469
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
егер Утбаның әкім болып қалуын қаласа, Аллаһтың
үкіміне қарсы келе алмаймыз. Мынаны жақсы біл. Жа-
ратылу мақсатыңды ешқашан ұмытпа,
оған айрықша
мән бер, сол жолда ақтық демің үзілгенше, тырысып-
тырмысып әрекет ет. Дүние өткінші, ал ақырет мәңгілік.
Уақытша нығметтер жайлаған мына дүниенің сені ар-
бап, мәңгілік азапқа салатын қауіпін ұмытпа. Аллаһтың
азабынан сақтауы үшін Аллаһқа сыйын. Аллаһ қалаған
құлына даналықты нәсіп етеді. Аллаһтан бізді және
сені Өзіне сыйынып, азабынан сақтасын,
мейірімінен
шет қалдырмасын деп тілейік...»
500
омардың Әбу Мұса әл-Әшғариға айтқан
ақылы
Дабба ибн Михсан риуаят етеді: Омар (р.а.) Әбу
Мұсаға (р.а.) мынадай хат жолдайды: «Адамдар өз
басшыларынан қаймығады. Осындай жағдайдан,
яғни халықтан алшақ тұратын басшы болудан Аллаһ
сақтасын. Күн ұясына батып бара жатса да,
айыбы
дәлелденіп, үкімі шыққан кінәліні жазалап үлгер.
Бірі Аллаһқа, арғы дүниеге, екіншісі мына жалғанға
тән іс–әрекеттің бірін таңдауға тура келген жағдайда
адамға қайырлы, Аллаһқа жағымды істі таңда.
Өйткені бұл дүние өткінші, ал ақырет мәңгілік. Қарсы
шыққандардың топтасып, күшейіп кетуіне мүмкіндік
берме, оларды таратып жіберуге тырыс.
Мұсылман
науқастардың көңілін сұра, жаназаларына қатыс, есігің
әрдайым оларға ашық болсын. Қажет болған жағдайда
олардың шаруасын тындыр. Өйткені сен де солардың
бірісің. Жалғыз айырмашылығың – сенің жүгіңнің
олардікінен де ауыр болуында. Естуімше, сен және
500
әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/889 (14207)
470
Сахабалар салған сара жол
сенің отбасың тұрмыс-тіршілігіңмен басқалардан ере-
кшеленеді екенсіңдер.
Басқа мұсылмандардан жайлы
өмір сүретін көрінесіңдер.
Ей, Аллаһтың құлы! Сені шөбі шүйгін жерге жайы-
лып, семіруден басқа ойы жоқ, семірген соң сойыла-
тын малдың күйіне енуден сақтандырамын. Біліп қой,
басшылар ақиқаттан адасқанда,
халық та тура жол-
дан алыстайды. Адамдардың ең бақытсызы – халқын
жоқшылыққа сүйреген басшы»
501
.
Даххактың риуаяты бойынша, Омар (р.а.) Әбу
Мұса әл-Әшғариға (р.а.) былай деп хат жазады:
«Адамның табысқа жетуі оның бүгінгі істі ертеңге
қалдырмауына байланысты.
Егер жұмыстарыңды дер
кезінде орындамасаңдар, олардың қайсысынан бас-
тауды білмей, әрі-сәрі күй кешіп, бәрін шатастырып
бітесіңдер. Егер сендердің
араларыңнан кімде-кім
дүние мен ақыретке қатысты мәселеге кез болсаңдар,
ақыретте өздеріңе септігі тиетін істі таңдаңдар. Өйткені
дүние өткінші, ал ақырет мәңгі. Аллаһты құрметтеңдер,
Оның кітабын үйреніңдер. Өйткені ол – ғылымдардың
қайнар көзі»
502
.
Достарыңызбен бөлісу: