Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


омардың құтбасы және Әбу бәкірге



Pdf көрінісі
бет161/235
Дата01.09.2022
өлшемі1,93 Mb.
#148559
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   235
Байланысты:
a36f9f486a44c567f2c1adc75b0221ce

омардың құтбасы және Әбу бәкірге 
жаппай серт беру
Әнәстің (р.а.) риуаяты бойынша: «Пайғамбарымыз 
бақилық болғанның ертесі күні Омар (р.а.) мінберге 
шығып, құтба айтты. Әбу Бәкір ләм-мим демей үнсіз 
отырды. Омар сонда бүй деді: 
«Мен Расулаллаһты бәрімізден кейін өмірден оза-
тын шығар деп үміттенетінмін. Алайда, көріп отыр-
360
Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/243


366
Сахабалар салған сара жол
сыздар, Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәллам)
дүние салды. 
Бірақ, Аллаһ мәңгілік. Жолдарыңды нұрға бөлейтін кі-
тап (Құран кәрім) түсірді. Хақ тағала осы нұр арқылы 
Мұхаммедті тура жолға бастады. Расында, Әбу Бәкір 
– Пайғамбарымыздың досы, үңгірдегі екі адамның бірі. 
Мұсылмандардың істерін басқаруға ең лайықтысы – 
сол. Тұрыңдар, тұрыңдар да, оған серт беріңдер!»
Омардың осы құтбасынан бұрын кейбіреулер Бәни 
Сәидада серт беріп те қойған болатын. Ал жаппай серт 
беру мінберде жүзеге асты. Омар (құтбасын бітіргеннен 
кейін) Әбу Бәкірге «Мінберге шық» деп тұрып алды. 
Сөйтіп, Әбу Бәкір мінберге шығып, барша халық оған 
серт берді»
361
.
Әбу бәкірге бәни Сәида жерінде 
берілген серт
Әнәс 
(р.а.)
былай деген: «Әбу Бәкір Бәну Сәида 
жерінде өзіне серт берілген күннің ертесінде мінберге 
шығып отырды. Әбу Бәкір 
(р.а.)
сөзін бастамай тұрып, 
Омар 
(р.а.)
Хақ тағалаға мақтау айтады да: «Ей, жамағат! 
Кешегі менің сендерге айтқаным
362
Құран аяты я бол-
маса, расулаллаһтың маған айтып кеткен өсиеттері 
емес еді. Мен Аллаһ расулы ешбірімізді жетімсірет-
пей, бәрімізден кейін дүние салар деп үміттенуші едім. 
Аллаһ сендерге кітабын түсірді. Мұхаммедті де сол 
арқылы тура жолға бастаған еді. Егер оның жолынан 
тұйық шеңбер жасап, түлкі бұлаңға салмасаңдар ғана 
361
Бұхари, Сахих 6/2639 (6793)
362
Ол Пайғамбарымыз дүниеден озған кезде, бұған сене 
алмай, қатты қайғырып «Мұхаммед өлген жоқ, өлді деген 
адамның басын шабамын» деген. Автор соны меңзесе керек. 
(Редакциядан)


367
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
адаспайсыңдар. Аллаһ Мұхаммедті қалай туралыққа 
жеткізген болса, сендерді де солай тура жолдан адас-
тырмайды. Аллаһ тағала істеріңді араларыңдағы ең 
қайырлыларың және Аллаһ расулының досы, үңгірдегі 
екеудің бірі – Әбу Бәкірге тапсыруды лайық көрді. 
Тұрыңдар, тұрыңдар да, оған серт беріңдер!» – деді. 
Сөйтіп, халық Әбу Бәкірге серт берді. Бәни Сәида 
жерінен кейінгі жаппай серт беру рәсімі осы жерде 
жүзеге асты. Серт беру рәсімі орындалған соң, Әбу 
Бәкір орнынан тұрып, Аллаһқа мадақ айтып, шүкіршілік 
еткен соң халыққа:
«Ей, адамдар! Араларыңдағы ең ізгілерің мен бол-
масам да, сендерге басшы болып сайландым. Егер де 
игі істерге мұрындық болсам, маған көмектесіп, қолдау 
көрсетіңдер, жаман әрекеттерге ыңғай білдірсем
маған тура жолды көрсетіңдер. Туралық – аманат, ал 
жалғандық болса – қиянат. Сендердің араларыңдағы 
әлсіздер менің қасымда күшті, оның ақысын күштіден 
алып беремін. Күштілерің одан басқаның ақысын 
алып бергенге дейін менің алдымда әлсіз. Жиһадты 
тастамаңдар. Өйткені Аллаһ жиһадты ұмытқан қауымды 
төмендетіп қор қылады. Сүттей ұйыған бір елдің арасын-
да зинақорлық кең тараса, Аллаһ сол қауымға тегіс апат 
жібереді. Аллаһ пен расулына мойынсұнған кезімде
маған мойынсұныңдар. Аллаһ пен расулына қарсы ке-
летіндей әрекетке барсам, маған ағат басқан қадамымды 
көрсетіңдер. Егер мен сендердің ескертпелеріңе құлақ 
аспасам, маған бағынбаңдар. Қане, намазға тұрыңдар. 
Аллаһ сендерді мейіріміне бөлесін»,
363
– деді .
363
Ибн Кәсир, әл-Бидая 5/248


368
Сахабалар салған сара жол


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   235




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет