Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені (ПОӘК) «Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша


Студенттің білімін бағалау жүйесі



бет8/16
Дата18.03.2017
өлшемі3,08 Mb.
#12032
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

15. Студенттің білімін бағалау жүйесі
Ағымдағы үлгерімді бағалау ағымдағы бақылау және рубеждік бақылау бағаларынан тұрады.

Үлгерімді ағымдық бақылау – оқу сабағын жүргізүші оқытушының пәннің әр оқу тақырыптары бойынша студенттің жетістіктерін жүйелі түрде тексеруі.

Рубеждік бақылау оқу пәннің ірі бөлмімдерін аяқтаған соң жүргізілетін бақылау.

Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім бағасы мен қорытынды бақылаудың бағасынан тұрады. Ағымдағы үлгерімді бағалау пән бойынша қорытынды бағаның 60% құрайды. Емтихан бағасы пән бойынша қорытнды бағанның 40% құрайды.

Студенттің білімін бағалау балдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару арқылы жүзеге асады.
15.1 Студенттің рейтингін қою шкаласы




Бақылау түрі

1 аралық бақылау

(РК1 %)


Апта

1 аралық бақылау қорытындысы

2 аралық бақылау (РК 1)

Апта



2 аралық бақылау қорытындысы

1

2

3

4

5

6

7

9

10

11

12

13

14

15



Қатысу деңгейі

7

1

1

1

1

1

1

1




8

1

1

1

1

1

1

1

1



Лекция конспекті

23

3

3

3

3

4

4

3




22

3

3

2

2

2

4

3

3



СОӨЖ тапсырмасын орындау

30

3

5

5

5

4

4

4




30

5

4

3

4

4

4

3

3



СӨЖ тапсырмасын орындау

30

4

4

4

4

4

4

6




30

2

4

4

4

4

4

4

4



Рубеждік бақылаудың тапсырмасын орындау

10



















10




10






















10



























































Барлығы

100

























100




























Қорытынды бағасы бойынша үлесі

























30%

























30%

15.2 Қорытынды бағаны есептеу

Пән бойынша қорытынды баға пайыздық мазмұнда келесі формула бойынша есептеледі:


И% = Р1+Р2 х 0,6 + Э х 0,4

2

мұндағы:

Р1 –1- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;



Р2 – 2- рейтингті бағалаудың пайыздық мазмұны;

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны (тест-емтихан).


15.3 Студенттің оқу жетістіктерінің балдық- рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағалау және сәйкесінше бағалаудың дәстүрлі шкаласына аудару


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдардың сандық баламасы

Оқу пәнін меңгерудің %-қ мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

A

4,0

95-100

үздік

A-

3,67

90-94




B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз



15.4 Академиялық тәртіп саясаты

Үлгі




Тәртіпті бағалау критерийлері

Баллдар саны*

1.

Сабақтан кешігу

-2

2.

Сабақ кезінде ұялы телефонмен сөйлесу

-2

3.

Практика (семинар) сабақтарына белсене қатысу

+2

4.

Басқа да критерийлер

-

.
13. Мамандандырылған аудиториялар тізімі



п/п

этаж

аудитория

1

5

506, 507, 510, 520

2

4

407, 410, 413, 413а

3

2

200, 211, 212, 214


Алматы экономика және статистика академиясы

«Қаржы» кафедрасы

ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
«Қаржы нарығы және делдалдары» пәні бойынша
«5В050900- Қаржы» мамандығы

Алматы, 2012 ж.



1- тақырып. Қаржы нарығының инфрақұрылымы және оның құрамдас элементтері

Дәріс тапсырмасы:

  1. Қаржы нарығының, делдалдар және қатысушылар түсінігі.

  2. Қаржы нарығы және оның құрылымы

  3. Қаржы нарығының функциялары

  4. Қазақстандағы қаржы нарығының құрылымы




    1. Қаржы нарығының, делдалдар және қатысушылар түсінігі

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарынынң қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын щоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылады, онда қаржы ресурстары саушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:



  1. Үй шаруашылығы (жеке тұлға);

  2. Меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;

  3. Мемлекеттік басқару органдары.

Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілермен мемлекетке қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шатпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай – ақ делдал институттардыңмүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.

Нарықтық экономика – өндірісті әлдеқайда тиімді ұйымдастырудың формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл маынада, қаржы нарығы- ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам әл- ауқыттын қажетті деңгейіне қол жетіку және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың саларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәкелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндіірсті ұйымдастырудың озық формасы.

Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар әртүрлі экономика субъектілерінің тарпынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалын ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстардың жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер-қаржы нарығы емес. Ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы-бұл ең алдымен әртүрлі экономика субъектілернің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғы шарттарға мына факторларды жатқызуға болады:



  1. Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлі барынша азайту;

  2. Монополияны шектеу және бәсекелестік дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;

  3. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемкеттік зайымдарды яғни облигацияларды және басқада мінднттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;

  4. Бағалы қағаздарға инвестициялану мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналы­сының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қар­жы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнет­ақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алу­шыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.




    1. Қаржы нарығы және оның құрылымы

Әрбір елде мазьұны мен ерекшелігін мүмкіндігінше толық ашатын қаржы нарығының құрлымы тән. Қаржы нарығының құрлымына қатысты ғалым-экономистердің пікірлері әр түрлі. Сондықтан да оның ғалымдар ұсынған кейбір түрлерін қарастырып, содан соң Қазақстанға тән қаржы нарығының құрлымы анықталады.



Г.С.Сейтқасымовтың жетекшілігімен жазылған оқұлықтағы қазақстандық ғалымдар тобын көз қарастары бойынша қаржы нарығының құрлымы өзара байланысты және бірін-бірі толықтыратын, дербес қызмет етуші нарықтардан тұрады.

  1. Қолма-қол ақша айналысы мен қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және т.б.) функциясын орындайтын нарық. Белгілі болғандай, ақша нарығы инфляцияның ықпалында болады, егер соңғысы белгілі бір шектен аспаса, жағымды рөл ойнауы мүмкін. Мәселен, егер ЖІӨ жыл сайын 5%-ға өсіп, ал айналыстағы 6-7%-ға артатын болса, онда бұл өскен ЖІӨ-нің сатылуын жеңілдетіп, экономикада жағымды процесті тудырады. Егер жыл сайынғы өсімі 5%-ды құрайтын жалпы ЖІӨ-де айналыстағы ақшаның саны 10%-ға артса немесе одан да көп болса, онда қалыпты экономикалық процесті бұзатын өршімелі инфляция орын алады.

  2. Ссудалық капитал нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банк несиелері. Осы уақытқа дейін Қазақстанда қысқа мерзімді арзан несие болған емес. Елде қызмет ететін коммерциялық банктер оны тек сенімді қамтамасыз ету әрі жоғары пайыз-шарттарымен ғана береді. Негізгі құралдарды құруға және жаңғыртуға қажетті ұзақ мерзімді несиені тек өзгермелі (кезең сайын қарастырылатын) пайыз мөлшерлемесі бойынша алуға болады.

  3. Қазақстанда көптеген жылдар бойы бағалы қағаздар нарығы мүлдем болған жоқ. Және 90-шы жылдардың бас кезінде басталған оның дамуы белгілі бір уақытта талап етеді, өйикені ол меншік қатынастарын қайта құрумен (ең алдымен мемлекеттік кәсіпорындарда жекешелендірумен және акционерлеумен) және мемлекет қаржы саясатының барлық сипатын өзгерумен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда мемлекет бюджет тапшылығының орны толтыру үшін эмиссиялық ақшалай белгілерге емес, мемлекеттік бағалы қағаздарды, мәселен, мемлекеттік қазынашылық қысқа мерзімді міндеттемелерді шығаруға жиі қадам жасайды. Бағалы қағаздар нарығын екі ұстаным тұрғысынан бағалауға болады: әр түрлі көздердегі ақша қаражаттарды тартудың көлемі тұрғысынан және бос ақша қаражаттарды қандай да бір нарыққа жұмсау.

Бос ақша қаражаты көптеген салаларды инвестициялау үшін пайдалануы мүмкін: өндірістік немесе басқа шаруашылық қызметте (өнеркәсіп, құрылыс салу, сауда, байланыс), жылжымайтын мүлікте, антиквариатта, бағалы металдарда, егер отандық валюта құнсызданатын болса-валютада, зейнетақы мен сақтандыру қорларында, әр түрлі бағалы қағаздарда, банк депозитіне салынатын ақша.

    1. Қаржы нарығының функциялары

Қаржы нарығынының негізгі функциялары мыналар:

  1. Реттеушілік – оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін - өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

  2. Ақпараттық – қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;

  3. Бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын экононмиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарнының бөлінуіне әсер етеді;

  4. Коммерциялық – қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі;

  5. Баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықты еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарынынң қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын щоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылады, онда қаржы ресурстары саушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:

  1. Үй шаруашылығы (жеке тұлға);

  2. Меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;

  3. Мемлекеттік басқару органдары.

Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілермен мемлекетке қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шатпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай – ақ делдал институттардыңмүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.

Нарықтық экономика – өндірісті әлдеқайда тиімді ұйымдастырудың формасы. Бұл көптеген әлем елдерінің даму тәжірибесімен дәлелденген. Қазақстан республикасы үшін шаруашылық жүргізудің жаңа әдістері қаржы нарығының әлуетті мүмкіндіктерін, ең алдымен елдің жан-жақты өсуін қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді пайдалануды талап ететін еркін нарыққа өтуді білдіреді. Бұл маынада, қаржы нарығы- ғылыми-техникалық прогрестің базасында дамитын, жалпы қоғам әл- ауқыттын қажетті деңгейіне қол жетіку және экономикалық тиімді өсу үшін барлық экономиканың саларын ресурстармен қамтамасыз ететін жеке бастамалар мен бәкелестікке үлкен мән беретін қоғамдық өндіірсті ұйымдастырудың озық формасы.

Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар әртүрлі экономика субъектілерінің тарпынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалын ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстардың жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер-қаржы нарығы емес. Ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы-бұл ең алдымен әртүрлі экономика субъектілернің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғы шарттарға мына факторларды жатқызуға болады:



  1. Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлі барынша азайту;

  2. Монополияны шектеу және бәсекелестік дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;

  3. Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемкеттік зайымдарды яғни облигацияларды және басқада мінднттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;

  4. Бағалы қағаздарға инвестициялану мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналы­сының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қар­жы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнет­ақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алу­шыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі рөлді ойнайды. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет