«Бекітемін»
Алматы қаласы
Білім басқармасының
қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры
____________________
Дупик А.А.
« » ақпан, 2021 жыл
«Ұлы дала тұлғалары. Ұлы даланың ұлы есімдері»
орта білім беру ұйымдары мұғалімдерінің арасында өткізілетін
қалалық жобалық жұмыстар байқауының
Е Р Е Ж Е С І
1. Жалпы ережелер
Соңғы 3 жыл ішінде Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен, Орталық мемлекеттік музейімен, Абай атындағы ұлттық педагогикалық университетінің Тарих институтымен бірлесіп «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі ұстанымдарын оқып, зерттеу бағытында тарих пәні мұғалімдерімен бірнеше ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізді, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың әдістемелік негіздері бойынша семинарлар ұйымдастырды. Осы шаралар арқылы тарих пәні мұғалімдерінің «Туған жер», «Туған ел», «Қазақстанның киелі орындары», «Ұлы даланың жеті қыры» ұлттық жобаларының тұжырымдамаларын тарих сабақтарында оқытудың әдіснамалық, мазмұндық, әдістемелік негіздері бойынша пікір алмасуына жағдай жасалды.
Ендігі кезекте «Рухани жаңғыру» және оның жалғасы ретіндегі «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысы мұғалімдердің аталған бағдарламаның негізгі ұстанымдарын сабақта және сабақтан тыс шараларда жүзеге асыру тәжірибелерін зерттеу, озық, инновациялық педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және тарату сатысына көшті. «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын тарих пәнінен басқа тіл және әдебиет, жаратылыстану, математика, өнер, бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу бағдарламасының тақырыптары бойынша сабақта немесе сабақтан тыс шараларда сынып жетекшілерінің арнайы тәрбие шараларын жүзеге асыруда мол тәжірибелері бар.
1. Осы Ереже орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері, тарих, тіл және әдебиет, жаратылыстану, математика, өнер, бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілетін қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында жас ұрпақтың бойында өзінің ауылына, қаласына, аймағына, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен тұрмысына, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен танымдық қызығушылығын, қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыруға бағытталған «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасы бойынша педагогикалық жобалардың қалалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізу тәртібін реттейді.
2. Байқаудың құрылтайшысы Алматы қаласының білім басқармасы.
3. Байқауды ұйымдастырушы Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы.
2. Байқауға қатысушылар
Байқауға алты бағыт бойынша Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының келесі білім салалары пәндерінің мұғалімдері мен арнайы тәрбие ісімен айналысатын педагогтер қатыса алады:
1) Математика және информатика, жаратылыстану білім салалары пәндерінің мұғалімдері (математика, информатика, физика, химия, биология, география);
2) Тіл және әдебиет білім саласы пәндерінің мұғалімдері (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет ел тілдері);
3) Адам және қоғам білім саласы пәндерінің мұғалімдері (Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, өзін-өзі тану);
4) Технология және өнер білім саласы пәндерінің мұғалімдері (музыка, көркем еңбек, дене тәрбиесі, әскери және технологиялық дайындық);
5) Бастауыш білім саласы пәндерінің мұғалімдері;
6) Сынып жетекшілері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары.
Байқауға қатысушылар «Рухани жаңғыру» және оның жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын өздерінің жеке педагогикалық тәжірибесі (сабақта және сабақтан тыс шараларда) немесе мектептің тұтас педагогикалық ұжымының тәжірибесі аясындағы жобаларын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |