2. Шойынды пісіру
Беріктігі жоғары шойындардан құймалы-пісірілген конструкциялардың, станоктар мен престердің станиналарының және двигатель цилиндрі, блоктары сияқты жауапты детальдарының құйылу процесінде пайда болған сызат, жарықтарды жою мақсатында, шойынды арнайы электродпен пісіріп өңдейді.
Іс жүзінде шойынды пісіруді үш топқа бөлуге болады; қыздырып жартылай қыздырып және суықтай пісіру.
Ыссы пісіруде алдын-ала бұйымды түгел 400-600 С температурада көрікте, пештерде ағаш көмірі мен кокс жағып қыздырып, осы жағдайда пісіреді. Ацетиленоттегілі жалынмен қыздыруда кен, тараған. Қосымша материал ретінде қолданылатын шойын шыбықшаларының диметрі 5-15 мм, құрамында 3-3,5% көміртегі және 3-4,6%кремний болады. Ыссы пісіру-қымбат және көп еңбек етуді талап етеді. Оны көміртектенетін газ жалынымен бура / Na2B4O7/ негізіндегі флюспен жүргізеді.
Ауыр қалың қабырғалы шойын құймаларының ақауларын жоюды, әсіресе көп мөлшерлі металл мен толтыратын жағдайларда, қолмен немесе жартылай автоматты доғалық және электршлакты пісірулерді қолданады. Шойынды ыссы пісіру сапалы пісірілген ағармаған, жарықсыз қосындылар жасауға мүмкіндік береді.
Жартылай қыздырып пісіруде детальдың тек пісірілетін жерлерін ғана 250-450 ºС-қа дейін қыздырады. Бұл тәсілді қалың емес /жұқа/ және металмен толтыру көлемі шамалы детальдарды өңдегенде қолданады. Ацетиленоттегілі жалынмен, кейде электрдоғалық тәсілмен көмір электродтарымен пісіреді. Ыссы тәсілдегі пісірудегідей пісірілген детальдардың баяу сууы үшін құрғақ құммен не күлмен көміп қояды.
Суық пісіруді бұйымды алдын-ала қыздырмай жүргізеді. Ол үшін доғалық пісіру темір, түсті металл /мыс, мыстемір, мысникель/, ұнтақталған сым электродтарын пайдаланады.
Механикалық өңдеуге қолайлы металл жігі жұмсақ болуы үшін монельметалл /70% никель, 30% мыс/ деп аталатын электродтармен пісіреді. Пісіруден кейін механикалық өңдеу қажет болса, күрделі жоғары төзімді шойын құймаларын мыс, мыс-темір және темір-никель электродтарымен пісіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |