Аудитті жоспарлау кезеңдері Жоспарлау - бұл аудитті тиімді орындауға және бір мезгілде елеулі кезендердің байқалмай қалу қаупін төмендетуге мүмкіндік беретін процесс. Жоспарлау — бұл кез келген тексеруді жүргізу процесінде қайталанылатын аудиторлық шаралар тізімдерін жай механикалық құру емес. Әр клиент жеке тұлға және бұны жоспарлау кезінде есте ұстау қажет. Аудиторлар өз жұмысын тексерілетін ұйыммен танысудан бастауы керек. Бұл үшін құрылтайшылар құжаттарын, қызмет түрлерін және олардың лицензияларын, есеп саясатын және т.б. зерттеу қажет. Ұйым басшылығы мен мамандармен әңгімелесіп, қаржылық есеп берумен, оның негізгі көрсеткіштерімен танысу қажет. Бұл клиент қызметінің масштабын анықтау үшін керек. Ұйымды алдын ала зерттеу нәтижесінде ғана алдағы жұмыс көлемінің шамасын және еңбек сыйымдылығын, сонымен қатар аудит ұзақтылығын анықтауға болады. Жұмыс көлемі, оның қиындылығы мен ұзақтығына байланысты аудит құны анықталады.
Жоспарлау процесін келесідей кезеңдерге бөлуге болады.
Алдын ала жоспарлау
Клиент туралы жалпы ақпаратты жинау
Маңыздылық пен аудиторлық тәуекелдікті бағалау
Ішкі бақылау жүйесін бағалау
Аудиттің жалпы жоспарын мен бағдарламасын даярлау