Алматы қаласы, Әуезов ауданы №72 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Халан Елка
Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал»
романындағы көркемдік әдіс
Халқымыздың ардақты перзенттерінің бірі Міржақып Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының қазақ жазба әдебиетінің әдеби тіл дамуының, қазақ прозасының жанрлық жаңа бағытының ауқымында елеулі орын алатындығы даусыз. Шығарманың дәстүр түзген жаңашылдық мәні тұрғысында «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті» еңбегінде (1932) Сәбит Мұқанов «Бақытсыз Жамал» соңғы уақытқа дейін көптеген жазушылардың темасына үлгі болды,- деп жазады.
Әйел теңдігі мәселесі қозғалған «Шұғаның белгісі», «Қалың мал», «Қамар сұлу»... қазақ үшін бір бітпейтін тақырып- осы.
«Әдебиет танытқыш» ХХ ғасыр әдебиеті үшін ауадай қажет, «Қазақ» газетінің жинағында қазақ әдебиетіне қатысты құнды-құнды дерек, пайымдарға қаныға түсеміз.
ХХ ғасыр басындағы рухани әлемде үңіле зерделейтін құбылыстар коп. Мамандығы заңгер Райымжан Марсеков әдебиет тарихын дәуірлеу туралы бастапқы қисындардың бірін жүйелеген.
Әлихан Бөкейханұлы әдебиеттің арғы-бергісін түгендей отырып, талапшыл талғам ұстанымдарын негіздейді.
Жүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожасы» бірталай ойға тартады. 1916 жыл оқиғасына қатысты «Тар жол, тайғақ кешу», «Қилы заман», «Ботагөз», «Көз көрген» айтатын шындықтар туралы ой тізбегі алдынан шығады.
Ара-арасында Мағжанға уақыт бөлмесек, біз кімбіз деген мазақ күйлер Мағжан Жұмабаевты танып, сіңіруге тартады.
Халқынан аласталып дер шағында санаға сіңбей қалған дүние көп. Мінезі киын дәуірдің ақиқаты, байқап қарасақ, енді елді ғана жабуын көтере бастаған сияқты.
ХХ ғасыр басындағы әдеби мұраны сіңіру бағытында мәтіндік нұсқалардан бөлек зерттеу еңбектерді қарап қажеттілігі де байқалды. Тарихшылардың Алаш қозғалысы туралы еңбектері, әсіресе Мұстафа Шоқайдың өз еңбектері сол заман, оның ауыр-ауыр шындықтары туралы танымымды байыта түсті.
Дихан Қамзабекұлының «Алаш және әдетиеті», «Руханияты» ХХ ғасырдағы әдеби дамудың елеулі бағыттарын қисынға салып жүйелеу машығымен көкейімізге қонды. Басқа да тұшымды көп дүние оқыла бастады.
Көшке Кемеңгерұлы, Ғаббас Тоғжанов, Смағұл Сәдуақасов, Мұхаммеджан Тынышбаев, т.б. ... көп. Қай-қайсысы да «кескекті ердің сойы» дердей ірі. Әттең... заман болса тапшы уақытты құйындай үйіріп, қаусырып, қуырып жеп барады. Ештеңеге мұрша бермей, қуып жетіп бара жатқан, бір құйын дерсіз. Сонда да болса, оқымай жүре алмайсың...
Диханның жазғандары Исмаил Гаспралыға қарай бастады да, көк дүниенің қайдан шығып, қайда беттегені айқындала түсті.
Қазіргі кезеңде әдебиет тарихын оқытудың жаңа жүйесін түзудің қажеттігілі айқын сезіледі.
ХХ ғасыр басындағы тарихи-саяси, әлеуметтік, экономикалық ахуалға тұттас бір дәуірдің даму бағыты түзілген тұғыр есебінде қарау арқылы ХІХ ғасырдың көп құбылысын ұғындық. Қазіргі кезеңнің тарихи мәнін сезіне түстік.
«Бақытсыз Жамалды» Міржақып Дулатұлының замандастары ішінде бағалағандары болған. Ахмет Байтұрсынұлы ұзақ әңгіме айтатын роман жанрының шартына жауап беру-бермеу жайы қозғалған.
Міржақып Дулатұлының осы романын оқып шыққанымызда,оқығанымыз аз болмаса да айрықша әсерлендім.
Міржақып бұл романында тек әйел теңдігі мәселесін қозғап отырған жоқ. Жазушы тұтас ұлтының тағдырын ойлайды. Сәрсенбайдың билікке ынтыға қалуы – қазаққа тән құбылыстың бірі. Іштей «елден ассамды» көксемейтін қазақ аз. Түбіне жетіп жүргені де көбіне осындай таяз ақыл пиғыл.
Міржақып бұл құбылыстың әлеуметтік дерт мәніндегі кесел екендігін, әсіресе атаққұмарлықтың соңы сор екендігін көрсетіп отыр. Елдің ішінде «көп» дейтін болатыны, сол көптің кейде көпіріп кететіні де рас. Бұл да қазақтың бағын қашырған көп кеелінің бірі.
Алды-артына қаратпай желіктірген сол көп ынжық Сәрсенбайды жолдан тайдырған жоқ па? Шығармада қазақ тұрмысының көп-көп күйі көрініп отырады. Жазушы әсіресе шала оқу атаулыға қоғамдық дерттің басы деп қарайтынын білдіріп отырады. Тозып бара жатқан жұртына керегі – жаңаша оқу.
Әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік нышандары шығарманың өң бойында жота көрсетіп кетіп отырады. Қазақтың өз жерінде кіріптар күйге түсіп қалғаны Ғали мен Жамал паналаған қала татарының бірер ауыз сөзінен-ақ біліп еді. «Бір қазақ қақпама жақындап көрінші» деген мығым сөздің астарында көп дүние жатыр.
Бальзак ХІХ ғасырдағы француз өмірінен 50 томдық «Адамзатқа» романдар шоғырын тудырды. Адам мінездері, әлеуметтік әділетсіздік, отбасы жандарының жатсынуы, жас адамдардың жарыққа ұмтылған көбелектей көзсіз тәуекелшілділігі, азғын қоғам арбауына жұтылған адам тағдырлары арқау болған романдарына адамзат ұзақ жылдар бойы тамсана таңырқап, қошемет айтқан.
Міржақып Дулатұлы қазақ әйелінің құқы тапталған қайырсыз қоғамның кері кеткен барма бақытсыздығын Жамал тағдыры баяндалған көлемі осындай шағын шығармасы арқылы айтып берген. Бұл роман – қазақ романының басы. Әлеуметтік роман. Шығарманың баяндау жүйесі, кейіпкер мінезін ашу, портрет жасау тәсілдері иірім-иірім тереңге тартып жатпағандай болғанымен, жазушы мәнері жатық, қазақы әңгімешілдікті көркем шығарма тәртіптерімен түлетіп отыратын тұстары сырттай жансыз баяндау, бояма жасандыруы көзге ұрып тұратын жайдақ машыққа ұрындырудан амал қала алмаған қазақтың ХХ ғасырдың еңкейе бастаған тұсындағы прозалық туындыларынан әлдеқайды озық. Қан ойнатып, жан қоздыра алмайтын өлі дүниелердің көпшілігіне шаң қаптырып кететін шеберлігі бар.
Міржақып Дулатұлының азатшылдық бағыттағы еңбегі оның тұтас ғұмырымен астасып жатыр. «Оян қазақ» (1909 ж. Уфа) шыққанда айтқан ойларын осыыдан кейінгі 20 жылдай уақыт ішіндегі сан-салалы еңбегінде ардагер алаш ұлы жан-жақты пысықтап, толықтырып отырды. Бар болғаны ресми оқуда 2 жыл (1899-1901) ғана оқыған осы адамның құқықтық сауаты, тарихи сауаты, әлеметтану, қоғамтану бағытындағы сүбелі ойлары кім-кімді де иландырады.
«Қазақ» газеті бетіндегі жарық көрген мақалаларында Міржақып Дулатұлы сол кезеңдегі жер мәселесі, дін және әлеумет, ел басқару ішіндегі патша үкіметі мұсылмандық мәселесін не мақсатта өрістетіп, күшейтіп дейтін сауалдарға зерделі ой қорыту арқылы дерек, дәйек, құжатпен сөйлеу арқылы тарихи кезеңдер шындығына қай мәнде ой тоқтату қажеттілі тұрғысында мейлінше елеулі ой-пікірлер айтқан.
«Қазақта мүфтилік мәселесі» атты мақалада ( «Қазақ». 21 апрель 1913ж. №11). Ресейде мұсылман дінінің таралуына «ынталы болу» себептерін саралап береді.
«Туу басында хандар өз тілеуімен орысқа бағынғанда, жалпылық жұрттың қаны ұйып оншама ықылас қоя қойған жоқ еді. Орыстың саудагерін, керуеншісін талап, шекарадағы елге тиіп, қазақ халқы орыстың дәйім тынышын алып тұрушы еді. Қазақты қалай тыныштандырудың қабын таба алмай тұғанда хандардың мүфти қарамағына боламыз деген арызын Россия хүкіметі қабыл ала қойды» (1. 85 б.)
Міржақып Дулатұлы бұл заман қазақ неке, әмеңгерлік мәселесінде арғы замандардан неке жатқан заңдар бойынша әдет, салтқа айналып кеткен дағдылы істерімен шариғат заңдары бойынша реттелетін қайсыбір шаруларға аса ықылассыз ойысқандығы туралы айтқан.
Қазіргі уақыттағы қайсыбір салт-дәстүрге дін тыйым салмауы керек дейтін ұшқары пікірлердің түр—төркінін Міржақып Дулатұлының мүфтилік мәселесіне қатысты жазған мақалаларына ден қоя отырып ойластыру да артық етпес еді. Әрине, патшалық Ресейде діни басқарма мүфтиліктің әкімшілік құзыреті болған. Қазіргі кезеңде біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп отырмыз. Сонда да болса мәселенің байбына бармай, ушықтырып алмау үшін ХVІІІ, ХІХ, ХХ ғасыр басындағы дін жолы қағидаларының, шариғат заңдарының ел тіршілігін реттеуге қатысып отыру фактісін, оның түп-төркін себептерін Міржақып мән бергендей ой кезегімен қарап, ескере жүргеннің де артықтығы болмайтын сияқты. Міржақып Дулатұлы ғасырлар бойы қалыптасқан тіршілік ғұрпына қатысты әріден қозғап, дәлел, дәйекпен ой қорытады.
«Қазақтың неке, талақ, мирас бөлу істері мүфтиге қарағаннан бұрын заң ретімен болушы еді- өлік көму болса бұрынғы мәжуантке муафиқ келуші еді. Қазақтың заң дегені – Шыңғыс хан заманында, онана бұрын Момын хан заманында шығарылған жол. Қазақ мүфтиіне қарағанда Шыңғыс ханның дүниеден қайтқанына алты жүз жыл, Момын ханның қайтқанына бір мың алты жүз жыл болған екен» (1,85б.)
Енді баяғы мыңжылдық заң жолы шариғат жолына үйлеспейтін болды деп, Міржақып Дулатұлы сол тұста қазақ қоғамында болып өткен үлкен әлеуметтік құбылыстың астарын ашады. Расын айтқанда, әйелдің еркі Құранда, шариғатта мейлінше қорғалғанын құлаққағыс ету де ойында бар. Кезінде кеңес үкіметі ғана әйелге теңдік әкелді деген ұғым болды. Дулатұлы мән беріп тоқталған фактілер назарымызда аса мәнді әлеуметтік құбылысқа қарай аударатынын байқаймыз.
«Мысалы, бірінші, байы өліп жесір қалған қатын төрт ай он күн ғадет сақтау тиіс. Ғадеті толған соң бір жаққа барам десе де, өзі тілеген біреуге тием десе де шариғаттың хүкімі бойынша – ерік. (Құран – 2 сүре, 23 аят)» (М.Д. 2т., 85+-б.)
Осы тұрғыда Міржақып Дулатұлы сол заман шариғат хүкімімен заң жолының қайшы тұстары көп болғанын, қазаққа әйелдің теңдігі аса ұнай қоймағанын айтады.
Билік жүйесіндегі 1820 жылдан былайғы өзгерістерге тоқталған Міржақып Дулатұлы ата сұлтандардың да мүфти қарамағында болғанда көп істен кемшілік көру фактісін келтіріп еді. Қилы реформалар тұсында қазақтың мүфтиліктен шығуға ынталы болу құлқын ақыры 1928 жылдың 21 октябрьіндегі жаңа закон бойынша уездік билік шығып, қазақтың рухани істері мүфти қарамағынан алынып областной и прауленерге» тапсырылғанын айтып, Ақмола ақынның өлеңінен үзінді келтіреді.
Айтамын үлгі қылып қазақ халқын,
Көңіліңіз дін жағына сонша салқын!
Дін қойса, заң қоюға ырза емес,
Бұрынғы қоя алмаймыз ата салтын.
Дулатұлы осы тұста мүфтилікке бағыну мен ескі заң жолының арасындағы қилы ауыр зардаптарды болжап, біліп айқын танып отыр деуге болады. Рухани еріктің барлығы облыстың «праулениеге» қараудың бір бағыты қазақ баласын шоқындыру саясаты болғанын енді-енді ұғынып келеміз. Міржақып Дулатұлы қазақты басқарған аға сұлтан, правительдердің елді тұтас билеп-төстесем деген пиғылының, қоймай-қоймай мүфтиліктен шығуды көздеудің ақыры неге алып барып соққанын ашып айтқан.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Дулатов М. 5 томдық шығармалар жинағы. Алматы. 2004, 368 бет.
Резюме
В статье говорится о художественных особенностях романа «Бақытсыз Жамал»(«Жамал несчастная») писателя Миржакыпа Дулатова . об его творческих исканиях.
Достарыңызбен бөлісу: |