Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын даярлау Алдын ала жоспарау процессінде алынған мәліметтер негізінде аудитор жалпы жоспарды дайындауға, оның негізінде тексеру бағдармаларын дайындауға кіріседі.
Аудитордың басқа жұмыс қағазына қарағанда жалпы жоспар дайындау процессінде ұйым басшылығымен талқыланады. Бұл аудиторлар мен клиент мамандары жұмысын үйлестіру арқылы аудиторлық тексеру тиімділігіне көмектесуі мүмкін.
Аудиттің халықаралық тәжірибесіндегі стандарттары мемарандумы әрекет ететіндігін атап өту қажет. Онда әр тапсырмаға қатысты процедуралардың алғашқы қорытындыларының нақты мәліметтері аудиторлық тестілер мен талдау процессінің нәтижесі болған процедураларды түзетулері және қосымшаларымен бірге жазылған.
300 "Жоспарлау" ХАС-ына сай аудитор аудиттің жалпы жоспарын іске асыруда қажетті жоспарланған аудиторлық процедуралар сипатын, оны жүргізу уақыты мен көлемін анықтап, аудит бағдарламасын дайындап, құжатты түрде толтыруы керек. Сонымен бірге ол аудиттің дұрыс орындалуын бақылау тәсілі болып табылады және онда әр бөлім бойынша мақсаттар және уақытша бюджеттер көрсетілуі мүмкін.
Аудит бағдарламасы былай әрекет етеді:
аудитордың ассистент топтары үшін нұсқаулар тізімі;
аудиторлық топ жұмысының сапасын бақылау құралы;
аудит мақсаттарын, өткізу уақытын, тандау көлемін және әр сферадағы таңдау негізін өзгертуді қажет ететін аудиторлық процедуралар жазбасы.
Бағдарлама аудиторлық тексеру құжаттамасының маңызды бөлігі болып табылады және онда аудиторлық тұжырымдаманы дәлелдеу үшін қажет аудиторлық дәлелдердің маңызды бөліктері жазылады. Ол бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы түрінде және негіз бойынша процедура түрінде құрылады.
Бақылау құралдары тестілерінің бағдарламасы ішкі бақылау мен аудит жүйесінің әрекет етуі туралы ақпаратты жинауға арналған әрекеттер жиынтығының тізімін көрсетеді. Негіз бойынша аудиторлық процедуралар бухгалтерлік есепте айналымдар мен шоттар бойынша сальдоның дұрыс көрсетілуін жан-жақты тексеруді қамтиды. Бұл үшін аудитор бухгалтерлік есептің қандай бөлімдерін тексеретінін анықтайды және бухгалтерлік есептің әр бөлімі бойынша аудит бағдарламасын құрастырады.
Аудторлық жоспарлар аудитты жүргізу кезінде қажеттілігіне қарай қайта қарастырылып отыруы керек. Барлық мақсаттар мен бір бөлім бойынша тестерді қамтитын аудиторлық бағдарлама мысалын келтірейік (жалақы).