Іріктеу үлгілерін таңдап алу Аудиторлар баптардың үлгілерін олар мәліметтердің барлық жиынтығын көрнекті түрде көрсететіндей етіп іріктеп алуға тиісті.
Іріктеудің негізінде дұрыс қорытынды жасау үшін мәліметтер жиынтығына тән болып табылатын үлгілерді таңдап алу қажет. Мәліметтер жиынтығының барлық баптары үшін олардың тандалып алынатындығына белгілі бір ықтималдық бар болуға тиісті.
Еркін (өз бетімен) таңдап алу. Қарапайым еркін іріктеу-бұл, мәліметтер жиынтығының барлық баптарының іріктеліп алынуға бірдей мүмкіншіліктері болатын таңдап алу әдісі. Сондықтан үлгі мәліметтердің барлық жиынтығын жалпы түрде көрсетеді. Мұндай кезде компьютерлік бағдарламалардың немесе кездейсоқ сандардың кестелерінің көмегімен кездейсоқ сандардың іріктемесі пайдаланылады. Еркін таңдаудың қолайлы альтернативі—кездейсоқ тандап алу болып табылады.
Кездейсоқ таңдап алу—бұл, жүргізілу барысында мәліметтер жиынтығын құраушы барлық баптардың таңдалып алынуына бірдей мүмкіншілік беруге аудитор ынталанатын тандап алу процессі. Аудитор баптарды таңдап алу кезіңде әдейі жасалынатын қарым-қатынастар мен болжамдардан аулақ болуға тырысуға тиісті. "Жеңіл" болып көрінуі мүмкін баптарға, мысалы, белгілері (таңбалары) жоқ, түзетулер (корректировка) жасалынбаған немесе жай орналасқан баптарға, артықшылық беруге болмайды. Сонымен бірге тек ағымдағы кезеңдегі баптарды зерттеуге немесе баптарды олардың көлемі үшін саналы түрде таңдап алуға не болмаса олардың ерекше көрінгендігі үшін зерттеуге жол берілмейді. Кездейсоқ таңдау еркін таңдаудың альтернативі ретінде теріс емес түсініктердің, талаптарын сақтау шартымен қолданылады.
Құны бойынша таңдап алу. Мұндай жағдайда мәліметтер жиынтығын іріктеу ретінде баптар емес, ақша бірлігінің құны пайдаланылады. Құн бойынша тандап алудың артықшылығы жоғары көрсеткіш құны бар баптардың таңдалып алынуы мүмкіншіліктердің үлкен болуында. Сондықтан аудитордың негізгі назары соларға бағытталады. Әрбір өлшем бірлігінің және де әрбір баптың мүмкіншіліктері бірдей болғандықтан, бұл әдісті пайдалану кезінде мәліметтер жиынтығының барлығын сипаттайтын үлгілерді таңдап алуға болады.
Мұны құны төмен баптар іріктеуге жатпайтын және де, сөйтіп, оның нәтижесі мәліметтер жиынтығының барлығын сипаттай алмайтын, белгілі бір құннан артық баптарды 100 % тексерумен шатастыруға болмайды. Әрбір баптың таңдалып алыну мүмкіндігі пропорционалды түрде осы баптың құнына байланысты болады, және нақты бүтіндей стратификацияланған үлгі таңдалып алынады. Құн бойынша іріктеу кезінде шоттың қалдығындағы әрбір баптың жалпы кумулятивтік ақшалай құны алынады; бұл процесс егер компьютер қолданылатын аудиторлық әдіс пайдаланылмайтын болса, көп уақыт алуы мүмкін.
Жүйелі тандап алу. Үлгілерді жүйелі түрде таңдап алу кезінде аудитор мәліметтер жиынтығының көлемін іріктеудің көлеміне бөлу арқылы іріктеудің бірыңғай интервалын анықтайды. Еркін басталған нүктені анықтағаннан кейін іріктеу интервалына сәйкес келетін әрбір бап іріктеледі. Мысалы, іріктеуге жататын жиынтық 600 баптан тұрады, іріктеу көлемі-50, ал іріктеу интервалы-12. Бірінші 12 баптың біреуі басталған нүкте ретінде таңдалады, ары қарай да әрбір 12-ші бап таңдалып отырады. Басталатын нүктені анықтау кезінде бірінші 12 баптың (біздің мысалымыздағы) әрқайсысының таңдалып алыну мүмкіншіліктері бірдей болуға тиісті.
Жүйелі тандап алу (іріктеу) әсіресе ақшалай емес мәліметтер жиынтығына (мысалы тауарларды жөнелту құжаттарына) іріктеу жүргізу кезінде ыңғайлы.
Жүйелі таңдап алу кезінде туындайтын проблемалардың бірі іріктелген үлгілердің, егер олар ерекше жағдайларда құрылған болса, мәліметтер жиынтығын жалпы сипаттай алмайтындығы болып табылады. Мысалы, егер мәліметтер жиынтығындағы әрбір 50-ші баптың ерекше сипаттамасы болса, онда жүйелі таңдап алу іріктелген үлгілерде сондай сипаттағы баптардың мәліметтердің барлық жиынтығындағыларға қарағанда көп немесе аз болуына алып келуі мүмкін. Әрине, ол тәжірибе сирек кездеседі.