Компьютермен қамтамасыз ету бөлімінде бақылаудың жинақталуы (шоғырлануы). Процедураларды стандарттау және кәсіпорынның компьютерлік ресурстарын пайдалану қажеттілігі бақылаудың компьютермен қамтамасыз ету бөлімдеріне жинақталуына (шоғырлануына) алып келді, бұл, әрине, потенциалдық кемшілік болып табылады.
Әдетте, компьютерлік ақпараттық жүйе саласында мәліметтерді өңдеумен айналысатын адамдардың саны ақпараттарды қолмен өңдейтін мамандарға қарағанда аздау. Ақпараттарды өңдеуге жауапты қызметкерлер мәлімет көздері мен оларды өңдеу және нәтижелер алу байланыстары жөнінде егжей-тегжейлі білімді меңгерген бірден-бір тұлға болуы мүмкін. Мұндай адамдардың бағдарламаны немесе мәліметтерді өзгертуге мүмкіндігі бар.
Көптеген компьютер пайдаланушылар бұл қауіпті компьютермен қамтамасыз ету бөлімі қызметкерлері арасында міндеттемелер бөлінетін және басқа бөлімдерге (пайдаланушыларға) өңделген мәліметтердің дәлдігін тексеруге мүмкіндік беретін бақылау процедураларының өзгеруі арқылы төмендетеді.