Білім беру бағдарламасын жүзеге асыру әдістемесі: «Тіл және әдебиет»



бет2/14
Дата03.10.2023
өлшемі58,17 Kb.
#183586
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Тіл және әдебиет дәріс

Дәріс № 2. Тақырып: Бастауыш сыныпта тілдік және әдебиеттік білім берудің ғылыми-теориялық негіздері
Қарастырылатын мәселелер:
1. Бастауыш тілдік білімнің лингвистикалық негіздері
2. Бастауыш әдебиеттік білімнің теориялық негіздері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Тіл – қарым-қатынас құралы. Сондықтан оның лингвистикалық негізі қарым-қатынас құралы ретінде танытылатын тілдік бірліктер болып табылады. Тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі қызметі қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асады. Мұндай қатысымдық тұлғалар қатарына сөз, фразеологиялық тіркестер, сөйлем және мәтін жатады.
Мәтін – қатысымдық тұлғалардың ішіндегі мазмұндық тұтастығымен ерекшеленетін бүтін жүйе. Тіл білімінде қатысымдық бағыт дами бастағаннан кейін, осыған байланысты сөйлемнен де ірі тілдік тұлғаның бар екеніне назар аударыла бастады. Себебі мәтін – адамдар арасындағы тілдік қатынастың жемісі. Адам өз ойын екінші біреуге жеткізген кезде қалай болса солай айтылған сөйлемдер тізбегімен емес, өзара мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да байланысқан сөйлемдер тізбегінен құралған мәтін арқылы жеткізеді.
Сөйлем – тілдік қатынастың орындалуына тікелей себепкер болатын ең қажетті тұлға. Сөйлем баяншының айтайын, жеткізейін деген ойын, хабарын қабылдаушыға түсінікті етіп қана қоймай, сонымен бірге оның (қабылдаушының) қайыра жауап беруінің көзі, көрсеткіші болып табылады. Тілдік тұлға ретінде сөйлем тиянақты ойды білдірсе, қатысымдық тұлға ретінде ойды білдірумен қатар адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырушы тілдесім жолы, сөйлесу құралы да болып есептеледі.
Қазақ тілін оқытудың психологиялық негіздері. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, яғни өзара сөйлесу, түсінісу, пікірлесу т.б. тіл арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы тілдік қатынас екі түрде болатыны белгілі: ауызша және жазбаша. Мұның алдыңғысы сөйлеу арқылы, кейінгісі жазу арқылы іске асады. Сөйлеу дегеніміз – іштегі ойды дыбыс арқылы сыртқа шығару, яғни айту. Осы тұста сөйлеу әрекетінің психология ғылымындағы өзекті мәселелер қатарына жататындығын айтқан жөн. Сөйтіп, тіл және сөйлеу лингвистика ғылымында да, психология ғылымында да қарастырылады. Психологияда сөйлеудің адам әрекетінде жетекші қызмет атқаратын түрі «коммуникативті сөйлеу» деп аталып, оның бұл түрі төрт топқа бөлініп қарастырылады: а) монологтық сөйлеу (дара адамның сөйлеуі), ә) диалогтық сөйлеу (екі не бірнеше адамның сөйлесуі, әңгімелесуі), б) үнсіз (іштей) сөйлеу, в) жазба сөз.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту барысында балалардың қабылдау мүмкіндіктеріне, есте сақтау ерекшеліктеріне, зейінділіктеріне т.б. үнемі назар аударып, ескеріп отыру қажет.
Педагогика адам тәрбиесіне тікелей қатысты болғандықтан, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасқа да әсері мол. Тілдік коммунткация адамдардың тіл арқылы түсінісуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар жалпы адамға тән қасиеттерді меңгеруге көмектеседі.
Тілдік қатынастың психологиялық негізі тіл арқылы ойды айту, жеткізу, қабылдау, сезіну құбылыстарымен байланысты. Сыртқы объективтік шындықтың әсерінен адамның есту, көру сезімдері дамып, адамның ойлау қабілеті артады. Ойлау тіл арқылы сыртқа шығып, тіл адамның ойын жеткізуші құралдың рөлін атқарады.

Дәріс № 3. Тақырып: Бастауыш сыныпта берілетін тілдік білім


Қарастырылатын мәселелер:
1. Бастауыш сыныптағы қазіргі тілдік білім берудің мақсаты, міндеті, мазмұны
2. Бастауыш тілдік білім берудің өзекті мәселелері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Қазақ тілі – бастауыш сынып оқушыларын алғашқы тілдік білім негіздерімен қаруландыратын, тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрін меңгеретін және олардың ақыл-ойын дамытатын пән.
Пәнді оқытудың жалпы мақсаты - тіл туралы оқушыларда тұтас ғылыми ұғым қалыптастыру, тіл ғылымы туралы негізгі ережелерді меңгерту; ауызша және жазбаша сөйлеудің коммуникативті білігі мен дағдысын игерген тілдік тұлға қалыптастыру.
Қазақ тілі оқыту міндеттері үш топқа біріктіріледі.
1.
Білім беру міндеттері:
- оқушыларға ана тілі туралы ғылымның негіздерін беру;
- тілдің қоғам өміріндегі маңызын аша көрсетіп, оны меңгерудің өндірісте, қоғам өмірінде аса қажетті екендігін түсіндіру;
- оқушының ана тілінен жақсы білім алуына мүмкіндік туғызу; тілдің қатынас құралы екендігіне көздерін жеткізу;
- түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың ауызша, жазбаша тілдерін дамытып, онымен қаруландыру;
- оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру;
- өздігінен сөйлей, жаза білуге жол ашу.
2. Тәрбиелік міндеттер:
- оқушылардың тілдік құбылысқа көзқарасын қалыптастыру;
- тілдің адам қоғамымен бірге жасасып, өмір сүретінін, қоғам үшін қажетті қарым-қатынас құралы болатындығын түсіндіру;
- тілдің жан-жақты дамуына жасалып отырған жағдай қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру актісімен дәлелденіп, оқушылардың сенімін арттыру, көздерін жеткізу;
- оқушылардың салт-дәстүр сезімдерін қалыптастыру, қазақ тілі сабақтарында еңбек тәрбиесін уағыздап, еңбек ардагерлері жайындағы мағлұматтар арқылы еңбекке баулу.
3. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту:
- ана тіліне деген қызығушылықты арттыру; оқушылардың байқағыштық, елес-болжамдық, ес, ойлау, сөйлеу қабілеттерінің дамуына жол ашу;
- оқушылардың тілдік проблеманы өздері шеше алатындай дәрежеде үйрету;
- тіл фактілеріне, құбылыстарына жан-жақты, жинақты түрде қарау қабілетін, өз бетімен тіл фактілерін талдау іскерлігін қалыптастыру.
Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың басты мақсаты - алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгерту, сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру, интеллектісі мен шығармашылық қабілеттерін, қатысымдық құзіреттілігін дамыту, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттері:
-оқушылардың өз ана тілі – қазақ тіліне деген қызығушылығын ояту,тілдің құдіретін және оның эстетикалық құндылығын сезіндіру арқылы қазақтың ұлттық мәдениетінің бір бөлігі ретінде өз тілін құрметтеу және мақтаныш сезімдерін қалыптастыру;
- тілдік ұғымдар арқылы оқушыларды өзін тілді иеленуші тілдік тұлға ретінде сезінуге тәрбиелеу;
- ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіру;
- тілдік материалдар негізінде қажетті тілдік білім, білік,дағдыларды (өз ана тіліне дұрыс түсініп, мәнерлеп оқу және сауатты, көркем жазу) қалыптастыру және дамыту;
- алғашқы тілдік құбылыстарды танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру,топтау және ажырату дағдыларын қалыптастыру;
- оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы оның белсенді, креативтік, сыни ойлауын жетілдіру.
Бастауыш тілдік білім берудің өзекті мәселелері: бастауыш білімнің интеграциялануы, тілдік дағдыларды қалыптастыру арқылы оқушыларды көпшілік алдында өз ойларын еркін жеткізуге және пікірлерін дәлелдеуге баулу, пәндерді метапәндік тұрғыда оқыту, сындарлы оқыту, зерттеушілік іс-әрекетке , сыни ойлауға үйрету т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет