Алматы экономика жєне статистика академиясы


Аудитті басқарудағы компьютерлер



бет93/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103
Байланысты:
Аудит

Аудитті басқарудағы компьютерлер
401 "Компьютерлік ақпараттық жүйелік ортадағы аудит" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында компьютерлік ақпараттық жүйелік ортада аудиттің жалпы мақсаты мен масштабы өзгермейтіндігі атап көрсетілген. Алайда компьютерді пайдалану қаржылық ақпараттарды өңдеу, сақтау және тапсыру процессін өзгертеді және субъект пайдаланатын бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесіне әсерін тигізуі мүмкін.
Бұл стандарттың мақсаты клиентте жұмыс істейтін компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайында аудитті жүзеге асыру кезінде аудиторлық ұйымның іс-әрекетін анықтау болып табылады.
Стандарттың міндеттері:

  • компьютерлік ақпараттық жүйе жағдайында аудит өткізу кезінде аудиторлық ұйымдарға қойылатын негізгі талаптарды анықтау;

  • клиент пайдаланатын компьютерлік ақпараттық жүйені бағалау үшін аудиторлық ұйым шақырған (тартқан) мамандарға қойылатын негізгі талаптарды қабылдау;

  • компьютерлік ақпараттық жүйелік ортада аудитті жоспарлау ерекшеліктерін сипаттау;

  • компьютерлік-ақпараттық жүйе жағдайында аудиторлық тәуекелдікті анықтау;

  • компьютерлік-ақпараттық жүйе жағдайында басқару құралдарын анықтау.

Кәсіпорынньщ аудитін жүргізу кезінде аудиторлық ұйымға қойылатын негізгі талап оның компьютерлік ақпараттық жүйелік ортасын, сонымен бірге клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесінің тікелей аудит процессін жүргізуге әсер етуін зерттеу болып табылады. Бұл аудитордың бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйелері туралы мағлұмат алуы кезінде аудиторлық процедураларға компьютерлік ақпараттық жүйелердің әсер ететіндігін білдіреді.
Клиенттің ішкі бақылау жүйесін, шамаланған тәуекелдіктерді бағалау және тиісті бақылау тестілері мен объектіге қатысты процедураларды орындау үшін аудитордың компьютерлік ақпараттық жүйелер бойынша жеткілікті білімі болуға тиісті.
Егер арнайы біліктілік (квалификация) қажет болса, аудитор сондай біліктілікті меңгерген маманнан көмек сұрауға тиісті.
401 "Компьютерлік ақпараттық жүйелік ортадағы аудит" деп аталатын Халықаралық аудит стандартына сәйкес тексеруді жоспарлау кезінде аудитор клиенттің компьютерлік ақпараттық жүйесінің маңыздылығы мен жұмыс істеу күрделілігі жөнінде мағлұмат алуға тиісті. Егер ақпараттарды өңдеу кезінде пайдаланушыларға олардағы қателерді түзету, операциялардың көлеміне байланысты, қиынға түсетін болса, онда бухгалтерлік бағдарламаның күрделі болғаны. Сондай-ақ, жоспарлау процессінде аудиторға компьютерлік ақпараттық жүйенің қызметтік міндеттерді шектеуге әсер етуін қарастыру қажет.
Қазіргі жағдайда білімі төмен персонал мәліметтерді өңдеу жүйесіндегі осалдау звено болып табылады. Тәуекелдік аудитордың біліктілігімен (квалификациясымен) де байланысты болуы мүмкін. Бұл есеп мәліметтерін өңдеу жүйесін дұрыс бағаламауға, тестілер құруда жаңылысып кетуге, нәтижелерді қате түсіндіруге байланысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, егер аудит процессіне мәліметтерді компьютерлік өңдеу бойынша қосымша мамандар қатыстырылатын болса, онда ол ақпараттардың шығып кету қаупін жоғарылатуы мүмкін. Коммерциялық құпияны сақтау аудиторлардың компьютерлендіру саласында біліктілік деңгейін көтеру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Аудитордың жұмысын жеңілдету мақсатында компьютерлер төмендегі қажеттіліктер үшін пайдаланылуы мүмкін:
- клиенттің есвп жүйесіне зерттеу жүргізу кезінде блок-схема құру үшін. Блок — схемаларды құру жөніндегі бағдарламалар аудиторларға дәл (анық), жақсы дайындалған блок схемаларды құру кезінде көмек көрсетуі мүмкін. Бағдарламалар өздерінің жүйеге аудитордың орнына талдау жасай алмайтындығына қарамастан, олар жеңіл оқылатын нәтижелерді береді және компьютерлік жүйенің өзгеруі кезінде жаңартылуы мүмкін. Ал блок-схемаларды қолмен жасау кезінде ондай мүмкіндіктер болмайды.
- толық ақпараттарды сақтау үшін:
а) мәліметтердің барлық файлдары бойынша (сақтау құралдары, ұйымдастыру, маркирлеу, қайталау құрылғылары);
ә) жүйені тексеру нәтижесі және аудитор жүргізген жүйені бақылау құралдарының тиімділігі бойынша;
- аудиторлық тәуекелдікті бағалау үшін.
Аудитор компьютерге клиент жүйесінің әртурлі келісімдері бойынша өзінің бағасын енгізуіне болады. Компьютер бұл ақпаратты бағдарламалардың біріне жаза алады сонымен бірге сараптамалық жүйелік бағдарлама арқылы тестілеудің қажетті деңгейі бойынша нұсқаулар бере алады.
- аудит бағдарламасын дайындау үшін.
Аудит бағдарламалары компьютерде терілуі мүмкін, бұл, әрине, келесі жылдары ақпараттарды жаңарту процессін жеңілдетеді. Кейбір фирмаларды компьютерлік мәліметтік базада сақталатын стандартты аудиторлық тестілер болуы мүмкін. Тест жүргізу қажеттілігіне қарай олар мәліметтік базадан аудит бағдарламасына көшіріледі. Бұл, әрине, барлық тексті компьютерде қайта теруге қарағанда әлдеқайда аз уақыт алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет