Аудитті жоспарлау мақсаты мен принциптері 300 "Жоспарлау" деп аталатын ХАС-ында жоспарлаудың негізгі мақсаты аудитті тиімді жүргізуді қамтамасыз ету деп көрсетілген.
Аудитор жұмысын дұрыс жоспарлау аудиттің маңызды саласында қажетті көңіл бөлуге, потенциалды проблемаларды анықтауға және жұмысты уақытында аяқтауға көмектеседі. Сонымен қатар жоспарлау аудитор ассистенттері арасында тапсырманы дұрыс бөлуге және басқа аудиторлар мен сараптаушылар орындайтын жұмысты үйлестіруге көмектеседі.
Тексеруге қатысы бар дәлелдеулерді жеткілікті көлемде жинау аудитор өзіне кәсіби жауапкершілікті алу үшін қажет. Сонымен бірге, жинақталған дәлелдеулер құны төмен болуы керек. Аудиторлық дәлелдеулердің ең төмен құны үшін қам жеу жұмысты жоспарлау кажетгілігін көрсетеді. Сондықтан, аудиторлар әр тексеру үшін мақсаты төмендегідей болатын жоспар құруы керек:
Аудиторлық процедуралардың қажетті көлемін анықтау;
Тексеруді жүргізу шығындарын бағалау;
Аудитті жүргізу сапасын қамтамасыз ету.
Аудит жоспарын құру аудитті жүргізудің жалпы принциптері, сонымен бірге келесідей принциптерге сәйкес іске асырылады:
Жоспарлаудың кешенділігі;
Жоспарлаудың үздіксіздігі;
Жоспарлаудың оптималдылығы.
Аудитті жоспарлаудың кешенділігінің принципі, жоспарлаудың алдын ала аудитгің жалпы жоспары мен бағдарламасын құруға дейінгі барлық кезендеріндегі өзара байланыспен келісімділікті қамтамасыз етуді көздейді.
Аудитті жоспарлаудың үздіксіздігі принципі аудиторлар тобына өзара байланысты тапсырмаларды орнату мен жоспарлау кезеңдерін, мерзімдері мен құрылымдық бөлімшелері бойынша байланыстыруды көздейді.
Аудитті жоспарлау оптималдылығы принципі аудиторлық ұйымның өзі анықтаған критерийлер негізінде аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының оптималды вариантын таңдау мүмкіндігі үшін жоспарлау варианттылығын қамтамасыз етуді көздейді.