Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша



бет12/16
Дата18.03.2017
өлшемі3,08 Mb.
#12032
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. БҚН нені білдіреді?

  2. Ол қандай жалпынарықтық функцияны атқарады?

  3. БҚН қандай спецификалық функцияны орындайды?

  4. БҚН қаржылық құралын не атқарады?

  5. БҚН қандай түрлерін білесіз?

  6. ҚР қандай БҚ түрлері айналыста?

  7. Акция нені білдіреді?

  8. Акция облигациядан қандай айырмашылығы бар?

  9. ҚР қандай акцияға мән беріледі?

  10. ҚР облигациясының қандай түрлері айналыста?


Ұсынылатын әдибиет: №№ 1-4, 8-9, 12-14

6-тақырып. Қор биржа, оның қызметі және құрамы

Дәріс тапсырмасы:

  1. Қор биржаларының түсінігі және функциялары.

  2. Қор биржаларының экономикалық, заң және ұйымдық жақтары

  3. Қор биржасында сауданы жүзеге асыру ережедері мен құрамы.

  4. Листинг жіне делистинг түсінігі

  5. Биржалық саудаға қатысушылар

  6. Қор биржасында брокер-дилердің қызметтері



6.1. Қор биржаларының түсінігі және функциялары

Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. "Биржа" деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ" , яғни әмиян деген мағынаны біддіреді. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голандияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. Биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы:



  1. қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);

  2. валюта биржасы;

  3. тауар биржасы;

  4. еңбек биржасы.

Сонымен, биржа — нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол — сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын.
6.2. Қор биржаларының экономикалық, заң және ұйымдық жақтары

Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар. Қор биржасын жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сиқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін брокер деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлемақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының айырмашылығын я болмаса клиент берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты пайызы болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі.

Сонымен қор биржасы — бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.

Биржада жеке компаниялардың, мемлекеттік органдардың немесе шетелдердің бағалы қағаздары (өдетте, тек акциялар мен облигациялар) айналымға түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекет бойынша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға түсетіні алдын ала анықталады. Францияға карағанда АҚШ-тың, Германия Федеративті республикасының және Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі компаниялардың бағалы қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ-та егер корпорацияның биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шегі 1 млн. доллардан кем болмаса, сонда ғана ол корпорацияның бағалы қағаздары биржаға жіберіледі. Ол үшін алдын ала биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы бағалы қағаздар операциясы комиссиясында тіркеуден өткізуі керек.

Биржа операциялары кассалық және мерзімдік болып ірі екі топқа бөлінеді.

Біріншісі бойынша келісімге келген бойда есеп жүргізіледі, яғни сатып алушы қағаз үшін ақша төлеп, орнына сатушыдан бағалы қағазды алады.

Екіншісінде есеп мәміледе көрсетілген мезгілде жүргізіледі: ол айдың ортасы немесе аяғы болуы, болмаса үш, алты ай және с.с. уақыт өткеннен кейін болуы мүмкін. Операцияның екі түрі де рұқсат етілген биржаларда өтеді. Бағалы қағаздардың курсы әртүрлі болуы мүмкін. Онда кассалық бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін кағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да оның курсында, яғни қағаздың бағасында. Сондыктан мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды.
6.3. Қор биржасында сауданы жүзеге асыру ережедері мен құрамы

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

1.Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісімін жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттік берілді. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

2. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.

3. Джобберлер — нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже - заң шығыратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң қызметкерлері қатысады.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік құқықтық тұлға ретінде тіркелген мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дерекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама - техникалы бөлімнен тұрады. Шамамен фирмада 15 —25 адам қызмет жасайды Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:


  1. Консалтинг (кеңес беру);

  2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;

  3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с

Бұлардан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:



  1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба).

  2. Брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.

  3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клинтке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзіне делдалдық үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады.

  4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде көшірме талап етуге құқы бар.

  5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.

Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.
6.4. Листинг жіне делистинг түсінігі

Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді (әсіресе клиент сатып алушы болса). Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:



  1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель;

  2. Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100%-ін құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек;

  3. Брокердің атына ағымдағы шот ашылуы мүмкін;

  4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдіктер.

Осылар жөнінде брокерлік фирма клиенттке хабарлап тұруы қажет.Сонымен қатар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына делдаддық үшін сыйақы, несие үшін процент және тәуекел үшін ақы кіреді. Алайда бұл жағдайда брокерлік фирма делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс - әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.

Ал дилер –олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің қызметін мына мысалмен түсіндіруге болады. Мысалы, қалалық әкімшілік 100 теңгелік облигация шығаруға шешім қабылдады делік.

Эмиссиямен шүғылданатын өз аппараты жоқ, сондықтан әкімшілік дилерлер формасына тапсырма береді. Егер қалалық займ бірнеше миллион тенгеге шығарылатын болса, онда ондай үлкен іспен тек мамандандырылған үлкен фирмалар, мысалы, коммерциялық банктер шүғылданады. Онда делдалдық механизмі төмендегідей.

Әкімшілік дилерлерге 100 тенгелік облигацияны кем бағамен (дисконтпен), мысалы, 98 теңгеге, яғни номиналынан 2 тенге кем сатады. Дилердің облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан

Түскен пайда 2 тенгеден кем болмауы тиіс. (Бұндай операцияны дисконттпен сату деп атайды).

Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкершілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу – сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу - сату аз уақыт аралығында болады.



Дилердің атқаратын қызметі:

  1. Бағалы қағаздарды шығыру, олардың қурсы және сапасы туралы хабар тарату;

  2. Клиенттің тапсырмасын орындау;

  3. Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздар сату — сатып алу баяуласа (мысалы, сатушылар және сатып алушылар жетіспей қалса), онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.

  4. Сатып алушылар мен сатушыларды бір - біріне кездестіріп, бағалы кағаздар нарығының жұмысына себепші болады. Олар нарықтың катализаторы (шапшаңдатушысы) ретінде жұмыс істейді. Айта кететін жәйт, бағалы қағаздар нарығында дилердің қызметі брокер қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. Дилерлік фирмалардың алғашқыда өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырады.


6.5. Биржалық саудаға қатысушылар

Джобберлер — бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура (өзгерістерді сиппаттайтын белгілер) мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Ең алғашқыда олар Лондон - Сити нарығында пайда болды. Олардың іс -әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Олар шығарылған бағалы қағаздардың маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар эмитенттерге жаңа бағалы қағаздар шығаруға да көмегі қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті (жан — жақты) мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындардың, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Зерттеу ұжымдарында белгілі экономистер, банк қызметкерлері және басқа да мамандар зерттеу жүргізеді. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғасын оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланылады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады. Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір - бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік БҚ нені білдіреді?

  2. ҚР-ң территориясында мемлеккеттік БҚ қандай түрлері шығарылады?

  3. ҚР-да қандай халықаралық БҚ эмиттеледі?

  4. Негізгі БҚ-ң жанамадан қандай айырмашылығы бар?

  5. Фъючерс нені білдіреді?

  6. Оцион нені білдіреді?

  7. Фъючерс опционнан қандай айырмашылығы бар?

  8. Депозитарлық жазбаша келісім нені білдіреді?

  9. Депозитарлық жазбаша келісімнің қандай түрлерін білесіз?

  10. Коносамент нені білдіреді?

  11. Қазақстанда БҚН-ң құрылымы қандай?


Ұсынылатын әдибиет: №№ 1-4, 8-9, 12-14

7-тақырып. Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі

Дәріс тапсырмасы:

  1. Коммерциялық банктердің мәні. Қаржы нарығындағы коммерциялық банктердің ролі.

  2. Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары

  3. Коммерциялық банктердің брокерлік-дилерлік қызметі

  4. Коммерциялық банктердің кастодиандіқ қызметі

  5. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметтері



7.1. Коммерциялық банктердің мәні. Қаржы нарығындағы коммерциялық банктердің ролі

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған “ҚР Ұлттық банкі” және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңдарын басшылыққа алады.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметі ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі ҚР Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілермен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған “Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Қаржылық қадағалау агенттігі екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады: пруденциялық нормативтер белгілеу; банктердің орындауына міндетті нормативтік құқықтық актілер шығару; банктердің қызметін тексеру; банктің қаржылық жағдайын сауықтандыруға байланысты ұсыныстар беру; банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану; банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

Банк қызметін реттеу шараларының ішіндегі ең маңыздысы пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасының № 213 қаулысымен бекітілген “Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы” ережеге сәйкес оларға мыналар жатады: жарғылық қордың ең төменгі мөлшері; меншікті қаражаттардың жеткілікті коэффициенті; бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғары мөлшері; өтімділік коэффициенті; ашық валюталық позиция лимиті; негізгі қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті.

Еліміздегі нарықтық қатынасқа өту жағдайында несие халық шаруашылығының дамуының негізгі факторы болып табылады. Несие қосымша ресурстар түрінде кәсіпорындар мен ұйымдарға меншік капитал шеңберінен шығуға мүмкіндік беріп, жаңа күш қуат береді, өндірістің өркендеуіне экономикалық алғышарттар жасайды.

Коммерциялық банктің несиелік портфелі – оның табысының, әрі активтерді орналастыру тәуекелінің негізгі көзі. Банктің қаржылық тұрақтылығы, беделі болашақтағы жағдайы несиелік портфелдің сапасы мен құрылымына тәуелді және несиелік портфель банкті барлық активтердің жартысына дейінгі мөлшерін алып отыр. Банктің несиелік портфеліндегі проблемалық несиелер үлесінің өсіп кетуі оның беделін түсіруі мүмкін, ал бұл өз кезегінде, банктік несиелік ресурстар нарығында алатын орнына әсер етуі де таң қаларлық жәй емес.

Халықаралық тәжірибеде несиелеумен банк табысының басым бөлігі байланысты. Сондықтан да, осы несиелеуге қатысты, яғни несиелік портфельдің дұрыс басқарылуына қатысты мәселелер кез-келген банк басқармасының күн тәртібінің бірінші мәселесі болуы сөзсіз.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, несиелік портфельді басқаруды жетілдіру жолдарын іздестіру – қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының несиелеу жүйесінде маңызы өте зор десек қателеспеспіз. Біріншіден, еліміздің өтпелі кезеңінде неселеу жүйесінде қалыптасқан проблемаларды нақты деректерге сүйене отырып көре алу, яғни еліміздің «тәжірибесіздігіне» сілтемей, кемшіліктерді атап көрсету маңызды. Екіншіден, сол мәселені шешу жолдарын қарастырудың, нақты ұсыныстардың несиелеу жүйесін жетілдіруде орны ерекше.

Жалпы қазақстандық экономиканың, оның ішінде банктік жүйенің дамуында жаңа кезең келе жатыр. Ол кезең сандық көрсеткіштердің кемуімен сипатталады. Жаңа жағдайда макроэкономикалық қазақстандық банктерге жүктемесі күшею түсуде, өндірістің және инвестициялардың өсу қарқыны банктік несиеге тәуелділігі күшеюде. Қазіргі кезде банк активтерінің негізінде экономиканың нақты секторын несиелеу жүргізіп жатыр. Банктік несиелер өндіріс көлемі мен инвестицияларды ұлғайтуға емес, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтыруға «жұмыс істейді», яғни несиелік қарызды төмендету, өтімділікті толықтыру және қаржы салымдарын өсіру. Экономиканың негізгі салаларындағы ұзақ мерзімді несиелік қорлардың салыстырмалы тапшылығы 4-5%ға жетті.

Отандық банктердің нақты секторды ұзақ мерзімді қаржыландыруға аздап қана қатысуы, қазақстандық ірі кәсіпорындардың батыс кредиторларға бет бұруына себепші болды. Қазақстандық банктер иелігіндегі қор әзірше экономиканы несиелеудің жоғарғы қарқынын қамтамасыз ете алады.

Шетелдік тәжірибеде де активті операциялардың маңызды бағыты болып, несиелеу саналады, ол несиелік портфель банктің барлық активтерінің жартысына дейінгі мөлшерін алып отыр. Несиелеу процесі барысында қарыз алушылардың өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан пайда болатын банктердің қаржылық шығындар шегу қаупі туады. Сондықтан қандай да болмасын несиелік саясатты жүргізу кезінде де несиелер бойынша шығындар бола береді. Банкте несиелік портфеліндегі проблемалық несиелер үлесінің өсіп кетуі оның беделін түсіруі мүмкін, ал бұл өз кезегінде банктің несиелік ресурстар нарығында алатын орнын әсер етуі мүмкін.

Банк қызметінің көптеген тәуекелдерге душар болуына қарамастан сенімділік пен қауіпсіздіктің көзі болуы керек. Менің ойымша АҚШ, Германия және Англиядағы несиелік портфельді басқару тәжірибесі өте қызықты болып отыр. Бұл елдердің банктері өз активтерінің сапасын несиелік портфельді «секьюритизациялау» негізінде көтереді. Бұл аспектіде «өтімділік» түсінігі үлкен роль атқарады. Өтімділікке түрлі факторлар әсер етеді: несиелеу саласында дұрыс емес қабылданған шешімдер, пайыздық ставкаларының күрт өсіп кетуі немесе жалпы экономикадағы өзгерістер. Кез-келген банктік операция өтімділікке әсер етеді, бірақ банктің өтімділігін анықтайтын факторлар оның бақылау шегінің ар жағында жатыр.

Шетел тәжірибесінде өтімділікті басқарудың бірнеше әдісі қалыптасқан. Бұл әдістердің біреуіне секьюритизациялау әдісі, яғни банк активтерін бағалы қағаздарға айналдыру жатады. Активтерді секьюритизациялау кезінде несиелік ресурстарды несиелік шартқа отыру негізінде ғана орналастыру емес сонымен қатар қысқа мерзімді несиелеу кезінде вексельдерді, ал ұзақ несиелеу кезінде облигацияларды қолдану арқылы да орналастыруға болады. Секьюритизациялауға ұқсастығы бірден бір альтернативті жол- қайта сату құқығын пайдалану. Сонымен, секьюритизация несиелерді бағалы қағаздарға айналдырып, оны үшінші бір тұлғаларға өткізу дегенді білдіреді.

Белгілі бір жағдайлар туғанда, мысалы, банкпен несиелік ресурстар лимитін пайдаланып қою, немесе несиелік портфель құрылымының өзгеріп кетуі жағдайында, мәселені шешудің бір жолы секьюритизация әдісі болып табылады. Бұл әдіс сонымен қатар қарыз алушылар несиені беру шарттары қанағаттандырмаса немесе ол несие бойынша несие қарыз сомасын өтеуге жағдайы болмаған кезде қолдануы мүмкін.

Қарыз алушы кейін несиені өтеу үшін қолданылатын мемлекеттік емес облигацияларды шығарады. Бұл операция нәтижесінде банктің несиелік портфелінің құрамында несиелік міндеттеменің орнында қарыз алушының мемлекеттік емес облигациялары пайда болады. Бұл облигациялар қажет болған жағдайда банкпен екіншілік нарыққа өткізілуі мүмкін.

Қарыз алушының мемлекеттік емес облигацияларын несиелік портфельдің құрамына алып, оны бірден секьюритизациялауға болады. Бұл жағдайда да бағалы қағаздар банкпен екіншілік нарықта өткізілуі мүмкін. Несиелік ресурстар жеткіліксіз болған жағдайда банк андеррайтер рөлін атқаруы мүмкін, яғни нарықтағы үшінші бір тұлғаларға қарыз алушының мемлекеттік емес облигацияларының белгілі бір төлемдерін өткізіп, ал қалғанын өз несиелік портфелінде қалдыруы мүмкін.

Секьюритизация механизімін қолдану схемалары әр түрлі болып келуі мүмкін. Бұл ең алдымен белгілі экономикалық жағдайда өтімді несиелік портфель қалыптастыруда банктердің өз потенциалын қолдану қажеттілігіне байланысты.

Бұл әдіс біздің еліміздің тәжірибесінде қолдануға тиімді, себебі қазіргі кезде қазақстандық инвесторлары мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығында қаржы инструменттерін таңдауға айтарлықтай шектеушіліктер шегеді. Бұл тұрғыдан несиелік облигациялардың пайда болуы инвесторларға да, банктерге де өзінің әсерін тигізеді.

Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір принциптер жатыр. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарақтық қатынастарға өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемелекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясаттану бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия, орталық банктің автономиясы.

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, орталық және басқа банктер арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірбиесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкіметтіліктерге байланысты.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша –несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясаты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интегерциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.

Несие жүйесін құрудың маңызды принципі-несиелік мекемелер торабының барынша дамуы мен оларды барлық ақша операцияларының шоғырлануы.

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында 33 банк және олардың 783 бөлімшілері мен филиалдары орналасқан.

Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы-несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі-Қазақстан Республикасының валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады.

«Валюталық реттеу» түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару, ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған санкциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу функцияларын жүзеге асырады. Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президенттіне ғана есеп бере алады.

Орталық банкі елдегі ақша –несие саясатының жүргізілуіне толық жауап береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде жүргізбейінше республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз қозғауға да болмайды.

Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.

Қазақстан республикасы Ұлттық банкінің біршама тәуелсіздігінің негізгі жағдайы бюджетке қатысты мәселенің шешімі болып табылады.

Президентің «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы» заң күші бар жарлығында былай делінген: «Жүргізіліп отырған мемлекеттік ақша-несие саясатының және оны заңға сәйкес Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің қызмет етуінің тиімділігінің қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк:



  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министерлігіне заем алушының кепілдендірілген міндеттемесіне келісімді шарттармен қысқа мерзімді несиелер береді.

  2. осы шарттар бойынша үкімент жәрдемімен ашылған Қазақстанның Халықаралық ұйымдарда мүшелігімен байланысты жазылымдар мен басқа да төлемдерге қатысты өзара келісілген шарттармен Қазақстан Республикасы Қаржы министерлігіне қосымша несиелер береді».

Осылайша Үкімент, Ұлттық банктің басқа да клиенттері тәрізді әрбір несие бойынша қайтарымдылық, мақсатты-сипатының мерзімділігі және төлемдік шарттарына сәйкес келетін келісім негізінде қарыз алады.

Бүгінгі таңдағы несие жүйесі соңғы жылдары біршама өзгеріске ұшырады. Банк жүесінің барлық компонентері жалпы әлемдік экономикадағы құрылымдық қайта құруда жүріп жатқан өзгерістерге байланысты жаңғыртылуда.

Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер бері, бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа да көптеген банктік және «Банк төңірегендегі» қызметтер көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін жүзеге асырады.

Соңғы жылдары банктер мен басқа арнайы қаржы-несие мекемелері арасындағы халықтың және фирмалар мен компаниялардың жинақтары үшін күрес ерекше шиленіскен сипатқа ие болды. Бұрын коммерциялық банктер халық жинақтарын тартудағы депозиттер бойынша мөлшерлемелерді өсіру саяқты тиімді қаруды еркін қолдана алмады. Оларға мерзімді және жинақ салымдары иелеріне төлеуге рұқсат етілген пайыздық мөлшерлемелердің максималдық шегі белгіленген еді, ал басқа арнайы несиелік мекемелерде мұндай шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелік күресте артықшылыққа ие болды. Қазір жағдай өзгерді. Банктер пайызды конюктура жағдайына байланысты белгіленген ақша нарығының сертификаттарын шығару рұқсатына қол жеткізеді.

Ірі банктік ортақ әмбебептану тенденциясы олардың мамандануын сақтап қалуымен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес дамуда. Мұнда әмбебап типті мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрсету сапасының артуына ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұмтылатын шағын және орта банктерге әсер етеді. Маманданудың дойылу тенденциясын банктік бизнестегі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.

Өнеркәсіптік ипотекалық несиелеу өндірісті жаңғырта отырып, барлық салалардағы өнімдердің сапасының артуына және бәсекелестік қабілетінің ұлғаюына мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде елдің экономикалық потенциалын ұлғайтады. Ипотекалық несиелеу жүйесінің нарықтық негізде дамуы елді тек инвестициялық дағдарыстан шығуына ғана емес, сол сияқты ағымдағы, айналымдағы қаражаттарды ішкі қорлануға айналдыра отырып, нәтижесінде инфляциялық дағдарыстан шығура қолдау көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет