Алматы экономика жєне статистика академиясы


Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті



бет75/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103
Байланысты:
Аудит

Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті
Аудиттің халықаралық стандарттарының терминдері глоссариясында қаржылық есептемедегі бұрмалауға анықтама берілген. "Бұрмалау — қателер немесе алаяқтық салдарынан пайда болуы мүмкін қаржылық ақпараттағы дәл болмаушылық".
Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес.

  • Қаржылық есеп беруді әдейі бұрмалау клиент персоналының әдейі жасаған әрекетінің (немесе әрекет жасамауының) нәтижесі болып табылады. Олар пайдаланушыны шатастыру үшін бас пайдасының мақсатын ойлаумен іске асырылады.

  • Қаржылық есеп беруді әдейі емес бұрмалау персоналдың әдейі әрекетінің нәтижесі болып табылады. Ол есептеулердегі қате, шаруашылық операциялар есебінде мұқият көрсету салдарынан болуы мүмкін.

Аудиторлық фирма тексеру жүргізу жөнінде қаржылық есеп беруде бұрмалау болуын ескеруі қажет, бірақ бұрмалау болуын көрсететін фактілерді әдейі іздеп керегі жоқ.
Бұрмалау анықталған жағдайда аудитор тексерілген есеп берудің нақтылығын барлық бар әрекет ететін аспектілерде бағалауы керек.
Ол қаржылық есеп беруге қатысты елеулі сипаттағы бұрмалау жалпы алғанда анықталады деген нақты сенімділікке ие болу үшін қажетті процедураларды дайындау керек. Егер дайындалған процедуралар алаяқтық пен қате фактілері туралы күмәнді сейілтпесе, аудиторлар оны субъект басшылығымен талқылап, бұл сұрақ қаржылық есеп беруде дұрыс көрініс тапты ма, соны қарауы керек.
Алаяқтық фактісі анықталған кезде аудиторға оған субъектінің жоғары басшылық өкімдерінің қатысу ықтималдылығын анықтау қажет. Алаяқтыққа қатысы бар деп сезік тудырған қызметкерлерге жауапты адамнан гөрі жоғарырақ лауазымды адамдарды хабардар еткен дұрыс болады. Егер жоғары басшылық алаяқтыққа қатысты деп есептелсе аудиторға зандық кеңеске жүгінуге тура келеді. Егер субъект аудитордың қаржылық есеп беруге елеулі әсер етуі мүмкін алаяқтық немесе қателер фактілерінің нақты ыемесе ықтимал анықталуын бағалауына қажетті дәлелдерді жеткілікті алуына кедергі жасаса, онда аудитор тексеру масштабын шектеу туралы ескертпемен пікірін білдіреді және пікірді білдіруден бас тартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет