Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»



бет1/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс


«Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет» пән саласы» пәні
Дәріс № 1. «Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет» пән саласы» оқу пәні ретінде
Қарастырылатын мәселелер:
1. «Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім берудің қазіргі мәселелері» оқу пәні туралы түсінік
2. Курстың мақсаты, міндеттері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
«Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет» пән саласы» оқу пәні туралы түсінік. Бұл пән бастауыш сыныпта «Тіл және әдебиет» саласы аясында оқытылатын «Қазақ тілі» және «Әдебиеттік оқу» пәндерінің теориялық негіздері және оқыту әдістемесі мәселелерін қарастырады.
Пәнді оқытудың мақсатымагистранттарды бастауыш сатыда тілдік және әдебиеттік білім берудің ғылыми-теориялық негіздері және қазіргі заманауи мәселелерімен таныстыру.
Пәннің міндеттері:
- бастауыш сатыда тілдік және әдебиеттік білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін таныту;
- бастауышта тілдік және әдебиеттік білім берудің мазмұны мен құрылымын меңгеру;
- бастауышта тілдік және әдебиеттік білім берудің қазіргі проблемаларымен таныстыру;
- магистранттардың шығармашылық кәсіби ойлауын дамыту, өзін-өзі дамытуға, ізденуге, зерттеу әрекетін ұйымдастыруға бағыт беру.
«Тіл және әдебиет» саласы бойынша бастауыш білім берудің қазіргі мәселелері» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады:
- тіл және әдебиет саласы бойынша бастауыш білім берудің ғылыми-теориялық негіздерін және қазіргі мәселелерін білуі;

- бастауыш мектеп бағдарламалары мен оқу құралдарына, мазмұнына, әдістемелік ерекшеліктеріне талдау жасауы;
- курстан алған білімін тәжірибеде пайдаланып, эксперимент жүргізе алуы.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет