбірі өз еркі-
мен, кейбірі амалсыздан Ислам дінін қабылдап
мұсылман болды. Олар Аллаһ тағаланың панасында. 
Сондықтан Жаратқанның сендерге жүктеген міндет-
терін адал атқарыңдар. Ақыретте әрбір істеріңе жа-
уап беретіндеріңді ұмытпаңдар. Менің де әрдайым 
азғырып, адастыруға тырысатын нәпсім мен шайтаным 
бар. Сондықтан да ашулы кезімде маған жоламауға 
тырысыңдар. Әйтпесе, сендерді ренжітіп қоюым 
мүмкін. 
Уа, жарандар! Құлдарыңның дүниені қайдан 
әкелгенін қадағалап, мән беріңдер. Өйткені, хараммен 
ауыздықтанған тән жұмаққа кіре алмайды. Жақсылап 
тыңдаңдар, мені және менің іс-әрекеттерімді әрдайым 
қадағалаңдар. Дұрыс және әділетті әрекет жасасам
маған көмектесіңдер. Ақиқаттан ауытқитын болсам, 
мені түзетіңдер. Аллаһқа мойынсұнған кезімде маған 
мойынсұныңдар. Аллаһқа қарсы келетін болсам, маған 
бағынбаңдар»
372
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет