369
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
лай жалғастырды: «Уа, ансар жамағаты! Уаллаһи, біз
сендердің жасаған жақсылықтарыңды, діндегі жоғарғы
дәрежелеріңді, біздегі ақыларыңды теріске шығара
алмаймыз. Алайда, сендер де араб тайпаларының
ішінде Құрайыштың орнын ешкім баса алмайтынын
жақсы білесіңдер және
арабтар тек Құрайыш тайпа-
сынан шыққан адамның айналасына ғана жинала-
ды. Біз әміршіміз, сендер көмекші уәзірімізсіңдер.
Аллаһтан қорқыңдар,
Исламды бөлмеңдер, Ислам-
да бүлік шығарған алғашқы қауым ретінде тарих-
та қалмағандарыңды қалаймын. Мені жақсылап
тыңдаңдар. Мен мына екі адамның біріне (Әбу Убәйда
ибн Жәррах пен Омар ибн Хаттабты нұсқап) серт
бергендеріңді қалаймын.
Олардың қайсысына серт
берсеңдер де, өздерің біліңдер, олардың екеуі де сенімді
әрі осы қызметке лайық».
Әбу Бәкір сол күні (соңғы айтқан ойынан бөлек)
менің айтқым келген нәрселердің барлығын тілге тиек
еткен еді. Аллаһқа ант етемін, екі мәрте нақақ өлтіріліп,
қайта тірілтілсем де, мен үшін Әбу Бәкірдің тірі
тұрғаны ел басқарудан мың есе артық еді. «Уа, ансар
жамағаты! Уа, мұсылман қауымы! Аллаһ расулының
ісіне расулаллаһтан кейін ең лайық адам – һижрет
кезінде үңгірде
онымен бірге болған, араларыңдағы
ең қайырлы және ең жасы үлкендерің Әбу Бәкір», –
деп оның қолынан ұстауға оқталғанымда, ансардан
Бәшир
ибн Сағыд шапшаң қимылдап, менен бұрын
Әбу Бәкірдің қолын алып, серт берді. Басқалар да бірі-
нен кейін бірі серт бере бастады. Осылайша ансарлар
Сағыд ибн Убәданы сайлаудан бас тартты»
364
.
364
Ибн Кәсир, Сирә 4/486