Іріктеуді жоспарлау Аудиторлық іріктеудің көлемі мен құрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің ерекше мақсатын, үлгілер алынатын мәліметтер жиынтығын, олардың көлемі мен алу әдістерін назарға алуға тиісті.
Мәліметтер жиынтығы—тиісті қорытынды пікірлерді құрау мақсатында іріктеу жасау үшін аудитор негізге алатын мәліметтер кешені. Мысал ретінде баланс құру сәтіне дебиторлық борыштардың барлық баптарын және жыл ішінде алынған барлық тауарлар мен күзметтерді қарастыруға болады. Мәліметтер жиынтығының өзіне тән маңызды сипаты оның біркелкілігі, яғни, ол тура сондай немесе сонымен бірдей бөліктерден тұруға тиісті.
Мәліметтердің жиынтығы бір жылдағы еңбек ақы бойынша барлық сметалардан тұрады делік, бірақ аудитор жылдың ортасында еңбек ақыны есептеуге жауапты адамның ауысқандығын біледі. Аудитор қатенің болу мүмкіндігі жауапты тұлға ауысқаннан кейін оған дейінгіге карағаңда жоғарырақ екендігі жөнінде қорытынды жасай алады. Сондықтан, шын мәнінде мәліметтердің жиынтығы екеу болады. Әрбір іріктеудің жоспары басқалардан өзгеше болуы керек.
Мәліметтер жиынтығынан іріктеу жасау оның толықтығын көрсете алмайтындығын ескеру керек. Мәліметтердің азайғандығын (немесе толықтығын) тексеру бастапқы құжаттардан басталып қаржылық қорытынды есеппен аяқғалғанға дейін жүзеге асырылуға тиісті.
Жиынтық страталарға немесе кіші жиынтықтарға бөлінуі мүмкін. Мұндай кезде әрбір страта жеке-жеке тексеріледі. Яғни, "жиынтық" терминінің ішіне "страта" термині кіреді.
Стратификация—жиынтықгы әрқайсысы ұқсас сипаттарымен (жиі кездесетін ақшалай құн) іріктеу бірліктерінің тобы болып есептелінетін кіші жиынтықтарға бөлу процессі.
Стратификация мәліметтер жиынтығының шегінде баптардың өзгеру дәрежесін төмендету үшін қолданылады және аудиторға өзінің назарын каржылық кателердің болу ықтималдығы жоғары салаға аударуға мүмкіндік береді. Ол іріктеу көлемін азайтуға жағдай жасайды.
Егер аудитор көтеріп жіберу фактісін анықтау мақсатын көздесе және өте ірі қателер жекелеген ірі баптарда жіберілуі мүмкін деп есептесе, онда құн бойынша стратификация өткізуіне болады.
Іріктеу көлемі. Іріктеу көлемін анықтау кезінде аудитор іріктеу тәуекелдігін, жіберілетін қателердің санын (жіберілуі мүмкін қателер) және қатені табу дәрежесін (болжамды қателер) ескеруге тиісті.
Жіберілетінқате—аудитор қабылдайтын және сол кезде өзінің мақсатына қол жеткізгендігі туралы қорытынды жасайтын мәліметтер жиынтығындағы ең көп қателер. Бұл аудитордың бақылау процедураларының орындалмау жағдайларының белгілі бір сайын қабылдайтындығын және ол процедураларды тиісінше ішкі бақылаудың орындайтындығы туралы қорытынды жасайтындығын білдіреді. Демек, аудитор іріктеу кезінде маңызды қателердің белгілі бір санын қабылдайды және сол кезде іріктеу жасалынған мәліметтер жиынтығында елеулі бұрмалаушылық жоқ деген қорытынды жасайды.
Жіберілетін (жіберілуі мүмкін) қате жоспарлау кезеңінде және де объектіге қатысты тексеру жүргізу процедураларын жүзеге асыру жағдайында қарастырылады, сондай-ақ аудитордың маңыздылық туралы пікірлеріне қатысы бар. Жіберілетін қате аз болған сайын, іріктеу көлемі үлкен болуға тиісті.
Болжамды қателер. Егер аудитор мәліметтер жиынтығында қате бар деп болжайтын болса, онда үлкен көлемдегі іріктеуді зерттеу қажет. Егер аудитор мәліметтер жиынтығында қате жоқ деп есептейтін болса, онда іріктеудің кішкене көлемі ақталған болып табылады.
Мәліметтер жиынтығында болжамды қателерді анықтау кезінде аудиторлар өткен тексерулердің барысында анықталған қателердің саны, субъект қызметіндегі өзгерістер сияқыы факторларды есепке алады. Баска процедураларды жүзеге асыру арқылы алынған дәлелдеулер есепке алынады.
Аномальдық (ауытқушы) қате—кейбір нақты жағдайлардан басқа жағдайларда қайталанбайтьш, және сондықтан да жиынтықта қатені көрсетпейтін, бөлек (оғаш) оқиғалардың салдарынан туындаған қате.